Кіру
You can authorize on site with:
Google Vkontakte Mailru

Қышыманы алдын алу14.03.2019ж.

 

Қышыманы алдын алу

 

Қышыма – бұл қышыма кенесімен шақырылатын жұқпалы тері ауруы. Жұқпа көзі адам болып табылады. Өскемен қаласы бойынша жыл сайын қышыма жағдайы тіркелуде. 2018 жылы қышыма диагнозымен 7 жағдай тіркелген, 14 жасқа дейінгі балалар арасында - 6 жағдай, ұйымдасқан балалар мекемесінде, ересек адамдар  арасында – 1жағдай.

Науқас адамның ауруды жұқтырғанын білгендегі ең алғашқы сезімі таңырқау. Себебі осы диагнозды жиі басқа аллергиялық дерматит,есекжем диагнозымен қателесіп қояды. Бұл ауруды әдетте тазалық сақтамаған, тұрмысы қолайсыз жағдаймен байланыстырады. Соған қарамастан қышыма ең қолайлы тұрмысы бар адамды да зақымдауы мүмкін!

Науқастар, бұл ауру жайлы білмей, уақытында медициналық көмекке жүгінбей, басқа адамдарға жұқтыра береді. Дәрігердің қабылдауына келгенде өршіген формада, асқынған іріңдеген дерматит ауруымен келеді. Сау адамға ауру тығыз қарым-қатынас арқылы ғана жұғады. Сондықтан қышыманың басты таралу ошағы тығыз отбасылық қатынас. Қышыма тұрмыстық-қарым-қатынас жолы арқылы беріледі: науқас адамның белгілі уақыт аралығында қолданған және онда тірі паразиттер қалған  төсек жабдықтары, орамал, киім ,жөке, қолғап арқылы жұғады.  Ауруды жұқтырғаннан кейін бірінші көріністер 7-10(45 күнге дейін) күнде білінеді. Аурудың  негізгі белгілері терінің қышуы және жұпталған ұсақ көпіршікті бөртпенің шығуы. Кененің биологиялық сағаты түнгі уақытқа тең келеді, сондықтан белсенділік сол уақытта басталады. Сондықтан науқастанған адам кешке және түнде өте қатты қышынуды сезінедібұл аурудың негізгі белгісі.Қышыманың басты белгісінен басқа бөртпенің саусақ аралығындағы қатпарда, білезік буынның бүгілетін беткейінде, шынтақ буын аймағында, іштің алдыңғы  бүйір бетінде, жамбаста, сүт безіне шығуымен сипатталады. Қышымалық бөртпе ешқашан басқа, бетке, мойынға шықпайды! Ал кішкене балаларда- бөртпе алақан-табанда, бас және бет терісіне.

Қышыманы тек дәрігер анықтай алады. Ауру анықталған жағдайда емді дәрігер-дерматолог  тағайындайды, өзіндік емделуге болмайды.

Қышыма жағдайы анықталған кезде киім және төсек жабдықтарын 30 минут қайнатып, кептіріп, үтіктеу қажет. Сырт киім дымқыл мата сыртынан үтіктелу керек. Науқас адамның отбасына, сонымен қатар онымен тығыз қатынаста  болған адамдарға дерматологқа қаралып, дәрігердің тағайындалуымен қышымаға қарсы профилактикалық ем алу қажет.

Бір уақытта отбасында, жатақханада және басқа ұйымдарда  барлық науқастарды анықтау және емдеу – қышыма ошағын жоюдың басты жағдайы. Ауру балалар мектепке, бала-бақшаға және басқа ұйымдарға жіберілмейді. Ересектер жұмыстан шектетіледі. Балалар мекемесіне және жұмыс орнына ем аяқталғаннан кейін баруға  рұқсат етіледі.

Қышымамен ауырмау үшін бір қатар ережелерді сақтау керек:

Теріде кез келген қышымалы бөртпе пайда болғанда дәрігер-дерматологқа қаралу қажет.

Ауру уақытылы анықталғанда ғана қоздырғыштың таралып кетуін алдын алуға және жылдам емделуге болады.

 

 

 

 

Артқа
Яндекс.Метрика