Учаскелік дәрігерге тіркелу |
Қабылдауға тіркелу |
Өтініш беру |
Менің емханамды iздеу |
Ауруханалар және емханалар |
Алғыс білдіру |
Жаңалықтар |
Шаралар |
Көрсетілген ұсыныстардың сапасын бағалау |
«Нашақорлық», «есірткі» деген ұғымдар қазіргі күні адам өмірінің бір бөлігіне және бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отырған сияқты.
Есірткі дегеніміз адамның орталық жүйке жүйесіне әсер етіп, рухани және физикалық тепе-теңдікті бұзатын, рухани және физикалық тәуелділікке жол ашатын, жеке адам және қоғамдық жағынан экономикалық және әлеуметтік құлдырауға әкеліп соғатын заттар.
Жаман әдеттердің ең зияны болып табылатын есірткі қолдану әдетінің адамның денсаулығына, ақыл-ой және рухани дүниесіне, қоғамға тигізетін зияны өте көп.
Нашақорлық-наркомания – есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру.
Психикалық тәуелділік - бұл масаю күйі мен психикалық жайлылыққа жету әдісі мен есірткіге психикалық құмарту жағдайы. Адам өзінің Есірткіге деген психикалық әуестілігін басқаларға қарағанда мойындағысы келе бермейді. ол нашақорлықтың бастапқы кезеңінде пайда болады да, мәңгіге қалып қояды. Мысалы, психикалық тәуелділікке патологиялық әуестік үшін героиннің 3-5 инъекциясын енгізу жетіп жатыр. Емдеу мекемелерінде дене тәуелділігінен арылуға болатын болса, ал психикалық тәуелділік емдеудің «сәтсіздігі» себебі болып өмір бойына қалып қояды. Психикалық әуестілік есірткі туралы үнемі ойлап жүру, оны қабылдасам көңіл-күйім көтеріледі деп дәмелену, жабырқау, есірткінің болмауына қанағаттанбаушылық арқылы байқалады. Бұл психикалық әуестілік егерде қандай да бір басқа жаңа қызығушылық, жағымды көңіл-күйге толы жарқын өмір пайда болғанда жоғалып кетуі мүмкін. Немесе жағымсыз күйзеліс кезінде, есірткі қабылдаумен байланысты орындарда сондай адамдармен жолыққан сәттерде қайта күшеюі мүмкін.
Тән тәуелділігі- бұл есірткіге тәндік әуестілік және масаю күйінде тән қолайлығына жету әдісі. Егерде психикалық тәуелділікті күш-жігермен жеңе алатын болса, ал тән тәуелділігі өз күшімен жеңу мүмкін емес. Адамның ағзасы есірткінің кезекті мөлшерін қалап тұрады, тез арада есірткі қабылдау мұқтаждығы ауыр денелілік сезімдермен байқалады: ауыздың құрғауы, мазасызданудың артуы, дірілдеу, ісіну, көз қарашығының кеңеюі. Бұндай жағдайда жеңлдету үшін есірткінің кішкене мөлшерін қабылдаудың өзі жеткілікті. Уақыт өте келе тәнді тәуелділік есірткіден айыру кезінде пайда болатын абстиненттік синдроммен толығады. Абстиненттік синдром – ауыр дене дімкәстануларымен героин немесе апиын қаблыдағанда (жалпы әлсіздік, қалтырау, ауыру, құсу, дамылсыз іш өту, сілекей ағу және тер шығу), психика және мінез-құлықтағы ауытқулармен (ұйқының бұзылуы, елес, лағу, құрысу жағдайларының пайда болуы) сипатталатын организм қызметінің жалпы бұзылуы. Абстиненттік синдром есірткіге немесе уытты затқа дене тәуелділігі болғанда препараттарды қабылдауды бірден шұғыл тоқтатқан жағдайда пайда болады. Наша қолданған жағдайда - өзін жаман сезіну, енжарлық, тежелу, ұйқы басу, мазасыздық, жылауықтық.
