Кіру
You can authorize on site with:
Google Vkontakte Mailru

Дәрігерлер ауылға шықты27.08.2018ж.

2018 жылғы 1 шілде мен 31 тамыз аралығында Шығыс–Қазақстан облысында «Денсаулық жолы» атты кең ауқымды науқан өткізілді. ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен Шығыс –Қазақстан салауатты өмір салтын қалыптастыру облыстық орталығының мамандары терапевтикалық, кардиологиялық, эндокринологиялық, онкологиялық қызметтер мен салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру қызметі мамандарының қатысуымен көшпелі медициналық кешеннің шалғайдағы ауылдық аудандарға шығуын ұйымдастырды. 

2018 жылғы 24 тамызда Ұлан ауданының Сағыр аулына кезекті шығуы болды. Іс-шараның негізгі мақсаты – дененің артық салмағының, семіздіктің қаупін төмендету мен қант диабеті, онкологиялық және жүрек-қан тамырлары аурулары мен т.с.с. жұқпалы емес аурулардың алдын алу үшін халықты ақпараттандыру және салауатты өмір салтының негіздеріне үйрету.

Алғашқы тексеруді өткізу және кеңес беру үшін Өскемен қаласының емдеу мекемелерінен облыстық онкологиялық диспансердің, ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың дәрігерлері, облыстық мамандандырылған медициналық орталығының эндокринологі, Ұлан орталық аудандық ауруханасының терапевті және кардиологі шықты.

Дәрігерлер келген күні тексерілуге қосымша Асубұлақ пен Тарғын ауылдарының тұрғындары келді. Науқан Сағыр аулының дәрігерлік амбулаториясының негізінде өткізілді. Бұл күні ауыл адамдарының жоғары белсенділігі байқалды. Бірінші тексеруден кейін терапевт онколог дәрігердің қабылдауына 19 адамды, кардиологтің қабылдауына 24 адамды,  эндокринологке  12 адамды жіберді.

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың мамандары экспресс-тестілеу арқылы адамның ЖИТС мәртебесін анықтады. 36 адам тексеруден өтіп, барлық нәтижелер теріс болды. Медициналық қызметкерлердің арасынан ЖИТС Орталығының дәрігері «ЖИТС инфекциясын кәсіптік жұқтырудың алдын алу» тақырыбына дәріс өткізді. 

«Салауатты өмір салтын қалыптастыру облыстық орталығы» медициналық мекемесінің мамандары денсаулық қалашығын ұйымдастырып, оған 60 адам келді. Мамандар адамдардың бойын, салмағын, мықынының шеңберін өлшеп, Кетле индексін анықтады. Консультациялар өткізді, денсаулықты сақтау және күшейту туралы кеңестер беріп, ақпараттық материал таратты.  

Қызыл жарты ай Қоғамының өкілдері ауылдың 20 адамына – жалғызбасты қарт адамдар мен тұрмысы төмен отбасыларға гуманитарлық көмек көрсетті. 

  Науқанға 80 –нен астам адам қатысты, олар ауылға келген дәрігерлерден алған медициналық көмектері мен кеңестеріне жоғары баға берді.

«ШҚСӨСҚОО» ММ

Артқа
Яндекс.Метрика