Кіру
You can authorize on site with:
Google Vkontakte Mailru

Қазақстан Республикасындағы босандыру және балалық шақ біріктірілген үлгі енгізу қызметін жүзеге асыру туралы баспасөз хабарлама12.05.2016ж.

 

Қазақстан Республикасының  Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

                                                        Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығы

 

Қазақстан Республикасындағы босандыру және балалық шақ біріктірілген үлгі енгізу қызметін жүзеге асыру туралы

баспасөз хабарлама

 

Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында сәби өлімінің көрсеткіші 3 есеге төмендеді. Қазақстанда тәуелсіздік жылдары диагностикалау мен нәрестенің бойындағы патологияларды ерте кезеңде анықтаудың заманауи тәсілдерін қолдану нәтижесінде сәби өлімін 1991 жылы 1000 тірі туылғандарға шаққанда 27,4-тен 2015 жылы 9,39-ке дейін 3 есеге төмендеді.

Республикада күн сайын 1 мыңнан астам, жыл сайын 400 мыңнан аса сәби дүниеге келеді. Туу көрсеткіші соңғы 5 жылда 3%-ға өсті. Елімізде сәби өлімін азайтуға бағытталған шаралардың нәтижесінде салмағы 500 грамм және одан асатын шала туған балалар өмір сүруге мүмкіндік алды. 5 жылда салмағы 1500 граммға дейінгі санаттағы балалардың тіршілікке қабілеттілігі 30%-ға өсіп, 60%-ға жуық көрсеткішті құрап отыр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған тірі туу мен өлі туу өлшемдерін енгізуді есепке ала отырып елімізде стационарлық қызметті, тәжірибеге үнемді, қолжетімді, қарапайым, халықаралық технологиялардың дәлелді медицинасына негізделген тиімді перинаталды күтімді, балалық жас ауруларды біріктіріп қарастыруды нығайту мен жетілдіру шаралары басталды.

Еліміздің барлық өңірлерінде тиімді перинаталды көмекті енгізу бойынша оқыту орталықтары жұмыс істеуде.

Перинаталды көмек көрсетуде бірегей тәсілдерді қолдануды қамтамасыз ету мақсатында 300-ден астам емханалық хаттамалар халықаралық стандарттарға сәйкестендіріліп, бекітілді, сонымен бірге, медициналық қызметкерлер оқытылып, медициналық ЖОО-да оқу және жұмыс бағдарламалары өзгертілді.

Дамудың туабітті кемістіктерін уақытылы анықтау үшін генетикалық және ультрадыбыстық скрининг жасалады. Перзентхана деңгейінде нәрестелердің есту қабілеті кемістіктерін анықтау бойынша скрининг енгізілген.

Неонатальды хирургияның дамуына қарай 3 жылда ота жасалған нәрестелер көрсеткіші 50%-ға ұлғайып, хирургиялық патологиядан қайтыс болған нәрестелер көрсеткіші 2010 жылмен салыстырғанда 40%-ға төмендеді.

Туабітті жүрек-қантамырлар жүйесі кемістігін түзету бойынша түбегейлі хирургиялық оталар сәтті жүзеге асырылып келеді. Бүгінде Астана және Алматы қалаларындағы ғылыми орталықтарда нәрестелерге «ашық жүрекке» ота жасалуда, сонымен қатар, жүрек кемістігін интервенциалды, аз инвазивті тәслдермен түзету шаралары іске асырылуда.  

Айта кету керек, ана мен сәби денсаулығы еліміздің демографиялық, экономикалық, еңбек, әлеуметтік, мәдени және қорғаныс әлеуетінің негізін қалыптастырады. Сондықтан жа, ана мен бала денсаулығын қорғау – республикадағы денсаулық сақтау жүйесінің басым бағыттарының бірі болып табылады. 

 

Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық  орталығының баспасөз қызметі 

Артқа
Яндекс.Метрика