Әрбір отбасында баласының есірткі қолданғаны жайлы білген кезде басына жай түскендей сезімде болатынын бәрімізге мәлім. Ересек адам осындай өзіне беймәлім қорқынышты жағдайға душар болған кезде өз бетінше терең ойланбастан қарапайым шешім жасағысы келеді. Басына жай түсіп есеңгіреп тұрған шағында ойлануға да, жүйелі әрекет жасауға да мұршасы келмейді. Ата-ана сол сәтте баласына бір сиқырдың күші көмектессе немесе бір нәрсе берсе сол бәле-жаланың, қорқынышты жағдайдың барлығы кетіп қалатындай және бәрі де бұрынғыдай болатындай көрінеді. Өкінішке орай, бұл жағдай олар ойлағаннан да күрделі. Балаға көмектесу үшін алдымен оның жан дүниесіне үңілу қажет. Бала тәрбиесінде отбасы жалпы қандай қателіктер жіберіп алды және ата-анамен баласы арасындағы қарым-қатынаста нені өзгерту керек? Осы сұрақтарға жауап іздеген жөн. Бірақта біздің балаларымыз неге есірткі қабылдай бастады деген сұрақтың жауабын ешкім таба алмайтынын білеміз. әйтеуір ешқандай тұқым қуалаушылық ерекшелітердің бұған еш қатысы жоқ екенін нақты білеміз. Нашақорлар қоғамның барлық топтарында, кез келген отбасында, оқу орындарында олардың элитасына қарамай ақ кездесе береді. Тек «Қауіп тобы» деп аталатын топ бар. Осы топқа жататын балалар көбінде есірткі қолдануды бастауы мүмкін.
Ата-аналар баласының есірткі қабылдай бастағанын қандай белгілермен анықтай алады?
- есірткінің әсер ету кезінде – көз сығырайып, жарыққа серпілісі әлсізденеді (қалыпты жағдайдағы көз қарашығы жарыққа сығырайады да, қараңғыда қарашық кеңейеді. Терінің түсі сұрғылттанады. Конопля препараттарын қолданған жағдайда – кеңейген қарашық, терінің бөртуі, қозу, біраз уақыт өткеннен соң шамадан тыс тамаққа тәбеттің ашылуы (ұн тағамдары мен тәттіге).
- өзін «масаю» жағдайында ұстауы – сәйкессіз серпіліс, тежелу, маужырау немесе себепсіз шектен тыс қозу - ауыздан арақтың иісі шықпаса тек спецификалық иіс сезілуі мүмкін.
- еш себепсіз көңіл-күйінің бұзылуы – жабығушылықтан, енжарлықтан, ашуланшақтықтан көңілділікке, сергектікке, қозушылыққа дейін көтерілуі.
- жүріс-тұрысының өзгеруі – тұйықтық, жалғандық, жылпостық пайда болуы, бұрынғы қызығушылықтарының жоғалуы, жаңа сезікті достар пайда болуы. Шаршағандық пайда болуы, оқу үлгерімінің төмендеуі. Салақтық.
- денсаулығының нашарлауы. Жиі жөтелу, жеңіл тұмау. Ұйқысыздық. Есірткіні ұзақ уақыт қолданған кезде – дамуының тежелуі, ойлау қабілетінің төмендеуі пайда болады.
-тамырларында ине іздері мен көгерген жерлер пайда болады (есірткіні тамыр ішіне жіберу арқылы пайдаланғанда). Нашақорлар ине жіберуді қолдарына ғана емес басқа да дене мүшелеріне де жасайды.
- үнемі ақша сұрауы. Үйден бағалы заттардың жоғалуы.
- ұйқысыздық пен ауруды басатын дәрілердің қораптары, шприцтер, кішкене қасықтар, кішкене құтылар, жылтыр қағаздың қиықтары, полиэтилен мен қағаздардың төртбұрыш қиықтары, сірке суы, сода.
Соңғы кездері жастар мен жасөспірімдер шылым қоспаларын қолдануға әуес.
«Спайс» шылым қоспасының құрамына бірнеше өсімдік жиынтығы кіреді. Оның ішінде психикалық белсенді әсері бар өсімдіктер де бар. Соның бірі шалфей, Көгілдір Лотос, Гавай Раушан гүлі. Бұлардан басқа «Спайс» құрамына қарасорадағы заттардың синтетикалық баламасы қатарына жататын каннабиноидтардың бір тобы кіреді.
