Учаскелік дәрігерге тіркелу |
Қабылдауға тіркелу |
Өтініш беру |
Менің емханамды iздеу |
Ауруханалар және емханалар |
Алғыс білдіру |
Жаңалықтар |
Шаралар |
Көрсетілген ұсыныстардың сапасын бағалау |
Туберкулез - Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінің индикаторы болып табылады.
Туберкулез әлемнің барлық аймақтарына таралған, әліде көптеген адамдардың өмірін әкетіп отырған жұқпалы аурулардың қатарына кіріп, дүние жүзінде өзекті мәселе болып тұрған жұқпалы ауру.
Әлемде туберкулездің таралу көрсеткіші жылма жыл баяу төмендеуде, соңғы 2000 жылдан бастап жер жүзінде 37 миллион адамның өмірі сақталып қалды. Туберкулездің ашық түрімен ауыратын бір адам айналасындағы 15-20 адамға жұқтырады. Бірақ, дер кезінде дәрігерлік көмекке жүгініп емделмеген жағдайда бұл ауру адам өліміне әкеліп соқтырады.
Медициналық және фтизиатриялық қызметпен бірлесіп туберкулез ауруының алдын алу және оған қарсы эпидемиологиялық шаралардың ұйымдастырылып жүргізілуінің нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысында 2015 жылмен салыстырғанда 2016 жылы туберкулез 17,4 пайызға төмендесе, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 47,4 пайызға төмендеді. Ал, туберкулез ауруынан қайтыс болғандар көрсеткіші 18,7 пайызға төмендеді.
Туберкулезге қарсы арнайы және арнайы емес алдын алу шаралары жүргізіледі. Арнайы алдын алу шараларға балалар мен ересектерді туберкулезге қарсы иммундау және міндетті және профилактикалық медициналық тексеру жүргізу жатады.
Балаларды БЦЖ екпесімен жоспарлы иммундау туберкулездің ауыр түрлерін болдырмау үшін қолданылады. Алғашқы екпені жаңа туылған бала перзентханада 0-4 күн ішінде алады. БЦЖ екпесімен қайта егуге - тек дені сау, қойылған Манту сынамасы теріс болған 6-7 жасытағы (1 сынып) балалар жатады. Шығыс Қазақстан облысында 2016 жылы балаларды БЦЖ екпесімен егу және қайта егумен қамтылуы -97,7 пайызды құрады, бұл (95%-дан кем болмауы тиіс).
Кезекті алдын алу медициналық тексерулер.
Балалардағы туберкулезді ерте анықтау үшін Манту сынамасы қолданады. Манту сынамасы 12 айынан бастап 14 жасқа жеткен тәуекел тобындағы балаларға қойылады. Манту сынамасын бұрынғы сынамалардың нәтижесіне қарамастан жылына бір рет қояды. Ол мынаны анықтау мақсатында жасалады:
1) Микобактерияны алғаш рет жұқтырғандарды және туберкулинге гиперергиялық реакциясы бар балаларды анықтау;
2) Ауруды ерте анықтау үшін.
Профилактикалық тексеру туберкулезді ерте кезден анықтаудың бірден-бір тиімді жолы, бұл кезде ауруды емдеуге болады. Ересек тұрғындарда туберкулезді ерте анықтау мақсатында профилактикалық медициналық тексеруге Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасының аумағындағы басқа да адамдар жатады. Халықты профилактикалық медициналық тексеру тұрғылықты жері, қызметі, оқуы немесе тергеу-изоляторларында және түзету мекемелерінде ұстау орны бойынша медициналық ұйымдарда көпшілік, топтық (эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша) және жеке тәртіппен ұйымдастырылады. Тағы бір айта кетерлік жай туберкулез ауруының шығуына халықтың әлеуметтік жағдайы да әсер ететіндігі. Бұл адамдардың әлеуметтік жағдайы төмен ортада жиі кездеседі. Сондықтан аурудың таралуы көп жағдайда халықтың әлеуметтік жағдайының ұйымдастырылуы мен салауаттылық дәрежесіне байланысты болады.
Әрбір азамат өз денсаулығын нығайтуда дене шынықтыру, теңгерімді тамақтану, күн тәртібін дұрыс ұстану (уақытында ұйықтау, дем алу), зиянды әдеттерден арылу (шылым шегу, ішімдік ішу), жеке гигиенаны сақтап, салауатты өмір салтын ұстану, балаларды туберкулезге қарсы күнтізбеге сәйкес ектіру, ересектердің медициналық тексеруден үнемі өтіп отыруы яғни, әрбір адамның өз денсаулығына мұқият қарауы туберкулездің алдын алудағы қарапайым ережелерді сақтаудың маңызы зор екендігін есте ұстаған жөн.
ҚР ҰЭМ ТҚҚК
ШҚО ТҚҚ Департаменті
басшысының м.а Б.Қуанышбеков
ШҚО ТҚҚ Департаменті аса
қауіпті және карантиндік инфекцияны
эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы Тарина Ш.Ж