Кіру
You can authorize on site with:
Google Vkontakte Mailru

Қайырымды бол, донор бол!22.06.2016ж.

Денсаулық сақтау басқармасының ісшаралар жоспарына сай 22 маусымнан 22 шілдеге дейін донорлыққа арналған айлық өтеді.

2015 жылы «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында Өскеменде сметалық  құны 3,6 млрд. теңге,  жоба қуаты жылына 24 000 литр қан болатын облыстық қан орталығының құрылысы аяқталды. Қан орталығы жылына 32000 донордан қан дайындай алады.

Кадр құрамы: медицина қызметкерлерінің 93 %-ы жоғары және бірінші категориялы, 7 маман АҚШ, Германия, Израиль, Польша, Ресейдің жетекші қан банктерінде оқып келді.

1,3 млрд. теңгеге халықаралық стандарт деңгейінде заманауи жабдықталған  жаңа ғимарат қан компонентері сапасын автоматтандырылған зертханалық бақылау енгізуге мүмкіндік береді.

Облыстық қан орталығы  ИФА және ПЦР диагностика үшін автоматты анализатормен жабдықталған облыстағы алғашқы орталық. Осының арқасында қанды инфекцияға тексеру ұлттық және халықаралық стандарттарға сай жүзеге асырылады.

Жыл  сайын облыс тұрғындары тегін қан тапсыру акциясына қатысады. Жыл  сайын дәрігерлер қан құйып, 5000-дай адамның жанын сақтап қалады.

Облыстық қан орталығында қан компоненттерін алуға және автоматты режімде криоконсервілеуге барлық жағдай жасалған, вирусты инактивтеу жүйесі бар, бұның бәрі қанның инфекциялық қауіпсіздігін, сонымен қатар, оқыс жағдайға стратегиялық қор болуына кепілдік береді.

Осының арқасында облыстағы медициналық ұйымдар  пациентер өмірін сақтап қалатын жоғары сапалы донорлық қанмен қамтамасыз етілген.

Біз Сіздерді тегін қан тапсыруға шақырамыз.Өскеменде Көкжал барақ к,11А,  Семейде Сеченов к,4А.

Бір тамшы қан бір өмірді құтқарады!

Қайырымды бол, донор бол!

Артқа
Яндекс.Метрика