Кіру
You can authorize on site with:
Google Vkontakte Mailru

«Нәрестелердің іріңді-септикалық инфекцияларының алдын алу»20.10.2017ж.

                        

Адамды барлық жерде миллиардтаған әртүрлі патогендер қоршайды: олар ағзаның иммундық тосқауылын бұзып, онда орналасуға тырысатын бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар. Ересек адамдардардың денесінде қорғаныс функциялары едәуір жақсы дамыған, ал қан айналым жүйесінде көптеген микробтық антигендерге қарсы антиденелер айналып жүреді, нәрестелер болса осы тұрғыдан мүлде қорғаусыз, өйткені олар ауру қоздырғыштарымен қақтығысып көрмеген. Инфекция нәрестелердің қорғаныс күшінің жетілмегендігінен, тері және шырышты қабаты ерекшеліктеріне байланысты ағзаға тез еніп іріңді-септикалық ауруларды туғызады.

Нәрестелердің іріңді-септикалық инфекциялары – бұл жаңа туған нәрестелерде алғашқы 30 тәулік ішінде пайда болатын және тиісті клиникалық белгілермен сипатталатын инфекциялық - қабыну аурулары.

Нәрестелердің іріңді-септикалық инфекцияларының көп тараған негізгі нозологиялық түрлеріне мыналар жатады:

  1. Тыныс алу жолдарының инфекциялары – ауруханаішілік және жатырішілік өкпе қабынуы.
  2. Тері және жұмсақ ұлпалар инфекциялары - маститтер, везикулопустулездер, омфалиттер.
  3. Көз инфекциялары - конъюнктивиттер, дакриоциститтер.
  4. Сүйек және буын инфекциялары - остеомиелиттер.
  5. Таралу түрі - сепсис.

Нәрестелердің жатырішілік іріңді-септикалық инфекциялары –  бұл ауру жұқпалы-қабыну генезисі, анасы жүктілік кезінде нәрестеге инфекцияны жұқтырады және тікелей беріледі. «Жатырішілік инфекция» диагнозын қою үшін бактериологиялық зерттеулердің оң нәтижелерімен расталған, баланың дүниеге келген алғашқы күнінен аурудың клиникалық көріністерінің болуы маңызды.

Нәрестелердің ауруханаішілік инфекциялары – бұл нәрестелердің стационарда болған кезеңінде және/немесе медициналық ұйымнан шығарылғаннан кейін инфекцияның инкубациялық кезеңінде (ІСИ үшін - 7 тәулік) және жатырдағы даму кезінде инкубациялық пен жасырын кезеңдері болмаған аурулары.

2016 жылдың қорытындысы бойынша ШҚО іріңді-септикалық инфекциялардың сырқаттанушылық көрсеткіші нәрестелердің арасында 13% -ға төмендеді және 4,2-ні (58 жағдай) құрады, республикалық көрсеткіш - 1,7 (299 жағдай). 

Сырқаттанушылықтың құрылымы бойынша жатырішілік инфекциялармен ауырғандардың үлесі 2015 жылы 63% -дан ( 42 жағдай) 2016 жылы 53% -ға (31 жағдай) азайды, алайда сол уақытта учаскеде ауырған нәрестелердің саны 2015 жылғы 37%-дан (25 жағдай) 2016 жылы 45%-ға (26 жағдай) өсті.

Ерте неонатальді кезеңдегі іріңді-септикалық инфекциялар нәрестенің денсаулығын төмендетеді және оның иммундық жүйесінің жетілуіне кері әсерін тигізеді, сондықтан іріңді-септикалық аурулардың алдын-алу шараларын бірінші күннен сақтау керек.

Перзентханалардағы ІСИ алдын-алудың жалпы шаралары: 

Үй жағдайында келесі алдын-алу шаралары жасалынады:

Баланы емдеу  ересектерге қарағанда қиын, өйткені дәрілік препараттардың көпшілігі оған сай келмейді, сондықтан ауруларды болдырмау керек.

         Нәрестелер ауруларының алдын-алу баланың денсаулығын сақтауға және оның иммундық жүйесін нығайтуға  көмектеседі.

 

АІИ ЭҚ бөлімінің басшысы                                       Бакетаева М.А.

 

Артқа
Яндекс.Метрика