Учаскелік дәрігерге тіркелу |
Қабылдауға тіркелу |
Өтініш беру |
Менің емханамды iздеу |
Ауруханалар және емханалар |
Алғыс білдіру |
Жаңалықтар |
Шаралар |
Көрсетілген ұсыныстардың сапасын бағалау |
БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
«Шығыс Қазақстан облыстық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» ММ Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған «Өзіңді туберкулезден қорға» акциясына қатысуға шақырады
2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, 2018 жылы 19 наурызда, «City Center» супермаркетінде сағат 11.00-де және «Арзан» гипермаркеті сағат 15.00-де «Өзіңді туберкулезден қорға» акциясы ұйымдастырылады.
Басты мақсат - туберкулездің жеке және қоғамдық алдын-алу шаралары туралы, туберкулездің алғашқы белгілері, туберкулез инфекциясының қауіпті және ауыр салдары туралы, денсаулыққа бірлескен жауапкершілікті дамыту туралы хабардар ету; өзін-өзі сақтау мінез-құлық дағдыларын дамыту, міндетті профилактикалық тексеру қажеттілігін түсіндіру.
Акция аясында Өскемен медициналық колледжінің студенттерімен ұйымдастырылған флеш-моб, халықты туберкулездің алдын алу бойынша кеңес беру, дене салмағының индексін өлшеу, қан қысымын анықтау және экспресс диагностика әдісімен АҚТҚ мәртебесін анықтау жүргізіледі.
«Өзіңді туберкулезден қорға»акциясына «Қоғамдық денсаулық сақтау» ҚМ ҚДСД ҚДСК ҚР ДСМ, «ШҚОСӨСҚО» ММ, ШҚО фтизиопульмонологиялық орталық, ШҚО ЖИТС алдын алу және күрес орталығының мамандары қатысады.
Акцияның уақыты - 19 наурыз, сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін City Center супермаркетінде 15.00-ден 17.00-ге дейін Арзан гипермаркеті
Анықтама үшін телефон: 25-48-57, Гусева Валентина Федоровна
25-27-69, Батырханова Әйгерім Арманқызы