Кіру
You can authorize on site with:
Google Vkontakte Mailru

Балаларда кездесетін несеп шығару жолдарының жұқпалары16.02.2018ж.

Адамның несеп шығару жүйесі екі бүйректен, екі несепағардан, бір қуықтан және несеп шығару каналынан тұрады.

Несеп жолдары жұқпасының қауіпті факторлары бар:

Балаларда несеп шығару жолдарының жұқпаларының белгілері баланың жасына байланысты болады.

Үлкен жастағы балаларда (екі жастан асқан балаларда) жиі болады:

несеп шыққанда ауырсыну және күйдіру, кіші дәретке отыруға жиі бару, іштің немесе арқаның төменгі жағында ауырсыну, қызба (дене температурасы 38º-дан жоғарылауы).

            Кіші жастағы балаларда (екі жасқа дейін) бір немесе бірнеше белгілер болады: қызба, ол жалғыз белгі болуы мүмкін, құсу немесе іш өту, жылауықтық, мазасыздану, тәбетінің төмендеуі, тамақтан бас тарту, салмақтың өспеуі.

            Балаларда несеп шығару жолдарының жұқпаларын анықтау (диагностикасы) келесіге негізделеді:

Егер талдауда НШЖЖ-ның белгілері анықталса, НШЖЖ қоздырғышы үшін және қоздырғыштың антибиотиктерге сезімталдығын анықтау үшін егу тапсыру қажет. Егу қоздырғышты анықтауға, осы нақты қоздырғышка қарсы қай антибиотик белсенді екенін анықтауға көмектеседі. Егу нәтижесі кем дегенде 48 сағаттан кейін (кейде одан да ұзақ)  дайын болады, сондықтан егуді тапсырған сәттен дәрігер қызметінің аясы кең антибиотик тағайындайды, ал егуді алғаннан кейін нәтижеге байланысты оны басқаға ауыстыруы мүмкін.

Несеп талдауын антибиотикпен емдеуге дейін тапсыру қажет екенін білу тиіс, өйткені, керісінше жағдайда бұл талдау дұрыс ақпарат бермейді.

Егер несеп талдауында бір қоздырғыш емес, одан көбірек анықталса, жиі жағдайда – бұл несепті дұрыс жинамауға байланысты болады. НШЖЖ екі немесе одан да көп қоздырғыш арқылы туындамайды, әсіресе, бұған дейін баланың дені сау болса.

НШЖЖ диагнозы тек үш критерий болғанда ғана рас болады:

Сонымен қатар балаларда несеп шығару жолдарының жұқпаларының диагностикасын жүргізу үшін инструменталды зерттеу әдістері қолданылады. Бұларға рентгенологиялық және ультрадыбыстық зерттеу әдістері жатады, олар арқылы дәрігер несеп шығару жүйесі мүшелерінің құрылымын көре алады, құрылымдық ақаулар мен аномалияларды анықтай алады. Ақаулар болса, олар НШЖЖ –ның қайта туындауына себеп болуы мүмкін, сондықтан дәрігер оларды анықтап, оларды түзету қажеттілігі туралы мәселені шешуге тырысады. НШЖЖ кезінде ең жиірек қолданылатын әдістер, ол: бүйректі ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ), ішке шолу рентгенограммасын және цистоуретерография жүргізу. Көзбен көретін әдістер барлық балаларға жүргізіле бермейді, оларды жиі жағдайда 3-5 жастағы балаларға және НШЖЖ бернеше рет болған балаларға жасалады.

      Балаларда несеп шығару жолдарының жұқпаларын емдеу.

Емдеудің негізі – ол антибиотиктер. Антибиотикті таңдау баланың жасына, несептің егу талдау кезінде анықталған қоздырғыштың түріне және осы қоздырғыштың антибиотиктерге сезімталдығын анықтау талдауына байланысты жүзеге асырылады. Көпшілік балаларға, әсіресе 2 айдан асқан балаларға ешқандай инемен дәрі салу қажет болмайды, антибиотиктер суспензия мен таблетка арқылы да беріле береді.

Егер бала 2 айға жетпеген болса және бала құса берсе, құсу салдарынан ауыз арқылы дәрі қабылдай алмаса, онда бала ауруханаға жатқызылып, оған тамырына катетер қойылып, антибиотик жіберіледі. Антибиотиктерді әдетте 5 күннен 14 күнге дейін тағайындайды.

Нәтижесінде баланың жағдайы антибиотик алғаннан кейін 24-тен 48 сағат аралығында жақсаруы тиіс. Егер баланың жағдайы жақсармаса және керісінше жағдайы төмендей берсе, онда баланы дәрігер қайта қарауы тиіс. Балаларда несеп шығару жолдарының жұқпаларын (НШЖЖ) өткерген көпшілік балалар болашақта бұл аурудың ешқандай салдарына тап болмайды. Балада несеп шығару жолдары жұқпаларының қайталауын білдіретін белгілер болмаса, қайтадан несеп талдауын өткізу қажет болмайды.

Балаларда несеп шығару жолдары жұқпаларының алдын алу.

Несеп жолдарында несеп бактерияларының көбеюін  азайту үшін бірнеше әдістер бар. Балалар күні бойы көп су ішуі тиіс. Бұл қуық пен бүйректі жууға мүмкіндік береді. Балалар, кем дегенде,  3,4 сағатта бір рет қуықты босатып отыруы тиіс. Бұл аурудың дамуына жол бермеуге көмектеседі.

Ауруды уақытында емдемесе, бала бүйректің ауыр ауруларына шалдығуы мүмкін: бүйректің дұрыс қызмет етпеуі және өсіп кетуі, жоғары қан қысымы, тыртықтар пайда болуы мүмкін.

Несеп шығару жолдарының жұқпалары жұқпайды және басқа адамдарға қауіп төндірмейді.

Артқа
Яндекс.Метрика