Кіру
You can authorize on site with:
Google Vkontakte Mailru

Вирусты гепатиттер30.03.2018ж.

 

Өзектілігі

Вирусты гепатит мәселесі қазіргі медицинадағы ең маңыздылардың бірі, оның шешім табуының бүкіл адамзат қоғамы үшін маңызы зор.

Вирусты гепатит (лат. Hepatitis viruses) – вирустардың қоздыруынан бауыр тінінің қабынуы. 

Гепатит көптеген себептерден туындауы мүмкін, бірақ жиі жағдайда гепатиттің қоздырушылары вирустар. Созылмалы бауыр аурулары, олардың арасында В және С вирусты гепатит, әлемдегі өлім-жітімнің он негізгі себептерінің қатарына кіреді. Әлемде 170 млн адам С гепатитінен зардап шегеді және одан, екі есе көп, 350 млн адам  В вирусты гепатитімен ауырады. Бүкіл әлем бойынша шамамен 2 миллиард адам вирусты гепатит жұқтырған.

А гепатиті (ағыл. HAV) – А гепатитінің вирусынан пайда болатын бауырдың ерекше жұқпалы ауруы. Вирус ас қорыту жолымен ауру жұқтырылған тағам, су арқылы жақсы беріледі, жыл сайын он миллиондай адам вирус жұқтырады. Дамушы елдер мен гигиена деңгейі төмен аудандарда А гепатитімен ауыру коэффициенті жоғары және аурудың өзі балалық шақта өтеді. А вирусты гепатиті қанмен немесе қан өнімдерімен өте сирек беріледі.

Базардан көкөністер мен жемістерді сатып алғанда, оларды тиісінше жақсылап жууды ұмытпаңыз, өйткені олардың бізге қай жақтан жеткізілетіні белгісіз. Ішуге арналған суды әрдайым қайнатыңыз. Дәретханадан шыққаннан кейін және тамақ ішер алдында қолыңызды жуыңыз. Жеке бас гигиенасының ережелерін сақтаңыз.

В гепатиті - вирустық ауру, оның қоздырғышы В гепатитінің вирусы. Инфекцияның берілу механизмі – ас қорыту жолдарынан тыс. Ол табиғи (жыныстық, тұрмыстық) және жасанды (ас қорыту жолдарынан тыс) жолдармен жұғады. Вирус қанда және әртүрлі биологиялық сұйықтықтарда - сілекейде, несепте, шәуетте, етеккір қанында және т. б. бар. В вирусты гепатитінің жұққыштығы АИТВ-ның жұққыштығынан 100 есе асады.

Гепатиттің алдын алу өзіне тән (вакциналау), сондай-ақ тән емес, берілу жолдарын үзуге бағытталған: адамның мінезін түзеу; бір реттік аспаптарды қолдану; тұрмыста гигиена ережелерін жете сақтау; биологиялық сұйықтықтарды құюды шектеу; тиімді дезинфектанттарды қолдану; жалғыз дені сау сексуалды серіктің болуы не, олай болмаған жағдайда, қорғалған секс (соңғысы аурудың жұқпауына 100 % кепілдік бермейді, өйткені серіктің басқа да биологиялық бөлінділерімен – сілекеймен, т.б. қорғалмаған байланыс бар).

С гепатитінің вирусы (HCV) ұсақ, құрамында қабықпен жабылған генетикалық материал түріндегі РНҚ бар. HCV ашылғанға дейін 1989 ж. жұқпаны "А да, В да емес гепатит" деп атаған. С гепатитінің таралуы дамыған елдерде 2% жетеді. С гепатитінің вирусын жұқтырған адамдардың саны әлем бойынша 500 млн-ға дейін жетуі мүмкін. С гепатитімен ауыру әр түрлі елдерде жыл сайын өсіп келеді. Бұл өсім нашақорлықтың өсуімен байланысты: С гепатитімен ауыратын  38-40% жастар, есірткіні күре тамырдың ішіне енгізген кезде жұқтырады. Созылмалы С гепатиті бауырды ауыстырып отырғызуды талап ететін себептердің арасында көш бастайды. Жұқтырудың негізгі механизмі –қанмен таралған, ас қорыту жолдарынан тыс (қан арқылы). С гепатитінің жыныстық жолмен жұғуының өзектілігі аз.

Артқа
Яндекс.Метрика