Кіру
You can authorize on site with:
Google Vkontakte Mailru

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы тұрғындар не білу керек?13.09.2016ж.

    I.  Көптеген елдерде медициналық сақтандыру бар. Мысалы, Германияда сонау Бисмарк басқарған кезден бастап бар.

     Қазіргі кезде Европаның 16 елінде, соның ішінде Түркияда (1945 жылдан бастап), Жапонияда (1961 жылдан бастап) бюджеттік жоспарлау орнына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) моделін қолданады. Бұл елдерде медицина жоғары деңгейде дамыған, тұрғындардың өмір сүру ұзақтығы 80-85 жас.

   Сарапшылардың пайымдауынша МӘМС мемлекет, жұмыс беруші және азаматтардың денсаулықты қорғауда ынтымақты жауапкершілігіне негізделген.

Мемлекет өзіне мынадай міндеттер алады:

а) еліміздегі барлық азаматтар үшін медициналық көмектің шағын базалық тегін пакетін ұсынады. Қазақстанда бұны 17 млн-нан асатам адам қолданады. Оның құрамына аурулардың алдын алуға бағытталған қызметтер, жедел жәрдем, шұғыл жағдайларда көрсетілетін медициналық көмек кіреді.

б) медициналық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін экономикалық белсенділігі жоқ тұрғындар үшін жарна төлейді. Қазақстанда осы топқа жататын тұлғалардың саны жалпы тұрғындар санының 50%-ын құрайды, ол 10 млн.-дай  адам. Олар: балалар, қарттар, көп балалы аналар, жүкті әйелдер, жұмыс істемейтін мүгедектер және т.б.

Жұмыс берушілер өз жұмыскерлерінің денсаулығын ойлайды, өйткені дені сау, өнімді еңбек ресурстары - кез-келген кәсіпорынның табыс кепілі. Сондықтан да МӘМС енгізілген елдерде жұмыс берушілер еңбекақы төлеу қорынан МӘМС жүйесіне 3%-15%-ға дейін жарна төлеп отырады.

    Қазақстанның кәсіпорындарында 5,6 млн. адам жұмыс істейді, олар үшін жұмыс берушілер МӘМС жарна төлеу керек.

    Нақты бір кәсіпорында істеп және өз істерін ашқан өзін-өзі қамтитын азаматтар өз табысынан төлейді.

     Әлемдік тәжірибеде, егер азамат жалдамалы жұмысшы болса, ол еңбекақысынан 1%-8,2% төлейді, ал егер жеке кәсіпкер болса, онда көрсетілген табыстан (ең төменгі еңбекақыдан төмен емес) 7%-15,5% төлейді.

    Бұл төлемдер қаржыны мақсатты пайдаланып, медициналық көмек түрлерін кеңейтіп, олардың сапасын жақсартуды қамтамасыз етті. Бұл жағдайлар медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігін қамтамасыз етті, сондықтан да Қазақстан осыны таңдады.

Қазақстанда МӘМС 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіледі және жасына, жынысына, әлеуметтік дәрежесіне, тұрған орнына, табысына қарамастан барлық азаматтарға бірдей қолжетімді медициналық  және дәрі-дәрмектік көмек беруге кепілдік береді.

 II. 1. Қолжетімді ем алу.

Сіз кез-келген мекемеде, мемлекеттік немесе жеке клиника болсын, медициналық көмек алуға құқылысыз. МӘМС пакеті аясында Сізге дәрігердің қабылдауынан бастап, тексерілу және қымбат ота жасату қызметін көрсетеді. Шығындарды Қор төлейді.

  1. Сапалы медициналық көмек.

Әрбір клиника Сізге жоғары білікті  көмек көрсетуге мүдделі болады.Өйткені енді ауруханалар мен емханалар Қордан сапалы көмек көрсету үшін ақша алып тұрады, ол дегеніміз нақты диагностика, жақсы ем, заманауи реабилитация, тәжірибелі медбике күтімі.

  1. Тегін және қолжетімді дәрі-дәрмектер.

