Кіру
You can authorize on site with:
Google Vkontakte Mailru

Денсаулық сақтау басқармасы хабарлайды:15.02.2017ж.

Өскемен травмотологиялық қызметі жұмыс кестесін өзгертті. 2017 жылдың 1-ші наурызынан Абай даңғылы бойындағы 18-ші ғимаратта орналасқан «№1 Өскемен қалалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы КМК-нда асығыс (жедел) түрде травмотологиялық көмек көрсету үшін асығыс ауруларды тәулік бойы қабылдайтын бірегей травмотологиялық пункті ашылады.

Денсаулық сақтау Министрлігінің бұйрығына сәйкес барлық травмотологиялық  пункттері травмотологиялық бөлімшелердің жанынан ашылуы тиіс. Бірегей травмотологиялық пунктін ашу емделушіні қажетті жағдайда стационарға жеткізу уақытын қысқартады (өйткені бұл пункт стационармен бірге бір ғимаратта орналасқан). Жедел медициналық жәрдем көрсету көлігіне ауруды қаланың үш травмотологиялық пункттерінен бүкіл қала арқылы жеткізуге мұқтаждық болмайды да қажетті көмек уақытында көрсетіледі. Қалған бос уақытта жедел жәрдем көрсету шақыруларға қызмет көрсетуге бағытталады.

Травмотологиялық кеңселері «Амбулаториялық орталық» Мекемесінде (Абай даңғылы, 1), Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№2 Өскемен қалалық емханасы» КМК-нда (Буров көшесі, 61) қалады. Бұларда 1-ші наурыздан бастап дәрігерлік амбулаториялардың жолдамаларымен келген және тек қана күндізгі уақытта қаралатын жоспарлы ауруларға (жедел жәрдем көрсетуге тиіс еместерге) көмек көрсетіледі.

Артқа
Яндекс.Метрика