Кіру
You can authorize on site with:
Google Vkontakte Mailru

20 ақпанда Комсомол аралында Өскемен қаласының мемлекеттік мекемелері арасында шаңғыдан жарыс өтті22.02.2016ж.

«Ұлт көшбасшысы - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің тест өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 21.11.2014 №103  бұйрығын орындау мақсатында, ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы 20.02.2016 сағат 10.00-де  Комсомол аралында Өскемен қаласының мемлекеттік мекемелері арасында шаңғыдан жарыс өткізді.

Ісшараға қаланың 14 емдеу мекемесінен 100-ден аса медицина қызметкерлері қатысты. Ерлер арасында: 1600 метрге шаңғымен жүгіруден 50 жасқа дейінгі жас категориясында 1-орынды М.З.Раев жеңіп алды (Ана мен бала орталығы)

50 жастан асқан жас категориясы бойынша 3-орынды Ж.И.Байшыбаев жеңіп алды (№1 емхана) Әйелдер арасында: 800 метрге жарысудан 40 жасқа дейінгілер категориясында 3-орынды Н.А.Курмангалиева алды (Ана мен бала орталығы) Жаяу жүгіруден 70 жастан асқан жас категориясы бойынша 1-орынды В.Ф.Гусева алды (ШҚОСӨСҚО) Жеңімпаздарға ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы грамоталар тапсырды.

 

Артқа
Яндекс.Метрика