Кіру
You can authorize on site with:
Google Vkontakte Mailru

«Балалардағы бронх демікпесі»02.07.2018ж.

Статистика бойынша бүгінгі таңда ғаламшардың әрбір бесінші адам аллергиямен зардам шегеді. Дүние жүзілік денсаулық сақтау Ұйымының болжамы бойынша егер де ХХ ғасыр жүрек-қан тамырлары ауруы ғасыры болса, ХХІ ғасырды аллергия ғасыры деп атап отыр.

Халықаралық статистиканың есебі бойынша жыл сайын аллергиямен ауыратындар орта есеппен 15-20% құрайды.

Аллергологиялық патология адамдардағы жас кезінен бастап қалыптасады. Тіпті нәрестелік кезеңнен бастап –ақ аллергия  тамақтан және дәріден туындайдап аллергиялық ауру  ас қорыту органдары мен  респираторлық тыныс алу жүйесі және басқа да органдарға одан әрі қалыптаса келе ол енді ересектерде созылмалы ауруға айналады.

Статистикалық анықтамаларға қарағанда үш баланың біреуі атопиялық дерматит және демікпенің дамуымен аллергияляқ ринит болып отыр.

Бронх  демікпесі деген не?

Бұл ауру яғни кейбір заттарға брохтың қайта белсенділігі жоғарылатушы (қоздырушы факторлар), бронх обструкциясының дамуына  алып келеді (бронх өтуі бұзылады). Бұлндай қалыпта  бронх обструкциясы синдромы  жағдай деп аталады. Аталаған жағдай ұзақ уақыт созылса, онда ауру барысында созылмалы түріне айналады. Статистикалық анықтамаларға қарағанда бұл ауру балалрдың 10% кездеседі. Қыз балаларға қарағанда ұл балаларда анағұрлым жиі болады. Аурудың өршу шегі 4-10 жасты құрайды.

Қауіп факторы

Қауіп факторы ішіндегі маңыздылары келесідей бөлуге болады:

-Алдан ала генетикалық орны: аурудың қандай аллергиясы болуына қарай, отбасында  бронх демікпесі дамуына жоғары ықтималдығы (атопиялық дерматит және демікпенің дамуымен аллергияляқ ринит). Барлық уақытта аурудың дамуына алдан ала генетикалық орны  әкеп соқтырмайды. Егер балаға басқа жағымсыз факторлар әсер етпесе, онда ауру өмір бойы  оған әсер етпейді.

- Ауаның ластануы: Өндірістік зауыттарға,  фабрикаларға және үлен магистралдардың маңында тұратын балаларда бронх демікпесі қаупі өте жоғары болады.

- Тамақ өнімдері : Өндірістік әдіспен дайындалаған ас-ауқат. Мұндай тағамдарға құрамына дәмдеуіштер мен бояғыштар синтетикалық қоспалар өте көп қосылады.Ол ас қорту трактатына барған соң ол күшті реакцияға түсіп аллергия туғызады.

Тұрмыстық химия: Бұйымдардың көпшілігінің құрамында әртүрлі порфимдік қоспалар мен әтірлер болады. Бұз заттарғы  тітіркендіруші қоздырғыш  ағзаның  тыныс алу жолдарына әсер етеді.  Бұл өнімдермен ұзақ уақыт байланыста  болғандықтан баланың бронх демікпесін қозғап оны дамытуға әсерін тигізеді.

Бастапқы кезеңде бронх демікпесі анықтау өте қиын болады. Ата-аналардың көшілігі өз балаларын жай ғана  алллергия  немесе обстракциялы бронхит деп ойлайды. Тіпті тәжрибелі дәрігерлердің өзі  де ұстама аралығында   баладағы демікпені анықтай алмауы мүмкін. Аурудың даумуы одан әрі қолайсыз симптомдармен  сипатталып ата-аналарды алаңдатады.

Бронх демікпесі кезеңінің сипаттамасы:

Демалу барысында құрғақ сырыл  пайда болуы:

Фонендоскоппен тыңдап қарамай ақ тыныс алуы шулы болып есітіліп тұрады. Сырылы айырықша ысқырып және құрғақ боп естіледі. Бронх демікпкесінде «көкірек куысында сырнай бар» деп есептейді. Ауру күшейіп төмендеген кезде  бала өзін өзі нашар сезеді. Сәби тынышсызданып мазасыз болады. Балада ұстама кезінде экспираторлық демікпе арта түседі. Мұндай кезд  жағдайын жеңілдету үшін  сәбидің жатуына  мәжбүрлейді.Ол алдына қарап бүкшийіп еңкейеді. Басын біраз қайқайтады. Демікпе сәбилер  ұстама барысында орындықты немесе кереуетті ұстап асылып тұрады. Бұндай қалыпта қақырықтың шығып тыныс алуын  жеңілдетеді. Ұстаманың ауыр кезінде сәбиде тыныс алу жеткіліксіз болады. Ерні бозарып, ал кей жағдайда көгеріп кетеді. Ұстап көргенде аяқ-қолы мұздап кетеді.Ұстаманың ұзақтығы әрқалай болады. Ингаляторды  кешт пайдаланған жағдайда өміріне қаіп төніп – демікпе статусы. Үй жағдайында мұндай келеңсіз жағдайда туындағанда игере алмайды сондықтан медициналық жедел жәрдем  шақыру керек.