«Спайс» қолданудың белгілері наша шеккендегі белгілермен ұқсас:
Есту және көру елест-сандырақтары пайда болады. Пациент көз жұмылған күйінде әртүрлі жарқын бейнелерді көреді, адамдардың сөйлегенін естиді.
Сана-сезімі мен ойлауы қызметі бұзылады. «Спайс» қолданудан кейін есірткіге масаю күйіндегі адам шынайы өмірмен байланысын жоғалтады, өз денесін өзі ұстай алмайтын халге жетеді. Кей кездерде толықтай есінен айырылып, талып қалады
Санада жоқ әрекеттер. Мысалы, пациент белгілі бір аумақта бернеше рет айналып жүріп алады, әртүрлі заттарға барып соғылады.
Амнезия. Масаю күйі тарқағаннан кейін адам өзінің айналасында не болганын, өзінің не істегенін бәрін ұмытып қалады.
Көз қызаруы – «Спайс» қолданған адамды білдіретін белгінің бірі.
«Спайс» қолданған кезде алдымен адамда психикалық тәуелділік пайда болады. Шылым қоспаларын тартқан кезде адам эйфория сезімін бастан кешіреді, көңіл күйі көтеріледі. Барлық мүмкіндіктер оған шексіз болып көрінеді. Уақыт өте келе спайстардыды қабылдау кездерінде арадағы ұзақ үзілістерде депрессия, жүйке жұқаруы пайда болып, көңіл күй төмендейді. Сосын дене мүшелері қақсап, нағыз сыну қалыптасады. «Спайс» адамның барлық мүшелері мен жүйелеріне кері әсерін тигізеді. Жүрек пен қан тамырларының бұзылуына әкеп соғады. Уақыт өте келе жүрек жеткіліксіздігі дамиды, бауыр жұмысын бұзады; бас миының жасушаларын талқандайды, орталық жүйке жүйесінің басқа да функцияларын және ойлау қабілетіне зақым келтіреді.
Психикалық тәуелділік қалыптаса бастаған кезде бірінші дабыл – ол жиі депрессиялар, бұрын болмаған ашушаңдық пен күйгелектіктің артуы екенін ата-аналар білгені жөн. Тәуелді адамды көзінің қызарғанынан білуге болады. Оның көзі бірнеше күн ұйқы көрмеген адамның көзі сияқты қызарып тұрады. Қабылдау арасындағы ұзақ үзілістер ауыр салдары бар сынуларға әкеп соғады: қатты лоқсу, құсу, ұйқысыздық пен тәбеттің жоғалуы.
Соңғы кездері үй жағдайында есірткі қолдануды анықтауға талдау жасауға арналған экспресс-тестер пайда болды. Олар қағаз тілімі тәрізді олады. Есірткі қолданған адамның несебіне салған кезде, белгілі бір түске боялады. Жасөспірімнің несебін есірткі қабылдаған жағдайына наркологиялық диспансерде де тексеруге болады.
Қымбатты ата-аналар! Қандай жағдай болмасын, егерде сіздің балаңыз есірткі қолданып жүргені жайлы сезіктенсеңіз нарколог-дәрігердің кеңесіне жүгінуден еш қорықпаңыз. Дәрігер сізге диагностика жағдайында да, емдеу жағдайында да қандай әрекет жасау керектігіне көмектеседі. Есіңізде болсын, неғұрлым емдеуді ерте бастасаңыздар, балаңызды құтқаруға деген мүмкіншілігіңіз соғұрлым көбірек болады. Сонымен қоса жасөспірім шақ – ол бала үшін өте күрделі күйзеліс, көптеген балалар бастарынан бұл кезеңді ауыр өткізеді. Тіпті жұмысыңыз көп болған жағдайдың өзінде балаңыз үшін кішкене болса да уақыт табуға тырысыңыз. Балаңыз қандай дербес, өз бетінше әрекет жасай алатын болса да оған сіздің қолдауыңыз бен көмегіңіз өте қажет. Онымен бірге уақыт өткізуге тырысыңыз, киноға барыңыз, пикникке шығыңыз, спортпен шұғылдануына ықтияр жасаңыз. Ең алдымен оны тұлға ретінде танып, сыйлай біліңіз, онымен тең дәрежеде қатынас жасаңыз. Сонда ғана балаңыз сізден еш құпиясын жасырмайтын болады және өз-өзіне деген сенімі ұлғая түседі.