Кіру
You can authorize on site with:
Google Vkontakte Mailru

Абайла! Медициналық қалдықтар09.10.2017ж.

Қалдықтардың әр түрін жинау, жою, зиянсыздандыру және кәдеге жарату, олардың зиянды әсерінен халықты және қоршаған ортаны қорғаудың өзекті мәселелрі кез-келген аймақтың стратегиялық даму жоспарында маңызды орын алады және халықтың қауіпсіздігінің маңызды эпидемиологиялық және экологиялық құрамдас бөлігі болып табылады.

Ең алдымен, медициналық қалдықтар емдеу-профилактикалық мекемелерінің қызметкерлері үшін эпидемиологиялық қауіпті: қызметкерлер науқастарға қолданылған шанышпалы қалдықтармен дұрыс жұмыс істемеген жағдайда, байқамай инфекцияларды жұқтыруы мүмкін. Сонымен қатар, зарарсыздандырылмаған қалдықтар полигондарға, қоқыс тастайтын жерлерге, контейнер алаңдарына түскен жағдайда халыққа қауіп төндіреді.

Сонымен қатар, құрамында сынабы бар шамдармен ұқыпсыз жұмыс істегенде және оларды жою кезінде қауіптілік тудырады. Сынған, зақымданған градусниктің шыны сауытынан шыққан сынаптың буы ауыр улануға әкеп соғуы мүмкін.

Денсаулық сақтаудың қазіргі заманғы дамыту сатысында медициналық көмектің сапасын жетілдіру, диагностикалық және емдеу-профилактикалық шараларының көбеюі, адамдардың денсаулығын сақтауға жаңа технологияларды енгізу емдеу-профилактикалық мекемелерінде медициналық қалдықтар көлемінінің артуымен қатар жүреді, соның салдарынан медициналық қызметкерлердің денсаулығы мен қоршаған ортаға кері әсері артады.

2016 жылдың есептік деректеріне сәйкес Шығыс Қазақстан облысының медициналық ұйымдарында Республика бойынша түзілген медициналық қалдықтар көлемінің ең жоғарғы көрсеткіштерінің бірі байқалған (296т891 кг – А сыныбы; 295т074 кг –Б сыныбы, 19т128 кг – В сыныбы, 7531 дана бактерицидті шамдар, градусниктер және т.б.-Г сыныбы ). Жылдан жылға осы қалдықтар, әсіресе эпидемиологиялық қауіпті Б және В қалдықтарының көлемі өсуде.

Сонымен бірге, Шығыс-Қазақстан облысы Республикамыздың өнеркәсібі дамыған облыстарының бірі болып табылады, соның салдарынан қоршаған орта шектен тыс ластанады. Облысымыздағы медициналық қалдықтарды зарасыздандыратын 17 арнайы құрылғылардың барлығы тазартуға дейінгі көпсатылы жүйесі жоқ өртеу тәсілін қолданады, ал ол атмосфералық ауаны қосымша ластауға әкеледі.

Диоксин мен фуран шығарындыларының көзі болып табылатын қауіпті медициналық қалдықтарды өртеу қондырғыларынан қоршаған ортаға түсетін антропогендік жүктемені төмендету мақсатында, БҰҰДБ бірлескен жобасына сәйкес 2015 жылдан біздің облыс пилоттық ретінде таңдап алынды

Жобаға сәйкес Өскемен қаласындағы «Ана ман бала орталығында» ШЖҚ КММ қуаты 100 кг/сағ болатын екі автоматты бу стерилизаторлары, «Зайсан аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ КММ және «Катонқарағай аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ КММ екі мамандырылған автокөліктерімен, бір-бірден қуаты 20 кг/сағ автоматты бу стерилизаторларын орнату жүзеге асты.

БҰҰДБ бірлескен жобасының жақсы үлгісі ретінде Семей қаласының және Үрджар ауданының медициналық ұйымдары  DGM V-150 және «Балтнер» 2 стерилизаторларын орнатты.

Орнатылған құрылғылар өртеу қондырғыларынан атмосфералық ауаға шығарындыларды азайту жолымен Шығыс-Қазақстан облысының экологиялық қауіпсіздігінің өзекті мәселесін белгілі бір мөлшерде шешуге мүмкіндік берді.

Сондай-ақ, пилоттық облыс ретінде, медициналық қызметте сынапты пайдалануды азайту үшін ШҚО стационарларында баламалы сынапсыз құрылымдар енгізіліп, 9704 дана сынапты термометрлер электронды термометрлерге ауыстырылған.

Инфекция жұқтырған медициналық қалдықтармен жұмыс істеуді ұйымдастырғанда мынадай принциптерді ескеру керек: қалдықтардың қауіпсіздігін білу, қалдықтардың жіктелуі, технологияларды бағалау. Осы жұмыстың нәтижесі ретінде аймақтық ерекшеліктер мен мүмкіндіктер ескеріле отырып, қалдықтармен жұмыс істеу жүйесі құрылуы тиіс. Қалдықтардың қауіпсіздігіне баға бергенде қалдықты жасаушы келесі қағидаларды ұстануы керек:

  1. Әрбір өндіруші, өзінің қалдықтарының адам үшін қауіп-қатер төндірген кезінде жауапты.
  2. Қалдықтардың адам үшін қауіпсіздік принциптерін медициналық қалдықтардың түзілген орындарында, ауруханаішілік тасымалдау кезінде, уақытша сақтау орындарында, қалдықтарды жою мен кәдеге жарату орындарына тасымалдау кезеңінде қатаң ұстану.

Медициналық персоналдың жарақат алуы мен қан арқылы жұғатын инфекциялардың жұқтыруын азайтудағы маңызды аспекті үшкір медициналық қалдықтарды жинау үшін бір реттік арнайы - жинауға және қауіпсіз кәдеге жаратуға арналған контейнерлерді (бұдан әрі – ЖҚКЖК) пайдалану болып табылады. Бұл қазіргі қолданыстағы заңнамада регламенттелген.

Персоналдың жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуі, уақытында екпе алуы, арнайы дайындығы, медициналық ұйымдарда бір реттік  медициналық өнімдерді пайдалану – осының бәрі ауруханаішілік инфекциялардың алдын –алудың негізгі шаралары.

Жұқпалы аурулардың қоздырғыштарының таралу жолдары мединицинада жақсы зерттелген, сондықтан егер де жұмыс істеу кезінде гигиенаның қарапайым қағидаларын орындап, сақтық шарасын жасасаңыз жұқтыру қаупін оншақты ретке төмендетуге болады.

Артқа
Яндекс.Метрика