Кіру
You can authorize on site with:
Google Vkontakte Mailru

«Екпе –тұмаудан сенімді қорғаныс»10.10.2016ж.

Екпе тұмаумен ауырудың қаупін мейлінше төмендетеді. Екпені эпидемия басталғанша жүргізу керек, өйткені ағзаға иммунитет қалыптастыруға уақыт қажет. Екпе жүргізу уақытын анықтау үшін иммунитет даму мерзімін білу қажет, ол егілген соң екінші күні басталып, 15-30 күнде шегіне жетеді. Қарсыденелердің қорғаныс деңгейі бірнеше айдан жарты жылға дейін сақталады.Тұмауға қарсы екпенің тиімді мерзімі – қазан, қараша айлары.

6 айдан асқан балалар, жиі және ұзақ ауыратындар, мүгедектер, екінші және үшінші триместрдегі жүкті әйелдер тұрғылықты жері бойынша емдеу мекемелерінде тегін егіледі.

Ақылы екпе төмендегі медицина ұйымдарында жүргізіледі:

-«№2 қалалық емхана», Буров к,61, №210 кабинет

-«Амбулаторлық орталық мекемесі», Абай к,18, №319,№325 кабинет

-«Сол жағалау мекемесі», Сәтпаев даңғылы,34/1, №43 кабинет

Артқа
Яндекс.Метрика