Кіру
You can authorize on site with:
Google Vkontakte Mailru

Еріген су астында қалған азық-түлікті ары қарай пайдалану туралы26.03.2018ж.

 

  Биылғы жылғы ұзақ әрі қаhарлы қыстан кейін көктемді тағатсыздана күттік, алайда, көптен күткен көктем қызығымен қатар қиындыққа да толы болды. Аз ғана уақыт ішінде күннің күрт жылуына байланысты ауданымыздың көптеген елдімекендері еріген қар суының астында қалды. Шығыс Қазақстан әлі күнге дейін табиғат машақатымен арпалысу үстінде. Қазіргі күнде елдімекендерді қалпына келтіру бойынша қолдан келгеннің бәрі жасалуда, тұрғындарға материалды және моральды қолдау көрсетілуде. Зардап шеккендерде алдымен өзінің және балаларының денсаулығын күту керек. Апат болған аумақтардың тұрғындары арасында жұқпалы аурулардың таралмауы және бұзылған тамақ өнімдерімен улануды болдырмау үшін ҚР Тұтынушылардың  құқықтарын Қорғау агентігінің ШҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті келесі ұсыныстарды назарға алуды сұрайды:

   

 - Үй жағдайында пайдалануға арналған, судың астында қалған азық-түлікті қолданар алдында мұқият тексеріп , қажет болса іріктеу керек. Картоп және басқа көкөністерді кептіріп, үсіген, шірігендерін жойып немесе үй жануарларына жемге беруге болады. Бұзылмаған картоп және көкөністерді пайдалану алдында жуып, қабығын мұқият тазалап , тағы бір рет жуу қажет. Бұл көкөністерді толықтай пісіргеннен кейін ғана пайдаланған жөн. Егер көкөністерді шикілей пайдалану қажет болса, оларды тазалағаннан кейін мұқият жуып, 30 минутқа сірке қышқылының 0,5 ерітіндісіне салып қою керек. Металл қақпақтармен тұмшаланып жабылған көкөніс , жеміс-жидек консервілерін 3 күнге бөлме температурасына қою керек. Содан кейін банкілерді  мұқият тексеріп , органолептикалық қасиеттері мен тұмшаланып бекітілуі бұзылмаса шектеусіз пайдалануға болады. Тұмшаланбаған (пластмасс қақпақтармен жабылған) көкөніс , жеміс-жидек консервілерін тамаққа қосып пісіргеннен немесе қайнатқаннан кейін ғана пайдалануға болады. 

- Егер Сіз тағамның қауіпсіздігіне күдіктенсеңіз , жергілікті мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарына барыңыз. Апат аумақтарындағы еріген су астында қалған азық-түлікті ары қарай пайдалану мәселесінде жергілікті мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарына барып, өнімдердің қауіпсіздігін растатып алу қажет. Зертханалық зерттеулер жүргізу қажет болған жағдайда , оларды жүргізуге кететін шығынды ҚР заңнамасына сәйкес , өнімнің иесі өтеуі тиіс.

Қымбатты жерлестер! Аталған қарапайым ережелерді сақтауларыңызды сұраймыз! Дені саудың –жаны сау демекші, деніміз сау болса ғана біз қайғы – қасіреттің барлығын және аламыз!

 

РММ«ҚР Ұлттық Экономика Министрлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің ШҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің Зырян аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы» С.Сахитов

Артқа
Яндекс.Метрика