Кіру
You can authorize on site with:
Google Vkontakte Mailru

2 жасқа дейінгі бала денесінің дамуы16.08.2017ж.

2 жасқа дейінгі балаларға арналған жаттығулар, барлық жас ерекшелік санатындағы балаларға арналған дұрыс дене жүктемесі сияқты, олардың үйлесімді дамуына және денсаулығын күшейтуге бағытталған.

Өсуіне қарай баланың қозғалу белсенділігі де арта түседі, дегенмен екі жастағы сәби әлі де қозғалысты нашар үйлестіреді, тепе-теңдікті ұстай алмайды, жиі құлайды. Бірақ тұрақты дағдылар жетіле түседі, бұған олардың дене мүмкіндіктеріне қарай, 2 жастағы балаларға арналған жаттығулар көмектеседі.

Ерекшеліктерін ескеру

Балаға 2 жастағы балаларға арналған жаттығуларды орындауды ұсына отырып, осы жасқа тән, сүйек-бұлшықет жүйесін дамыту деңгейін және анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін ескерген жөн:

2 жастағы балаларға арналған жаттығулардың пайдасы

2 жастағы балаларға арналған жаттығулардың пайдасы, олар тірек-қимыл аппаратының қалыпты қалыптасуына ықпал етеді, сүйектерді мықты, ал бұлшықетті күштірек етеді.

Бұлшықет корсеті және байлам аппаратының әлсіздігі, қимылдың жеткіліксіздігіне, біртіндеп және дене бітімінің дұрыс дамуымауына әкеледі. Ал дұрыс емес дене бітімі омыртқаның (сколиоз) бір жағына қисаюына әкеледі, бұл кезде тыныс және жүрек-тамыр жүйесінің қалыпты жұмысы бұзылады.

2 жастағы балаларға арналған жаттығулар кешені

2 жастағы балаларға арналған жаттығулар кешенін балалар пейілімен орындау үшін, ата-аналар ойын түрінде жаттығу өткізіп, өздері де белсенді қатысулары тиіс. Екі-үш жастағы баланың басты қызметі – зат (ойыншықтар және әртүрлі заттардың әрекеті), сондықтан ойын-жаттығу барысында ойыншықтарды пайдалану қажет.

Мұндай жастағы балалар тез шаршайды, сондықтан 3-4 жаттығуды бес реттен, ал барлық жаттығуды 15 минуттан асырмай орындаған жеткілікті. Үш жасқа дейінгі балаларға, тіпті аздаған биіктіктен де секіруге болмайтыны естеріңізде болсын, өйткені табан күмбезі әлі әлсіз әрі оған күш түсіруге болмайды.

Сонымен, 2 жастағы балаларға арналған жаттығулар кешені мынадай элементтерден тұруы мүмкін.

 

  1. «Жолмен жүреміз» (жүруді және тепе-теңдікті дамытады). Еденге қатты қағаз немесе матаның қиындысы немесе екі жіп (бір-бірінен 25 см-дей қашықтықта, параллель) төселеді. Бала осы «жол» бойымен тепе-теңдікті сақтап және оның шегінен шықпай, бірнеше рет жүріп өтуі тиіс. Осы кезде, бала жетіп және ересек адамға алып келетіндей етіп, жолдың бір шетіне ойыншықты қояды.
  2. Кедергіден (дұрыс жүруді және аяқ бұлшықетін дамытады) жүріп өту. Еденге таяқ немесе кішкене ойыншықты қояды, сәби ол арқылы бірнеше рет жүріп өтеді. Былай да ойнауға болады: «аяқтарымыз түзу жолмен өтеді» дегенде, бала қалыпты жүреді, ал «ал енді тастармен жүреді» дегенде бала тізесін биік көтеріп, аттауы тиіс.
  3. Текшелерді (аяқ мускулатурасын дамытады) жинаймыз. Еденге 6-8 текшелерді шашып және ыдыс (себет, пластик шылапшын немесе шелек) қояды. Балаға барлық текшелерді - әрбірін еңкейіп және жүрелеп, жинау жайлы тапсырма беріледі.
  4. Төрт аяқтап (мысық, ит немесе кез келген жануар сияқты) жүреміз. Бұл жаттығулар баланың барлық бұлшықеті және қимылын үйлестіруді жақсы дамытады.
  5. Құс (иық маңының мускуласын дамытады) сияқты ұшамыз. Бала қолын түсіріп тұрады, «құс ұшты» дабылы бойынша қолдарын екі жағына көтеріп және бөлме ішімен, түзу қолдарымен қағу қимылын жасайды.
  6. Гүл (иық маңының, аяқ, арқа мускуласын дамытады) өседі. Бала жүресінен отырып, ересек адамның «жаңбыр жауады, гүл өседі» сөзінен кейін жүресінен тұрып, арқасын түзулеп, қолдарын жоғары көтеріп және аяқтың ұшымен тұрады.
  7. Жел соғады, ағаштар (қол және дене бұлшыеттері дамиды) ырғалады. Бала қолын төмен ұстап тұрады, «жел соғады, ағаштар ырғалады» дабылы бойынша қолдарын жоғары көтеріп, денесін оңға-солға майыстырады.
  8. Балық (арқа және мойын прессін дамытады) сияқты жүземіз. Бала қолдары кеудесіне бүгіліп, ішімен жатады. Ересек адамның командасы бойынша арқасын иіп, қолдарын алға түзу ұстап, басы мен кеудесін көтереді.
  9. Доп (дене бұлшықетін дамытады) домала-домала. Бала алдыға еңкейіп және үлкен допты қолымен итеріп, еден бойымен домалатады.
  10. Футбол (барлық бұлшықеттерін, қимыл тепе-теңдігін және үйлесімін дамытады). Бала әлі де жүгіре алмайтындықтан, допты еден бойымен аяғымен теуіп – жүру кезінде, домалатады.

Ата-аналардың фантазиясында шек жоқ! Өз балаларының ерекшеліктерін ескере отырып, дене жаттығулары негізінде көптеген қызықты ойындар ойластыруға болады. 2 жастағы балаларға арналған жаттығулар кешеніне жаңа қимылдар қоса отырып, баланың сүйек-бұлшықет жүйесі белсенді өсу мен даму процесінде болатынын есте ұстаған жөн. 2 жастағы балаларға арналған дене жаттығулары, оларға қимыл қуаныштарын және ата-аналармен сөйлесу ләззатын беруі тиіс.

 

«Өскемен қаласының №1 емханасы» ШЖҚ КМК №2 КДБ аға медбикесі Павлова Наталья Дмитриевна

 

Артқа
Яндекс.Метрика