Кіру
You can authorize on site with:
Google Vkontakte Mailru

Холестерин туралы не білуіміз керек?23.06.2017ж.

Холестерин деген не?

Холестерин – липид (май), көбіне бауырда түзіледі және ағзаның қалыты жұмыс істеуіне маңызы зор. Сонымен қатар холестерин ағзаға зиян мүмкін. Жаман жағы: төмен тығыздықтағы липопротеидтер  және жақсы жағы: жоғары тығыздықтағы липопротеидтер. Әртүрлі класстағы липопротеидтер құрамында оның тепе-теңдігінің бұзылуы атеросклероз дамуына әкеліп соғады.

Холестерин және оның түрлері: жоғары тығыздықтағы липопротеидтер жақсы холестерин болып саналады, өйткені ағзадан жаман холестериндерді шығаруға көмектеседі. Жоғары тығыздықтағы липопротеидтер көрсеткіші өте жоғары болуы керек 1,55 ммоль/л немесе одан жоғары. Төмен тығыздықтағы липопротеидтер – жаман холестерин, өйткені ол артерияда жиналып қан жүруін қиындатады. Төмен тығыздықтағы липопротеидтер деңгейін төмен ұстап тұру керек. Қалыпты көрсеткіш 2,59 – 3,34 ммоль/л; жүрек аурулары даму қаупі бар адамдарда көрсеткіш  2,59 ммол/л-дан төмен; бұл қауіп одан да жоғары адамдарда 1,81ммоль/л болу керек.

Холестериннің жоғарғы көрсеткіші немен қауіпті?

Атеросклероз – тамырлардың қысылуы немесе бітеліп қалуы;

Жүректің коронарлы  ауруларының жоғарғы қаупі – жүрекке оттегі және қан жеткізетін тамырлардың зақымдануы;

Миокард инфаркті – жүрек бұлшықетіне қан және оттегі жетпей тамырда қантығын (тромб) болып қалуы, бұл жүрек бұлшықеттерін жансыздандырады;

Стенокардия – кеуде тұсында жайсыздық сезіну немесе ауыру, бұл жүрек бұлшықеттері жеткілікті мөлшерде қан ала алмаған кезде болады;

Басқа жүрек - қантамыр аурулары  - жүрек  және тамыр аурулары;

Инсульт және шағын инсульт – қан ұйып миға қан таралмай қалуы. Қан тамырлары жарылып кеткенде де осылай болуы мүмкін. Нәтижесінде ми жасушалары жансыздана бастайды.

Холестериннің жоғары деңгейінің белгілері (гиперхолестеринемия)

Белгілері байқалмайды, пациент немесе дәрігер оны көріп, ұстап анықтай алмайды.Атеросклероз белгілері бар адамдарда анықталады:

Жүрек тамырларының тарылуы (стенокардия);

Жаттығу жасау барысында аяқ ауыруы, өйткені аяқ тамырлары қысылған;

Қан ұюы және қан тамырларының жарылуы – бұл инсульттің немесе щағын инсульттің себебі болуы мүмкін;

Қан түйіндерінің жарылуы – бұл тромбозға әкеліп соғады (жүреккке қан жеткізетін артерияның біреуінде қан ұйып қалуы). Егер бұдан жүрек бұлшықеттері зақымдалса ол жүрек жеткіліксіздігіне әкеліп соғады;

Ксантома – терідегі сары дақ, әсіресе көздің айналасында. Ол қанда холестерин жиналып қалуынан  болады. Бұл холестеринге жоғары бейімділігі бар адамдарда болады.(тұқым қуалаушылық гипперхолестеринемия).

Холестериннің жоғары деңгейін қалай анықтауға болады?

Холестерин деңгейін қаннан биохимиялық талдау алу арқылы анықтау.

Қан алғанша 12 сағат ештеңе жемеу керек. Көбінесе жалпы холестерин және оның фракцияларын тексереді.

Қандағы холестериннің жоғары деңгейін қандай тәсілмен емдеуге болады?

Өмір салты. Холестериннің қалыпты деңгейін ұстап тұру үшін:

Дене жаттығуларын жасау;

Жеміс-жидек, көкөніс, бүтін дәнді дақылдар, сұлы, сапалы май көп мөлшерде қолдану керек. Қаныққан май тағамдарын қолданбауға тырысу керек.

Дұрыс ұйықтау (тәулігіне 8 сағат);

Дене салмағын қалыпта ұстау;

Алкоголь қолданбау;

Шылым шекпеу.

Сарапшылардың айтуынша, жүрек-қан тамыр аурулары даму қаупі бар адамдар оны тамақтану рационын өзгерту жолымен төмендете алмайды. Дегенмен де, дұрыс тамақтану денсаулыққа да, холестерин деңгейіне де пайдалы.

Жоғары холестеринді дәрімен емдеу.

Жоғарыда айтылғандардың бәрін орындасаңыз да холестерин деңгейі түспесе, сіздің дәрігеріңіз холестерин деңгейін түсіруге арналған дәрілер тағайындауы мүмкін.

Олар:

Статин (ингибитор ГМГ-КОА редуктаз) – бауырда холестерин бөліп шығаратын ферментін бұғаттау. Бұл жағдайдағы мақсат холестерин деңгейін 4-2 ммоль/л- ға түсіру. Статин артеросклероздың алдын алуға және емдеуге пайдалы. Жанама әсері: іш қату, бас ауыру, іш ауыру және іш өтуі мүмкін. Жиі қолданылатын статиндер: аторвастатин, розувастатин.

Кардиолог дәрігер – резиденттер:

Е.А.Балабанченко

Д.Д.Карымсаков

 

Артқа
Яндекс.Метрика