Кіру
You can authorize on site with:
Google Vkontakte Mailru

ЖАҢАДАН СЫНЫҒЫН ТОЛАРСАҚТЫ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ЕМДЕУ ӘДІСІ18.04.2016ж.

Қимыл-тірек аппаратының ішінде толарсақтың сынуы бірінші орынды алады.

Біздің мәліметтеріміз бойынша, толарсақ сынығының жабық түрі барлық шұғыл түрде емделуге жатқызушылардың 22%-ын құрайды, ал қыс мезгілінде 30%-ға дейін жетеді.

Толарсақ сынығының жілікаралық синдезсмоздың толықтай үзілмеген науқастарды консервативті емдеу әдісін қолданады. Әдебиеттерде емдеу әдістері бойынша жалпы қабылданған ұсыныстар, сонымен қатар гипстық таңудың әр түрлі өлшемдері және оны табанға бекіту ерекшеліктері жайлы мәліметтер жоқ.

Гипстік таңуды 7 аптадан 14 аптаға дейін таңуға ұсынамыз.

Толарсақ сынығын жедел емдеудің қолайсыз қорытындылары 20-30%-ға жетеді, ал консервативті емдеу 13,5-20%-ға дейін белгіленеді.

Аталмыш патология бойынша науқастардың бірінші реттік мүгедектік 7-12 %-ды құрайды. Негізгі себептерінің бірі: сіресу, буын аймақтарының қоректенбеуі.

Біздің ойымызша, ұзақ мерзімді емделу мен қанағаттандырылмаған қорытындылардың гипстік таңудың ұзаққа созылуынан және ауыратын аяққа салмақтың түспеуінен.

Жақсы функционалдық қорытындыларды алу және уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімін азайту мақсатында біз «Амбулаториялық орталық» мекемесінде жаңадан сынған толарсақты функционалдық емдеу әдісін қолданамыз.

Жаңадан сынған толарсақтың толықтай сынбаған жілікаралық синдезсмезді науқастардың ауруын босатып, өз қолымызбен табанға U – пішіндес гипсті дәкемен бекітеміз. Бұл таңудың айырмашылығыда осыда, аяқтың қанайналымын бұзбай, тығыз дәкемен бекітіле отырып ісікті кетіреді, мұндай жағдайда басқа гипстік таңудың түрлерін қолдана алмаймыз. 

Ісіну қайтақан соң (7-9 күннен кейін) гипстік жақтауды міндетті түрде гипстық өкшелі «етікке» алмастырдық, гипс кепкеннен кейін науқастар толықтай ауырған аяғына күш түсіре отырып, балдақсыз жүріп кетеді. Толықтай аяққа күш түсіру, емделу кезеңінің ең маңыздысы, себебі осыған орай остеопроз бен бұлшық ет атрофиясының қанайналымы жақсарады да, сүйектің бітіп кетуіне, бастапқы қалыпққа келуіне көмек береді.

Гипстік таңуды салған күннен бастап 5-6 аптадан соң шешеді де, науқастар бірден емдік гимнастикаға көшіп, сирақ буындарына өз бетімен белсенді қозғалыс жасауға кіріседі. Емделу кезінің қалыпқа келтіру уақытында жылу емшараларын мүлдем алып тастаймыз, себебі ол ісінуді одан әрі күшейтуге жол бермейді.

Аяқ буындарының амплитудасының жетіспеушілік себебінен кедергі келтіреді де, гипсті шешкен соң науқастарды балдақпен жүруге тура келеді. Сонымен қоса, науқастарға таңусыз жүру психологиялық қорқыныш тудырады. 7-10 күннен соң аяққа күш түсіре отырып, балдақты-таяққа таянады.

Осы әдіспен 5 жылдың ішінде «Амбулаториялық орталық» мекемесінде 65 науқасты емдеп шығардық, олардың ішінде 52-і 20-дан 60 жасқа дейінгі 43- ер адам, 22-әйел адамды құрады.

Қорытындылардың бағасы- 3- балдық жүйемен, 1-ден 2 жылға дейін бақылау мерзімімен.

Емдеудің жақсы функцияларының қорытындылары бойынша 59 науқас, қанағаттандырлықтай қорытынды берген 2 науқас анықталған, олардың тобықтың тұтасуының жоқтығынан ота жасалды.

Барлық науқастар орта статистикалық уақытта емделді, мүгедектікке шығушылық болмады.

Сынған тобықтыны консервативтік емдеу кезінде жақсы функционалдық қорытындылар алуға көмектеседі.

Осыған байланысты біздің консервативтік емдеу әдісін қолдану, жақсы функционалдық қорытынды алуға көмек береді.

 

ҚОРЫТЫНДЫ:

1.  Ауыратын аяққа алғаш толық түсетін салмақ гипстік таңу, ісік қайтқан соң тығыз таңылса, екінші реттік сынуға жол бермейді.

2.  Гипстік таңуды және толық түрде аяққа салмақ түскен остеопороз бен бұлшық еттің артрофияның дамуын алдын алады.

 

«Амбулаториялық орталық» мекемесінің

Травматологиялық бөлімшесінің меңгерушісі

Кулинич Влерий Сергеевич

Ұялы тел.: 8 777 272 79 03

Артқа
Яндекс.Метрика