Учаскелік дәрігерге тіркелу |
Қабылдауға тіркелу |
Өтініш беру |
Менің емханамды iздеу |
Ауруханалар және емханалар |
Алғыс білдіру |
Жаңалықтар |
Шаралар |
Көрсетілген ұсыныстардың сапасын бағалау |
Рамазан айында тамақтан уланудың алдын алу.
6 мамырдан бастап мұсылмандардың оразасы басталады. Қасиетті Рамазан айында әрбір отбасы ауызашарға туған-туысқандары мен жақындарын шақыруды өз парызы деп санайды. Мешіттерде, дәмханаларда, мейрамханаларда ауыз – ашар өткізу әдеттегі құбылысқа айналды, оған коптеген адамдар шақырылады.
Тағамнан улану және жұқпалы аурулар жағдайларын болдырмау мақсатында, осы іс-шараларды ұйымдастырушылардан, санитарлық талаптарды қатаң сақтауды сұраймыз.
Персонал медициналық тексеруден өткеннен кейін және жеке медициналық кітапшасы болған соң ғана жұмысқа жіберілсін, ыдыс жуу үшін жуу және дезинфекциялау құралдарының қоры болуды, ыдыс жуу ережесін қатаң сақтауды, асқа дейін біраз уақыт қалғанда, тағамдарды әзірлеп қойып дастарқанды жайып қоюдан бас тартуды, оларды қажетті температуралық режимде сақтауды, тез бұзылатын өнімдердің сақтау мерзімін ескере отырып (әсіресе пісірілген ет, аспаздық өнімдер, кремдік кондитерлік өнімдер, қымыз), кешегі үстелден кейін қалған тез бұзылатын тағам өнімдерін пайдаланудан алып тастауды, көкөністер мен жемістерді мұқият жууды, персоналдың және қонақтардың жеке гигиена ережелерін қатаң сақтауды (сабынмен, бір рет қолданылатын сүлгілермен қамтамасыз етуді), үй-жайларды желдетуді ұсынамыз.
ШҚО ҚДСД басшысы Ғ. Сулейменов