Кіру
You can authorize on site with:
Google Vkontakte Mailru

«Қансорғыштың» аты кене!31.03.2016ж.

Қар еріп, күн жылынып, көптен күткен көктемде келіп жетті. Табиғатпен бірге кенелер де оянады.Иксодтық кенелер адамдарға үлкен қауіп төндіреді, өйткені олар адамның денесіне қадалып, қанын сорғанда кене энцефалитінің, иксодтық кене боррелиозының (Лайм боррелиозы), кене риккетсиозының және басқа да жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын жұқтырады. Соның ішінде ең қауіптісі кене энцефалиті болып табылады.

Кене энцефалиті – жіті, табиғи ошақтық, жұқпалы ауру, науқастың орталық жүйке жүйесi зақымдалады, сал ауруына шалдығып, мүгедектікке ұшырайды, асқынған жағдайларда адам өліп те кетіуі мүмкін.

Ауруды иксодтық кенелер таратады, олар адамның денесіне қадалып қанын сорған кезде аурудың қоздырғышын жұқтырады. Ғылыми деректерге сүйенсек, кенелердің 3-5 % ғана, кене энцефалиті вирусының таратушысы болып табылады. Бүгінгі таңда кененің қауіптілігін анықтау мүмкін болғандығын атап өту қажет. Ол үшін денеден алынған кенені ШҚО бойынша «ҰСО» ШИҚ РМК филиалының аса-қауіпті жұқпалар зертханасына тапсырып, кенелер тарататын аурулар қоздырғышын анықтауға болады. Кенені жұмыс күндері сағат 8.00 –ден 17.00-ге дейін мына мекен-жайға: Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы-17, 5 қабат (қабылдау бөлмесі) тапсыруға болады, 76-56-41 телефонға хабарласуға болады.

Кене энцефалитінің вирусын жұқтыру қауіпі адамдардың жас мөлшері мен жынысына қарамастан, бәріне бірдей төнеді, ол адамнан адамға жұқпайды. Кене шағу қауіпі көбінесе орманды жерлерге жидек, саңырауқұлақ теруге барғанда, шөп шауып, отын жинаған кезде, балық аулап, мал баққанда, омарташылар мен аңшыларға, саяжай иелеріне, сондай-ақ, орманды жерлерде жұмыс істейтін және кене энцефалиті бойынша қолайсыз аумақтарға барған адамдарға да қауіп төнеді.

Дегенмен, кене энцефалитінің қоздырғышын орманға бармай-ақ, үй жануарлары арқылы және орманнан әкелінген гүл шоқтары мен үстідегі киім арқылы да жұқтыруға болады.

Адамдар көбінесе кене энцефалитінің вирусын сәуір, мамыр, маусым айларында жұқтырады, бұл кенелердің осы мезгілдегі белсенділігімен тұспа тұс келеді, сондықтан аурушаңдық көктемгі-жазғы кене энцефалиті деп аталған.

Кене шаққанда вирус қан арқылы ағзаға таралып, адамның миы мен жұлынын зақымдайды. Ауру кене шаққаннан соң, бірден басталмайды, аурудың айқын белгілері білінгенге дейін, әдетте біраз уақыт өтеді, осы кезде ағзада вирус дамып, көбейеді, бұл аурудың жасырын кезеңі деп аталады, ол 7-14 күнге дейін созылады. Аурудың жасырын кезеңі адам ағзасының иммундық жағдайының ерекшелігіне және ағзаға түскен вирустың мөлшеріне байланысты болады. Ауырған адамның кенеттен басы қатты ауырып, дене қызуы 38-39 градусқа дейiн көтерiледi, жалпы әлсізік, уыттану белгілері байқалады (жүрек айну, құсу). Науқастың мойын, арқа, қол еттерi әлсізденіп, ауырады, шу мен жарыққа сезгiштiгi жоғарлайды.

Дене қызуы 38-39ºС дейін көтеріліп, уыттану белгілері айқын байқалады(жүрек айну, құсу), аурудың 2-3 күндері кейбір науқастарда мойынның, қолдың, кейде аяқтың бұлшық еттерiнде әлсіздік байқалады. Беттің мойынның, қолдың бұлшық еттерінде әртүрлі құрысулар болуы мүмкін, ары қарай аяқ-қолдың салдануына әкеледі.   

Егер кене шаққаннан соң, аурудың аталған белгілері анықталса дереу медициналық көмекке жүгіну қажет. Науқастың диагнозы ерте анықталып, дер кезінде тиімді ем тағайындалатын болса, дертінен толығымен айығуға мүмкіндігі бар.

Шығыс Қазақстан облысында кене энцефалитінің табиғи ошағы 8 аумақты қамтиды: олар Глубокое, Зырян, Катонқарағай, Көкпекті (Самар аумағы), Ұлан, Шемонаиха аудандары мен Риддер және Өскемен қалаларының маңайы. 

          2016 жылдың ағымдағы кезеңінде кене энцефалиті аурушаңдығы тіркелген жоқ. 21 наурыз күні Үлбі кентінің маңында кене шаққан алғашқы медициналық көмекке жүгінген бала тіркелген. Аурудың алдын алу мақсатында балаға кене энцефалитінің вирусына қарсы иммуноглобулин жасалды, тұрғылықты жері бойынша 21 күн бойы диспансерлік бақылау жүргізіледі. Баланың денесінен алынған кене ШҚО бойынша «ҰСО» ШИҚ РМК филиалының аса-қауіпті жұқпалар зертханасына тапсырылған, 29.03.2016ж  талдау нәтижесі теріс. 

Жыл сайын кене энцефалитінің алдын алу мақсатында табиғи ошақтарда жұмыс істейтін кәсіби қауіп төнетін контингенттерге жоспарлы профилактикалық екпе егіледі.

ШҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша департаменті, ауруды емдегенше, оның алдын алу әлде қайда арзан және тиімді, сондықтан табиғат аясында серуендегенде, саяжайларда жұмыс істегенде, жазғы демалуды жоспарлағанда жеке басты кенеден қорғау шараларын сақтау - ең өзекті мәселелердің бірі болып табылатынын естеріңізге салады.

Ол үшін қарапайым жеке басты қорғау шараларын орындау қажет:

Дегенмен кене адамның денесіне жабысқан болса, не істеу керек?

Жабысқан кенені өте мұқият алу керек, өйткені тұмсығы үзіліп, адамның денесінде қалуы мүмкін.

Сондықтан, кенені алғанда келесі ұсыныстарды орындау қажет:

Өскемен қаласы бойынша травматологиялық пунктер мына мекен-жайларда орналасқан: Буров көшесі, 61 үй, Абай даңғ., 18 үй, Өтепов көшесі, 37 үй (Ана мен бала орталығы).

Көктем-жаз мезгілінде демалыстарыңыз дұрыс өтсін десеңіз, кенеден қорғанудың қарапайым ережелерін сақтаңыз! 

Артқа
Яндекс.Метрика