Емдеу 

Демікпені емдеу бойынша клиникалық ұсынымдарға сәйкес, аурудың әртүрлі формасына қарай сатылы болуы тиіс. Дәріні таңдап алуда  баланы кешенді түрде зерттекп тексеру қажет. Ингалятор немесе таблетка таңдап алудан алдын аурудың күрделі дәрежесін  және бронх демікпесі екенін нақты анықтау керек.

Бронх демікпесін болған баланы аллерголог-дәрігер емдейді. Дәрігер иммундық жүйені ерекше есепке ала отырып жеке ем жүргізеді.

Базалық терапия ретінде дәрілік препараттар топтарын пайдаланады.

Диета

Бронх демікпесінде емдік тамақтанудың  маңызы зор. Балада қайтадан ұстама болмауы үшін оған міндетті түрде үнемі гипоаллергиялық диета сақтау қажает.

Аллергия тудыратын негізгі топқа жататындар:

Сиыр сүтінің ақуызы

Тропикалық жемістер

Сарғыш және қызыл түсті, көкөністер мен сары жемістер,.

Теңіз өнімдері  және теңіз балығы.

Цитрустар.

Бал.

Шоколад.

Көпіршіген тәтті сусындар.

Өндірістік дайындалған көп мөлшерде дәмдеуіштер тағамдар  консервалар бояғыштар.

Демікпеден зардап шегетін балаларға тиімді мәзірі гипоаллнргендік  тамақтар, ботқа  және жетерлі дәрежедегі жасушасы бар.Нәруыз ретінде болатын: тауық индюк төс еті (тауық жұмырқасына  аллергиясы болмаған жағдайда). Гарнир  ретінде картоп езбесі, түсті қырыққыбаттан немесе картоптан жасалған.

Балалардың тағам мөлшеріне барлық жармалардың болады. Глютендік көндікпеушілігіне қарай тек тары және арпа ботқасына ғана шектеуге болады. Жасуша ретінде тамыртүйнектердің қандай түрі болса да ақ және жасыл түрі.Десерт ретінде алма және алмұрт. Өздерің жасап тұрған аймақта өсетін  жасыл жемістерді алуға тырысу керек.

Ұстама кезінде кезек күттірмейтін көмек

Бала тосаттан жағдайы жаман боп қалғанда ата-аналар нені білуі керек өз сәбиіңізге қалай көмек жасау қажет. Ол үшін жасалатын алгоритм әрекері бойынша келесідей кеңес береміз:

Ұстама белгілері алғаш пайда болған сәтте баланы бір өзін қалдырмау. Ересктеу баладан оны қай жері мазалап тұрғанын сұрау керек. Баланың демікпесі бар  жоғына назар аудару. Ол үшін бір минутта демалу әрекетін санап қарау. Мұны бағалау тіпті қарапайым: демалу кезінде қабырғасының қозғалысын бақылау.

Балаңың ыңғайлы жағдайына көмектесу. Демалуы ыңғайсыз болса, баланы шалқасынан жатқызбау керек. Бұл қалыпта ұстамасы үдеріп кетуі мүмкін. Ауаның келуін қамтамасыз ету. Егер бөлме іші қапырық болса форточканы ашу және желдету. Осы уақытта баланың суық тиіп қалуына жол бермеу. Симптомдарын жою үшін дәрігердің алдын ала берген ингаляторын пайдалану. Тезірек тиімді көмек көрсету үшін ұстамаға қарсы дәріні беру керек. Көбіне сальбутамол негізіндегі ингалятор қолданылады. Егер балаға дәрі қолданғаннан кейін де ентігіп, мұрын еріндері көгеріп жатса тез жәрдем бригадасын  шақыруға болады.

Тиімді нәтижеге жету үшін ингаляцияны бір рет пайдаланғанда үш реттен артық баспау керек. Мұндай тиімсіз пайдалану қауіпті жағдайға әкелуі мүмкін, сәбиді ауруханаға жатқызуға тура келеді.

Оңалту

Ұстама аралығында баланың жағдайын жақсарту үшін оңалту шараларын жүргізу,  сонымен қатыр оның жағдайына маңызды әсер етеді. Егер сәбиде бронх демікпесі  алғаш тіркелген болса  және ұзақ уақыт бойы жеңіл түрде болса оңалту кезінде денсаулығын тіктеп тіпті ол диагноз алынып тасталады. Оңалту шараларына қатысты:

тыныс жолдарын шынықтыру;

физиотерапиялық әдістер (ультрадыбыстық емдеу, спелеокамера, сумен емдеу, санатория-курорттық емдеу;)

кешенді  дене шынықтыру.

Профилактика

Балада қайтадан ұстамасы болмауы үшін бірнеше қарапайым  ұсынымдарға кеңес береміз:

Дәрігер тағайындаған базалық дәрілерді өз  уақытында пайдалану.

Гипоаллергендік диетаны сақтау.

Балалар бөлмесін күн сайын ылғалды тазалалау.

Жастық, көрпе-төсегін ақжаймасын егжей текжей таңдау.Олар балаға аллергия туғызатын материалдан жасалмауы керек.Ұстама аралығында оңалту шараларын жасау. Күнделікті өмірде аллергия туғызушы заттарды болдырмау.

Уақытылы аллерголог-дәрігерге қаралу.

 

Артқа
Яндекс.Метрика