Кіру
You can authorize on site with:
Google Vkontakte Mailru

Жатыр мойын обырын алдын алу22.01.2018ж.

Жатыр мойын обыры – сүт безі обыры секілді жиі кездесетін, әйелдерде көп таралған онкологиялық ауру. Еуропада жыл сайын 25 мың әйелде жатыр мойынның қатерлі ісігі анықталады. Ресейде жатыр мойын обыры (ЖМО) 100 000 адамға шаққанда шамамен 11 жағдайда кездеседі. Қазақстанда жыл сайын жатыр мойын обырымен 10 000 жуық жағдай тіркеледі. ШҚО-да бұл сан шамамен 230 жағдайды құрайды. Аурудың шамалы жасы – 35-55 жас, бірақ ісік 20 жас және 60 жаста да өсуі мүмкін.

ЖМО-ның басты себебі – жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулар (хламидии және адам папилломасының вирусы, ұшық). Папиллома вирусы болған кезде онкологиялық аурудың қаупі 60 рет өседі. Жатыр мойын обырының өсуіне ұмтылдыратын басқа факторлар онша маңызды емес, сондықтан ерекше назарға лайық емес.

Бұл қауіп факторын қысқаша атап өтейік:

Жатыр мойын обырымен ең әуелі бейберекет сексуалды өмір сүріп жүрген әйелдер ауырады. Жыныстық қатынасты ерте бастау, тұрақсыз секс, оған қоса – сексуалды серіктестігінің үнемі ауысуы, үнемі түсік тастау, ерте жастан бала туу- бұның барлығы жатыр мойын обырымен сырқаттану қауіпін арттырады.

Жыныстық қатынасты ерте кезде бастаған және бейберекет байланыстар адам папилломасының вирусын (АПВ) жұқтыру қауіпі артады. Бұл вирус тіннің өсуін өзгертеді. Бір жағдайда бұл сүйелдің өсуіне әкеледі, ал басқа жағдайда – обырды өршітеді. 100 әйел жатыр мойын обырымен анықталған, 76 әйелде АПВ табылды.

Жатыр мойын жарасы сондай-ақ ЖМО факторларына бейімді. Жатыр мойынның сыртқы қабығы механикалық зақымданса, зақымданған жерінде обыр жасушалары пайда болуы және өсуі мүмкін. Нәтижесінде механикалық зақымдану кейде қабыну процессінде дамыйды, фонда қатерлі өзгеріс пайда болады. 

Дәрігер ең әуелі ерте өзгерісті анықтайды, бірден емдеу тәсілін таңдайды және аурудың дамуына жол бермейді. Гинекологтан уақтылы тексерістен өту жатыр мойын обырының даму қауіпі 80%-ға төмендейді.

Тағы бір қауіптің маңызды емес факторларының бірі – шылым шегу. Күніне бір қорап шылымды шегетін әйелдерде жатыр мойын каналының сілемейінде өндірілген никотин анықталды.  Бұл зат ауру туындататын агенттерден жатыр мойынның табиғи қорғанысына кедергі болады, соның ішінде АПВ-нан. Тағы басқа темекі түтінінде кездесетін канцерогендер ісіктің пайда болуына себепші болады.

Жатыр мойын жасушасында өзгерістер уақытында анықталса, жатыр мойын обырын алдын алуға немесе емдеуге болады. Бұны тек дәрігер ғана жатыр мойын үстінен сүртіндіні алып және тексеру арқылы, скринигтік тексеру жүргізу кезінде істей алады. Диагнозды анықтау үшін қосымша тексеру әдістерін талап етуі мүмкін, бірақ бұл көп уақытты алмайды және нақты диагнозды анықтауға кепіл береді. Сондықтан, өзіңнің жан тыныштығыңыз және қауіпсіздігіңіз үшін гинекологиялық тексерілуден жылына 1-2 рет тексеріліп тұру қажет. Егерде келесі симптомдарды (жыныстық қатынастан кейінгі немесе етеккірден кейінгі қан аралас шығындар, бел және аяқ аурулары, ісіктер, зәрдегі қан ) байқасаңыз, бірден дәрігерге қаралыңыз. Бұл барлық белгілер сырқаттың бұрын басталғандығын және үдейтінін куәландырады.

 

Хирург-онколог И.Л. Чертищева

Артқа
Яндекс.Метрика