Кіру
You can authorize on site with:
Google Vkontakte Mailru

Әйел маскүнемдігі24.10.2017ж.

      Әйел маскүнемдігі – бұл әйел адамның алкоголь сусындарына аномалды құмарлығымен және ішкі органдар мен мидың жасушасын зақымдауға әкеп соғатын ішімдікті жиі қолданумен байланысты наркологиялық ауру. Былай қарап тұрсақ ішімдікті елдің бәрі қолданады қорқынышты ештеңе жоқ қой, онда тұрған не бар деген ой туады. Бірақта бұл жерде әйел ағзасы және оның ішімдікке құмарлығымен байланысты өз ерекшеліктері бар.

Құрамында алкоголі бар сусындарды ауық-ауық қолдануды маскүнемдік деп санауға да болмайды. Қауіпті деп тек осы нәрсені зиянды түрде және көп мөлшерде қолданғанда ғана айтуға болады.

Әйел маскүнемдігінің ерекшеліктері

Әйел мен еркек организмінде араққұмарлық дертінің дамуының жалпы заңдылықтары ерекшеленбейді. Дегенмен әйел маскүнемдігінің өз айырмашылықтары бар. Бұларға мыналар жатады:

- әйелдердің салыстырмалы психологиялық-эмционалдық лабилдігі (тұрақсыздығы). Бұл олардың жоғары нерв қызметінде мидың логикалық әрекеті емес, интуитивтік әрекетінің басымдығын білдіреді. Сондықтан әйелдер барынша эмоционалды және стресстік факторлардың теріс әсеріне үлкен дәрежеде бейім. 

- бауырдың этанолды қайта өңдеу мен зарарсыздандыру ферменттік жүйесінің төменгі қабілеті фонында бауыр тіндерінің оның уытты әсеріне жоғары сезімталдығы. Бұл бауыр қатпасына (циррозына) тезірек жетелейді.
- нерв торшалары мен нейронаралық байланыстың нәзік құрылымы. Әйел маскүнемдігінің бастапқы сатыларының өзінде нерв импульстарының берілуі бұзылады.
- дене ағзаларындағы қан ағысының баяулығы. Мұндай ағзалар бауыр мен талақ болып табылады.

- гематоэнцефалдық кедергінің әлсіз құрылымы (миды уытты заттардан шектейтін арнайы мембрана).

- ішекте алкогольдің тез сіңуі.

- әйелдің жыныстық гормондары мен алкогольдің ыдырау өнімдерінің үйлеспеуі.    

Осылайша әйел адам  ішімдікке деген құмарлығын ерте сезіне бастағанын өзіде білмей қалады. Бұл өз-өзіне деген сынының төмендеуіне, осы жайында жақындарының  айтқан ескертулеріне қарсылық жасауға әкеледі. Ақырында мұның бәрі бірден тұрақты тәуелділікті маскүнемдіктің ауыр түріне әкеп соғады.

Әйел маскүнемдігінің симптомдары мен белгілері

Әйел маскүнемдігін тіптен ұрық жағдайында білуге болатыны өте маңызды. Оның белгілері:

Аталған белгілер аурудың кезеңіне байланысты біртіндеп бір біріне қабаттаса дамиды.

Әйел маскүнемдігінің кезеңдері

Әйел маскүнемдігінің клиникалық ағымында 3 кезеңге бөлінеді.

Бірінші кезең. Ішімдікке деген құмарлықтың пайда болу процессімен патогендік қатынаста ұсынылған. Осы уақыт ішінде этанол қатарындағы өнімдердің апиынды рецепторларына дағдылану қалыптасады. Дәл осы процесс екінші кезеңге көшу процесі мен тұрақты психикалық тәуелділіктің қалыптасуына бастау береді. Клиникалық түрде бұл әйел адамның ішімдік ішуге деген өзгеше құмарлығынмен байқалады. Әдеттегідей ол жұмыстағы, отбасындағы кикілжің мәселелермен, өзін нашар сезінуімен дәлелденеді.

Екінші кезең. Бұл кезең апиынды рецепторлардың ішімдік жетіспеу салдарынан  мида тітіркендіргіш сезімін шақыру кезінде туындайды. Бұл дегеніміз әйел адамда ішімдіккке психикалық тәуелділік әлдеқашан пайда болғанын көрсетеді. Ми нейрондары мен ішкі органдардың тіндерінің құрылымдық өзгерістері мүлде жоқ. Аталған кезеңде клиникалық көрініс салынып ішу немесе үнемі ішу түрінде байқалады. Әйелдерге бұл аурудың екінші түрі көбірек жақын келеді, ол әйел ағзасының жылдам солуына және келесі кезеңге өту процесіне әкеліп тірейді.

Үшінші кезең. Бас миының және басқа да мүшелердің апиынды рецепторларының қайта айналып келмейтін құрылымдық өзгерістерімен сипатталады. Бұл ішімдікке деген тұрақты тәуелділікке апарады және ішімдікті бұлай қабылдау ауруға шалдыққан әйел адамның күнделікті өмір салтына айналады. Сонымен қатар психикалық тәуелділікпен бірге органдық дисфункция дамиды.

Әйел маскүнемдігін қалай емдеуге болады?

  1. Мамандандырылған психологиялық және психотерапевтік көмек.
  2. Уытсыздандыру терапиясы.
  3. Маскүнемдікке тән дәрі-дәрмектік емдеу – әйел адамда ішімдікке деген жиіркеншіті қалыптастыратын дәрілік заттар.
  4. Бас миының апиындық рецепторларына (налтрексон) тосқауыл болатын дәрілік заттын тері астына енгізу.
  5. Психотерапия мен гипноздың көмегімен кодтау.
  6. Ішкі органдарының паталогиямын түзету.

Емдеу әдісінің бұл түрлерін  біртіндеп және кезең-кезеңмен енгізу маскүнемдіктің сатысына байланысты және қатаң түрдегі таңдауды талап етеді. Мұны кейінге қалдыруға әсте болмайды. Өмірде ешнәрсе тектен текке бола бермейді ғой.

 

Артқа
Яндекс.Метрика