Сіз мемлекет бекіткен ауру түріне байланысты, тегін дәрі-дәрмек ала аласыз. Бұл қауіпсіз, сапалы дәрілерді еліміздің кез-келген дәріханасынан ала аласыз. Дәріханалар қызметін  Қор төлейді.

  1. Сіздің құқыңыз бен мүддеңізді қорғау.

Егер Сізді емдеуден бас тартса немесе сапасыз қызмет көрсетілсе Қор сіздің мүддеңізді қорғайды. Қор клиникаларды қатаң тексеріп, қызмет көрсету сапасын бақылап отырады, Сіздің шағымыңыз бойынша тексеру тағайындап, шара қолданады.

  1. Өз денсаулығыңыз туралы толық ақпарат.

Денсаулық сақтау жүйесінің жаңа электронды жүйесі ұйымдастырылады, оның аясында Сіздің жеке кабинетіңіз болады. Онда Сіздің қаралған емханаңыз, тапсырған талдауларыңыз, олардың қорытындылары, дәрігерлердің тағайындаулары мен ұсыныстары туралы барлық ақпарат жазылып тұрады.

  1. Медициналық қызметтің екі түрлі пакеті ұсынылады. Біріншісі - негізгі (базалық) пакет.
    Бұл қызметтер пакетін Қазақстанның барлық азаматтары пайдалана алады:

Екіншісі - жаңа құрылып жатқан Медициналық сақтандыру қорынан ұсынылатын сақтандыру пакеті.

Оның құрамына:

емханада емделу,

зертханалық қызмет,

диагностика және манипуляция;

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету – амбулаторлық-емханалық көмек көрсету кезінде.

 IV.  Егер Сіз және Сіздің Жұмыс берушіңіз Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (Қор) ақша аударып отырсаңыз , Сіз осы бағдарламаға қатысушысыз. Белгілі бір себептермен еңбек етпейтін азаматтар үшін мемлекет төлейді, олар да қатысушы.

        V. Егер Сіз қызметкер болсаңыз, Сіз үшін Жұмыс беруші ай сайын 2017 жылы 2% төлесе, 2020 жылы 5% болады.

Егер өзіңіз қызметкер ретінде ай сайынғы еңбекақыңыздан  төлесеңіз,  2019 жылы 1%, 2020 жылы 2% төлейсіз.

Мысалы, Сіздің еңбекақыңыз 50 мың теңге делік, сонда Жұмыс беруші сіз үшін 2017 жылы ай сайын 900 теңге төлеу керек, ал Сіз 2019 жылдан бастап ай сайын 450 теңге төлейсіз.

Қызметкердің ақша аударымынан жеке табыс салығы шегеріледі.

Егер Сіз жеке кәсіпкер болсаңыз, онда 2017 жылдан бастап ай сайын табысыңыздың 2% -н Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорға аударып отырасыз. 2018 жылы -3%, 2019 жылы- 5%,2020 жылы- 7% аударасыз.Мысалы: Сіздің жеке кәсіпкер ретінде табысыңыз 100 мың теңге болса, Қорға 2000 теңге аударасыз.

Егер төменде көрсетілген  категорияға кірсеңіз, Мемлекет Сіз үшін төлейді, жарна мөлшерлемесі орташа айлық жалақының 7% болады. Оның үстіне, мөлшерлеме біртіндеп көтеріледі: 2017 жылы 4%, 2018 жылдан 5%, 2023 жылы 6%, 2024 жылдан - 7%.

Әскери қызметкерлер, арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері жарна төлемейді, бірақ медициналық көмек алуға құқылары бар.

Егер жұмыссыз болсаңыз

Жұмыспен қамту орталығына барып жұмыс сұрайсыз, ыңғайлы жұмыс болмаса, жұмыссыз ретінде тіркелесіз. Бұл жағдайда сіз үшін мемлекет төлейді.

 VI.   Онда Сіз МӘМС қатысушы емесссіз, Сізге МӘМС аясында  көрсетілетін медициналық көмек көрсетілмейді. Бірақ Сіз кепілді медициналық тегін көмек көрсету ала аласыз:

Басқа медициналық көмек түрлері осы категориядағылар үшін ақылы болады.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру Сіздің денсаулыққа құқығыңызды қорғайды!

Артқа
Яндекс.Метрика