Вход
Вы можете авторизоваться на сайте через:
Google Vkontakte Mailru

Шығыс Қазақстан облыстық онкологиялық диспансерінде сүт безінің обыры туралы хабардарлық Дүниежүзілік күніне орай Ашық Есік Күні өтті [ожидает перевода]24.10.2017г.

2017 жылдың 21 қазан күні Шығыс Қазақстан облыстық онкологиялық диспансерінде сүт безінің обыры туралы хабардарлық Дүниежүзілік күніне орай Ашық Есік Күні өтті.

Бұл күні Өскемен қаласының әйелдері учаскелік дәрігердің жолдамасынсыз дәрігер маммологтардан білікті консультация алды. Қабылданған емделушілердің жалпы саны 136 адамды құрады.

ШҚООД-де осындай іс-шаралар жыл сайын өткізіліп отырады.

 Біз, онкологиялық диспансердің дәрігерлері барлық әйелдерге сүт безінің ісігі, тіпті егер ол қатерлі болса да, оны түбегейлі емдеуге болатынын сендіруге тырысамыз. Өзінің сырқатымен күресу қажет.

Жан төзімділігін сақтап, аурудан ғана құтылу емес, сондай-ақ бұрынғы өмірге қайта оралуға болады, тағы көптеген қуанышты күндерді кездестіруге, бұл қуанышты өзіңе сыйлауға және оны өзіңнің жақындарыңмен бөлісуге болады.

Аяулы ханымдар, біз бірлесіп аурушаңдықты қысқартуға және сүт безінің обырын емдеудің нәтижелерін жақсарта аламыз! Сіздің денсаулығыңыз-сіздің қолыңызда! Дәрігерге дер кезінде жүгіну және сенім арту – Сіздің денсаулық кепіліңіз! Біздің диспансермен ұйымдастырылған,  Ашық Есік Күніне келіп тұруды ұмытпаңыз!

 

 

 

 

 

Назад
Яндекс.Метрика