Кіру
You can authorize on site with:
Google Vkontakte Mailru

Шығыс Қазақстан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы05.10.2015ж.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарының шеңберінде СӨСҚПҰО-ның ұйымдастыру-әдістемелік жетекшілігімен республика өңірлерінде 2015 жылғы 28 қыркүйек пен 28 қазан аралығында ЖРВИ, тұмау мен пневмококктық инфекциялардың алдын алу жөнінде айлық өткізіледі.
Тұмау мен ЖРВИ індет пен өлім-жітімге әкеле отырып, қоғамдық денсаулық сақтау саласына қауіпті мәселе тудырады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметінше дүниежүзінде тұмаудың салдарынан әлемде 3-5 млн. ауыр оқиға  тіркеледі. 
Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша Қазақстанда 2014 жылы ЖРВИ-дің 765546 оқиғасы  және 960 тұмау оқиғасы тіркелген.
Тұмау көбінесе мұрынның, тамақтың, бронхтың және кейде өкпенің қабынуына әкеп соғаты вирустық инфекция болып табылады. Әдетте, ауру бір аптаға созылады. Оған тән белгілерге дене қызуының бірден көтерілуі, бұлшық ет пен бастың ауруы, қатты ауыру (өзі-өзі нашар сезіну), құрғақ жөтел, тамақтың ауыруы және ринит жатады. 
Вирус ауруды жұқтырған адам жөтелгенде немесе түшкіргенде бөлінетін ауа-тамшылары арқылы адамнан адамға жұғады. Тұмаудың мезгілдік індет туғыза отырып, тез тарау үрдісі бар.

Вакцинация — тұмаудың алдын алудың ең тиімді жолы. 
Вакцинация әсіресе тұмаудың асқыну қаупі жоғары топтағы адамдарға: жүкті әйелдерге, 6 айлық-5 жасар балаларға, 65 жастан асқандарға,  созылмалы аурулары бар адамдарға, денсаулық сақтау саласындағы адамдарға ұсынылады.
Мақсаты: қоғамның  ЖРВИ және  тұмауды төмендету проблемасына көңілін аударту, ЖРВИ және  тұмаудың алдын алу жөнінде хабарлылық деңгейін арттыру. 
Баспасөз мәжілісіне ШҚО ДБ басшысының орынбасары С.А.Попов, ШҚО штаттан тыс инфекционисі, ШҚО ТҚҚ департаменті өкілі қатысады.
Баспасөз мәжілісі ШҚОСӨСҚО бастамасымен өтеді.

Артқа
Яндекс.Метрика