Кіру
You can authorize on site with:
Google Vkontakte Mailru

Шылым шегудің алдын алу20.05.2016ж.

Бүгінгі таңда темекі тарту кең етек жайып бара жатқандықтан осы мақала жастар үшін жарияланып отыр.

Темекі тарту әдеті жасарып бара жатқаны баршамызға аян. «Оқытушылардың» өздері, үйдегі отбасы мүшелерінен бастап кино жұлдыздары мен атақты адамдарды қосқанда, яғни ересектер болып отыр.  Тіпті біздің балаларымыз үлгі алар ұстаздар мен дәрігерлер де темекі тартуға әуес. Біз балаларымызға олардың темекіден аулақ болғанын қалайтынымызды айтамыз, алайда өзіміздің іс-әрекетіміз айтқан ақылымызмен сәйкес келмейді - өзіміз балаларымыздың алдында темекі тартып тұра береміз.  

Сонымен қатар темекі жарнамаларының ролі жастарды темекіге әуестендіруге әсер етеді. Темекі теледидар экрандарынан немесе журнал беттерінен көрінсе,  жастардың түсінігінде темекі тарту – сән, қызықты, көз тартатын әрекет ретінде түсінік қалыптастырары сөзсіз. Шынында да ойланып қарасақ, адамдардың көпшілігі темекіні жас кезінде қызығып тартады екен, яғни жасөспірім кезі мен бозбала кезінде ересектеу көріну үшін тартады. Сол себепті де темекімен күрес мәселесі денсаулықсақтау барқармасы үшін де өзекті болып отыр. Дамыған және дамушы елдердің денсаулығына зор қауіп төндіріп отыр. Әрине, халық темекінің адам ағзасына, денсаулығына зиянды екенін біледі, бірақ көпшілігі қаншалықты зиян екенін біле бермейді. Темекіні ұзақ тартатын адамдардың темекіге жоламайтындарға қарағанда өлімге жақындығы 3 есеге артық. Статистика бойынша: обыр ауруынан қайтыс болғандардың 30% -н осы темекімен байланыстырады, өкпе обырынан қайтыс болғандардың  87%  да темекіге құмар адамдар арасынан болады екен, осы темекі салдарынан 25%-ы ЖҚА (жүрек-қантамыр ауруының) дамуына шалдығады екен.

Кейде адамдар қандай темекі тартып тұрғанына, күніне қаншалықты дана темекі тартатынына мән бермейді, оларға ең бастысы түтін шығарып темекі тарту үрдісінің өзі қызық сияқты. Көбінесе темекіні біреумен сөйлесіп тұрғанда «компаниямен бірге» тартады.

Ішімдікке, нашақорлыққа тәуелділік сияқты темекі де өзіне адамды тәуелді ететді. Дәрігерлер осы темекі тарту тәуелділігіне әсер ету әдісін тапты. Емдеу барысында психикалық сфера маңызды болғандықтан, адамның ең бірінші темекіні тастағысы келетін ниеті болуы керек.

Біздің қаламызда да темекі тартумен күрес қолға алынып отыр. Қазіргі таңда Парламент мәжілісінде халық денсаулығы туралы ҚР кодексіне өзгерістер мен толықтырулар жасау жайлы жұмыстар жүргізілуде. Қоғамдық жерлерде темекі тарту жазасы туралы жаңалықтар енгізу қолға алынып отыр. Сонымен қатар көптеген жол апаттарына себеп болатыны ескеріп, көлік жүргізіп келе жатқан автожүргізушелірге темекі тартуға тыйым салуды ұсынады.

Медицина саласы да осы темекі тарту мәселесіне салғырт қарап отырған жоқ. Облыстық наркологиялық диспансерде темекі тартуды қойдыратын кабинет ашылды. Темекіні қойғысы келген кез келген азамат мамандардың көмегіне жүгіне алады. Нарколог-дәрігердің кеңесі, психологиялық көмек (психосенсорлы бөлме), темекі тартудан код арқылы емдеу бар.

Темекі тартудан код арқылы емделу кешенімен толық жазылып шығу 6 күннен тұрады. Ем жүргізу үшін (5 адамнан артық емес) топ құралады. 5 күн бойы психотерапевтикалық деңгейде темекі тартудың зияны жайлы логикалық түсіндірулер айтылады.  Емдеу үрдісінің 6-шы күні – кешенді емдеудің қорытынды кезеңі, яғни дәрімен емдеп әсер ету (жұтқыншағына дәрі жібереді).

Туған-туыстарыңыз бен өз өмірлеріңізге мән беріңіздер, темекі тартудан бас тартыңыздар!

Артқа
Яндекс.Метрика