Кіру
You can authorize on site with:
Google Vkontakte Mailru

Демікпе туралы не белгілі?19.04.2016ж.

 

Бронх демікпесі – аурудың гиперреактивтілігі және ауыр тыныс алудың қайта-қайта ұстауы немесе бронхының тарылуы, сілемейдің көп бөлінуі, бронх қабырғасының ісінуімен көрінетін бронхтың бітелуінің нәтижесінде тұншықтыратын бронхтың созылмалы аллергиялық қабынуы.

Оның факторлары екіге бөлінеді: ішкі-генетикалық, сыртқы.

Сыртқы факторлар: ғимарат ішіндегі аллергендер (мысалы, төсек жабдықтарындағы, кілемдегі және жұмсақ жиһаздағы үй шаңының кенелері, ауаның ластануы және жануардың қайызғағы); ғимарат сыртындағы аллергендер (гүл тозаңы және көк); темекі түтіні; жұмыс орындарындағы химиялық тітіркендіретін заттектер; ауаның ластануы.

Осындай факторлар әсер еткенде бронх тарылып, бронх қабырғасының ісінуімен көрінетін бронхтың бітелуінің нәтижесінде демалу қиындайды.

Бронх демікпесінің клиникалық жіктемесі қарапайым, аурудың өтуі ретроспективті анықталады: жеңіл, орташа ауыр, ауыр.

Диагноз қою үшін отбасылық дәрігердің, зертханалық, инструменталдық тексеруден өту керек, қажет болған жағдайда маман кеңесіне жүгіну керек.

Диагноз қойылған жағдайда емдеу жолдары анықталады-аурудың клиникалық пайда болуын бақылайды. Темекі шегуді тастау, аллергендерден аулақ болу, қалыпты дене салмағын сақтау, риносинуситті емдеу, асқа аллергияны болдырмаған жағдайда ауру емделеді.

Демікпе кезінде бронх тарылады, қабынады, соны болдырмау үшін дәрі-дәрмекпен емдеу де қолданылады. Ол үшін әртүрлі топтағы тыныс алу жүйесін емдейтін дәрілік препараттар қолданылады.

Мөлшерлі ингаляторлар – ерітінді немесе суспензия бар қысымды аэрозолды құрылғы.

Пациент клапанды басқанда ингалятордан дәл мөлшерде дәрі дозасы шығады.

Дегенмен, ингалятор қолданар алдында пациентті қолдану бойынша дайындау қажет. Дәрі ағыншасы өңештің артқы қабырғасына шашылғанда  кейбір пациенттерде  жөтел пайда болуы мүмкін.

Тағы бір жағымсыз сәті – дәрінің бір бөлігі ауыз-жұтқыншақ сілемейінде қалып қояды.  Осы олқылықтар болмас үшін спейсер қолданылады.

Клапаны бар спейсерлі аэрозоль өздігінен дәрі шаша алмайтын аурулар үшін таптырмас құрал.

Фармацевтикалық компаниялар  тыныс жолына дөп тиетіндей ыңғайлы жаңа, заманауи дәрілік құралдар жасап шығаруда. Бұл- дискхалер, спинхалер, мультидиск, турбухалер, ингалятор респимат және т.б. Бұл құралдар әр түрлі топтағы, түрлі комбинацияда, әртүрлі емдік дозадағы дәрілермен толтырылған. Дұрыс препарат таңдауда дәрігер көмектеседі.

2015 жылдан бастап бронх демікпесі менеджменті деген ұғым енгізілді. Ол дегеніміз – серіктестік құру қажет: пациент-дәрігер, пациентке жеке көзқарас, оның ауруының өтуін бағалау, дұрыс ем тағайындау, дәрілік препараттарды дұрыс қолдануға үйрету, пациенттің жазылар/жазылмасын бағалау. Пациент өз жағдайын дұрыс бақылай алуы керек, күнделік жазып, әр дәрінің өзіне әсерін біліп, «Бронх демікпесі» мектебіне барып, ауру туралы өздігінен білімін жетілдіру керек. Осылайша бронх демікпесіне бақылау жүргізіледі.

Бұл бақылауды нақты пациентке қажетті терапия таңдау, бақылау төмендеген жағдайда немесе асқыну дамыса, оны түзетіп отыру арқылы ары қарай жалғастыра беру керек.

 

 «Авиценна» отбасылық денсаулық орталығының»  аға дәрігері К.Н.Ким

Артқа
Яндекс.Метрика