Кіру
You can authorize on site with:
Google Vkontakte Mailru

Өскемен қаласындағы 2015-2016жж. эпидемиялық маусымдағы жіті респираторлық вирустық жұқпалар аурушаңдығы бойынша эпидемиологиялық ахуал, алдын алу іс-шаралары.14.10.2016ж.

         Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының(ДДҰ) мәліметі бойынша, тұмау аурушаңдығы деңгейінің маусымдық көтерілуі кезінде дүние жүзінде тұмаудың 3-5 млн. ауыр жағдайлары,   250 мыңнан 500 мыңға дейін өлім-жітім жағдайлары тіркеледі. Тұмау вирусы науқастың барлық ағзаларын зақымдайды  және өзінің асқынуларымен қауіпті.

      Жіті респираторлы вирусты жұқпа (ары қарай ЖРВЖ), тұмау  аурушаңдығының эпидемиялық ахуалы 2015-2016 жж. эпидемиялық.кезеңде тұрақты болды. ЖРВЖ аурушандығының деңгейі 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,8% төмен болды. Ауырғандардың ішінде 14 жасқа дейін балалар (51,1%) құрайды.Тұмау вирусының айналымы 2016 ж. қаңтар айының басында байқалды, тұмау ауруының зертханалық расталған барлығы 98 жағдайы тіркелді. Қала аумағында тұмаудың өлім-жітім жағдайлары тіркелген жоқ.

      Өскемен қаласы тұтынушылардың  құқықтарын қорғау басқармасы ЖРВЖ аурушандығына, ауруханаға жатқызылғандар санына, тұмау вирусының айналымын анықтау  үшін зертханалық тексерулер жүргізуге апта сайын мониторинг  жүргізіп отырады. ШҚО  денсаулық сақтау басқармасымен медициналық мекемелердің  вирусқа қарсы және басқа симптоматикалық дәрі-дәрмекпен, медициналық құралдармен, оның ішінде шұғыл жәрдем көрсетуге арналған құралдармен, екпе егу үшін вакцинамен, жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілуі бойынша және жүкті әйелдерге тұмауға қарсы  екпе егу және патронаж  жүргізу  бойынша жұмыстар  жүргізілуде.

      ЖРВЖ, тұмау аурушандығы маусымының басталуына  байланысты және адамдарды арнайы қорғау мақсатында, қазан-қараша айлары арасында тұрғындарға жаппай екпе егу жүргізіледі. Тұмауға  қарсы  алдымен  екпе  егілуге тиісті адамдар тобы бар, оларға 60 жастан асқан адамдар,созылмалы аурулары бар науқастар, ЖРВЖ жиі ауратын адамдар, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар, көпшілікпен жиі қатынаста болатын оқу орындарының, медициналық мекемелердің, автокөлік, қызмет көрсету салаларының қызметкерлері жатады. Екпені балаларға 6 айдан бастап,  жүкті  әйелдерге жүктіліктің 2-3 айлық мерзімінде және ересектерге медициналық қарсы көрсетілімдерсіз жүргізуге болады. Иммунитет тұмауға қарсы вакцинаны алған соң 14 күннен кейін қалыптасады, ұзақтығы 6 айдан 12 айға дейін.

      Екпе барлық ЖРВЖ жиілігін, жедел отит аурушаңдығын, өкпенің қабынуын, өкпенің созылмалы ауруларының қайталануын, ауыр асқынуларды төмендетеді. Жергілікті бюджеттен 2016ж. тұмауға қарсы мөлшері 14500 «Гриппол плюс» вакцинасы сатып алынды, өндіруші Ресей,  вакцинаның құрамында тұмау вирусының А (А(H1N1), A(H3N2)) және В түрлерінің тазартылған антигендері бар,консерванттарсыз. Медициналық мекемелерге тұмауға қарсы вакцина «тәуекел топқа» жататын адамдарды егу үшін таратылды (созылмалы аурулары бойынша диспансерлік есепте тұратын ересек адамдар және жабық мекемелердегі тұлғалар үшін- сәбилер үйі, балалар үйі, мектеп-интернаттар, қарттар үйі, жүктіліктің  2-3 үшайлық мерзіміндегі  жүкті әйелдер).

      Тәуекел топқа жатпайтын адамдар, өздері тіркелген медициналық мекемеден ақылы түрде тұмауға қарсы екпе ала алады.

Өскемен қаласы бойынша: 3 екпе егу кабинеттері жұмыс істейді.

Амбулаториялық орталық , Абай көшесі,  18 үй, тел. 75-42-36;

№ 2 Емхана,  Буров көшесі, 61 үй, тел.  26-36-36, 57-76-82;

Солжағалау  клиникасы, Сатпаев көшесі,  34/1 үй, тел. 60-16-13.

Ақылы екпе егу кабинетінде сондай-ақ  «Инфлювак» вакцинасы да бар, өндіруші  Нидерланды мемлекеті.

Артқа
Яндекс.Метрика