Кіру
You can authorize on site with:
Google Vkontakte Mailru

Қауіпсіз азық-түліктерді таңдаймыз.13.02.2018ж.

Қазіргі уақытта біз кейбір тағамдардың қауіптілігі туралы жиі естіп жатамыз. Алайда, бұндай тағамдардың денсаулыққа кері әсерін байқағанымызда ғана қауіпсіз жағына мән бере бастаймыз. Көп жағдайда адамдар денсаулыққа зиянды тағамдарды күнделікті тұтынып жататындарын және балаларын да тамақтандыратынын ескере бермейді. Сауатты тұтынушы сапалы және денсаулыққа зияны жоқ тағамдарды таңдайды.

Өзіміздің денсаулығымызға пайдасы бар, құнарлы тағамдарды таңдай білу үшін, дастарханымызға келетін азық-түліктердің қалай жасалатынын, құрамында не бар екенін білгеніміз жөн. Көбіміз шұжықтың жасалуын, ішіндегі заттары туралы біліп жатамыз. Кейбір шұжықтарды тіпті азық ретінде қолдануға да келмейді. Алайда, барлық өндірушілер бірдей емес. Қандай тағам түрлерін қолданбау керек, сан түрлі тағам өнімдерінің ішінен пайдалысын қалай таңдап алуға болады?

Күнделікті қолданатын тағам рационында денсаулығымызға кері әсер ететін тағамдық құндылығы күмәнді, пайдасыз «өлі» заттардың болмауына назар аударуымыз қажет. Бұндай заттар асқазанымызға алдамшы тойымдылық сезімін беріп, ішек құрылысымыздың микрофлорасын бұзады. Кейбір тағамдар артық каллория көзі болып табылады, сондай ақ ағзаға ешқандай пайда бермейді. Ал кейбір тағамдардың құрамында улы компоненттер, «жасырын» майлар болады. Е-951(аспартам) - қант алмастырушы және көптеген тағамдарға қосылатын дәм күшейткіш-Е 621 – (глуманат натрия) зиянды тағам қоспалары адам денсаулығына залал келтіреді. Осындай қоспалардың зиян екенін бірінші кезекте ата-аналар білу керек, өйткені бөтен қоспалары бар тағамдар балалардың жүйке жүйесіне әсер етіп, аллергиялық реакция тудырады.

Рационымызға мүмкіндігінше қосуға болатын не мүлде болмайтын тағам түрлерін атап өтейік. Біріншіден, рафинадталған қант. Күнделікті қолданатын норма – 2 шай қасық қант болу керек. Бұл жерде қант рафинадталған емес, мысалы бал, кептірілген жемістер, зефир т.б. қолданған жөн. Рафинатталған қантты қолдануды шектеу қажет. Қанты бар шай, кофе ішпеген дұрыс. Екінші шектеу қойылған тағаа түрі, тәтті сусындар, газдалған, газдалмаған сусындар. Өйткені бұндай сусындарда қанттан басқа, денсаулыққа зияны жетерлік көптеген бояутар, консерванттар болады. Келесі өнім – тұз. Норма бойынша 4 гр, бұл бір шай қасық. Мысалы, сорпа не қоспаға тұз қосса, салаттарға тұз қоспаса да болады. Майонез, кетчуп, тұздалған, қақталған балық пен етті қолдануды шектеу керек. Ағзада тұз мөлшерінің көп болуы бүйректе тастың жиналуына, , артрит, артроз, буында тұздың жиналуына, остеохондроз және гипертоникалық аурулардың туындауына әкеледі.

Қақталған және қуырылған тағамдарды қолдануды шектеу. Тағамдарды қуырған кезде канцероген пайда болады. Майды қатты қыздырған кезде, химиялық реакция нәтижесінде рак тудыратын зат түзіледі. Әсіресе, ішек, асқазан және сүт безі обырына әкелуі мүмкін. Ұзақ уақыт сақталатын темір сауыттағы консервілер де «өлі», құнарлылығы, ағзаға пайдасы жоқ деп саналады. Жаңа піскен, аппақ нанды да қолданбаған жөн. Сондықтан, нанды кепкен күйінде, ұнның қатты сұрпынан дайындалған, жүгері немесе қара ұнмен араластырып пісірген кезде асқазан-ішек жолдарының жұмысы жақсарады.  Қытырлақ картоп (чипсы), қуырылған картопты (фри) – мүлдем жемеу керек.

Сан алуан азық-түліктердің ішінен өзімізге пайдалы, дәрумендерге бай, құрамында жасанды бояғыштар мен канцерогенді заттары жоқ тағамды таңдау үшін тұтынушы  таңдау жағынан сауатты болғаны дұрыс. Қандай да тағамды сатып алмас бұрын, сыртқы қорабына, сақталуына назар аударып, құрамдағы компоненттерімен танысып алу қажет. Сыртында жазылмаған жағдайда, сатушыдан ақпарат алуға болады. Кеден Одағының Техникалық регламентіннің 022/2011 «Азық-түліктердің сыртын таңбалауы туралы» бөлігіне сәйкес, сатушы Сізге тауар туралы толық, әрі нақты ақпаратты беруге міндетті. Бұндай ақпарат сіздің денсаулық жағдайыңызға тікелей байланысты болады.

Сапалы азық – денсаулық кепілі екенін ұмытпайық!

Артқа
Яндекс.Метрика