Кіру
You can authorize on site with:
Google Vkontakte Mailru

ЖРВИ және тұмаудың алдын алу08.01.2017ж.

Тұмауәлемде ең көп таралған инфекция, індет кезінде жер шары халқының 4-тен 15%-ға дейін зақымдайды. Әдетте ауа-тамшылары арқылы жұғып, бірден дене қызуының көтерілуі, бұлшықет пен бастың ауыруы, қатты сырқаттану, құрғақ жөтелу, тамақтың ауыруы секілді белгілермен сипатталады. Әсіресе жүкті әйелдерде, нәрестелер мен созылмалы аурулары бар тұлғаларда аурудың ауыр түрінің дамуына әкелуі мүмкін.

Тұмаудың алдын алудың екі түрі бар: спецификалық, спецификалық емес.

Спецификалық түріне екпе жатады, ол тұмаумен ауру қаупін мейлінше төмендетеді, егер де егілген адам ауырып қалса да, ауру асқынусыз жеңіл өтеді. Екпені індет басталмай тұрып егу керек, өйткені ағзаға иммунитет қалыптастыруға немесе вирустың  қандай да бір штаммына қарсы тұруға қорғанысқа уақыт қажет. Екпе жүргізу мерзімін анықтауға иммунитет даму мерзімін білу керек, ол екпеден соң екі күннен кейін басталып, 15-30 күні шегіне жетеді. Қарсыденелердің қорғаныс деңгейі бірнеше айдан жарты жылға дейін сақталады. Тұмауға қарсы екпенің тиімді мерзіміқазан, қараша айлары. Жыл сайынғы екпе, аннотацияда басқа жазылмаса, барлық тұрғындарға, 6 айлық баладан 65 жастағыларға дейінгілерге жүргізіледі. Заманауи екпе аллергия тудырмайды, екпеден соң бірден тұмаудың бірнеше штаммына бір мезгілде иммунитет  қалыптастырады.

Екпеге қарсыкөрсетілім- егетін күні жіті немесе асқынған созылмалы аурулар.

Қосымша ақпаратты тұрғылықты жеріңіз бойынша емханадан ала аласыз.

 Спецификалық емес профилактиканы  нақты жұмыс істейтін және қорғаныс демпердесін қолдану, қолды жиі жуу немесе залалсыздандыратын ерітіндімен тазалау, жөтелгенде немесе түшкіргенде ауызды көлегейлеу, ғимаратты жиі желдету, ылғалды тазарту, науқас адаммен байланысты шектеу, адам көп жерге бармау секілді тұмау инфекцияның жұғуынан қорғауға көмектесетін жалпы ұсыныстарды айтуға болады.

Салауатты өмір салты қағидаларын сақтау керек: қанық ұйқы (күніне 8 сағаттан кем емес), күніне 400 грамм көкөніс және жеміс қолданып дұрыс  тамақтану, шынығу, күніне 30 минуттай  жаттығулар жасау, күйзеліске түспеу.

Егер ауырып қалсаңыз не істеу керек? Басқа адамдармен байланысты шектеу, өз бетіңізбен емделмей медициналық көмекке жүгіну,  жеке бас гигиенасын сақтау, қорғаныс демпердесін қолдану, сұйықтықты (жылы шай, сүт, морс және т.б ) көп ішу, сарымсақ, пияз жеу керек.

Егер үйде біреу ауырып қалса ше? Оны жеке бөлмеге жатқызу керек, тұрмыстық заттары бөлек болсын, бөлмені жиі желдету керек, оған күтім жасағанда демперде кию қажет, қолды сабындап жиі жуу керек.

Есіңізде болсын! Сіздің денсаулығыңыз – Сіздің қолыңызда!

Артқа
Яндекс.Метрика