Кіру
You can authorize on site with:
Google Vkontakte Mailru

Листериоз жайында не білеміз?09.03.2016ж.

Листериоз – барлық жерде  кеңінен таралған жұқпалы ауру  (1 ℅ дан 30℅ дейін ересек адамдар листерий  тасымалдаушы болып келеді) адам мен жануарлардың жұқпалы аурулары  аурушаңдығы (үй және жабайы жануарлар) құс, балық, жәндіктер және кенелер  ауруға шалдығады).

Біздің облысымызда аурушаңдықтың бірлі- жарым жағдайлары анықталады, бірақ аталған жұқпаның өзектілігі сақталып отыр. Кеміргіштерге зерттеу жүргізу кезінде сыртқы қоршаған ортада айналымы бар: 2014ж зертханалық  тексеру арқылы 500-ден астам тексерілгендердің ішінен  32 кеміргіштен  листериоз тамысалдаушысы анықталды. Аягөз, Бородулиха, Катон-Карағай, Зырян, Шемонаиха, Үржар, Тарбағатай, Риддер, Зайсан, Глубокий, Жарма аудандары мен Өскемен қаласында тіркелген. 

Нені білу керек?

Листериоз қоздырғышы сыртқы ортада (топырақта және суда)  төзімділігі жоғары болып табылады, тамақ өнімдері (ет, сүт, көкеніс) және де тоңазытқышта көбейе алады.

Адамға листериоз келесі жағдайда:

-Жұқпасы бар өнімдерді пайдаланғанда;

-Кеміргіштердің нәжісіндегі жұқпалы ауруымен шаңды жұтқан кезде;

          -Сыртқы орта нысандарынан жұқтырған ауру жануарлармен байланыста болғанда; (жұқпасы бар жануарлар листерияны нәжіс және зәр арқылы шығарады);

          - Анадан жатырдағы балаға немесе жаңадан туылған балаға жұғуы, босану кезінде (босану жолдарынан өткен кезде), омырау сүтімен (омырау сүті арқылы немесе листерий тасымалдаушы анасының қолымен)  жұғады.

Листериоз ауруының клиникалық белгілері алуан түрлі және орташа алғанда 2-4 аптадан кейін анықтала бастайды. Аурудың өтуі дене қызуының жоғары болуымен сипатталады, қалтырау, жүректің айнуы, бұлшық ет, сүйек, буындардың ауруы, гастрит, панкреотит белгілері. Жергілікті бадамша бездерінің іріңді қабынуы анықталады. Жыныстық мүшелері зақымдануы мүмкін, еркектерде уретрит, простатит, әйелдерде кольпит, эндометрит, аднексит ретінде. Әйелдерде листериоз қабынуы мүмкін, соның салдарынан жүктіліктің болмауы, поликистоз және гормоналдық бұзушылықтар болуы мүмкін.

Медициналық мекемеге кеш қаралғанда, немесе листериозды емдемеген жағдайда өте қауіпті болуы мүмкін. Листериоздың ауыр зардаптарынан жүкті әйелдердің мерзімінен бұрын босануы, шаранаға жатырішілік жұқпаның жұғуы, өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін.

Листериоз кезінде қауіпті топқа жататындар:

-   өлі туған немесе балалардың  туғаннан кейінгі  бірінші күні өлуімен.

 

Ауруды болдырмау үшін, міндетті түрде қарапайым ережелерді сақтау керек:

  1. Тамақты дайындар алдында және кейін міндетті түрде қолды жуу керек;
  2. тамақ дайындайтын ас үйді, бөлетін тақтайшаларды, ыдыстарды мұқият жуу керек;
  3. Тоңазытқыш пен мұздатқыштың температурасы тиісті деңгейде болуын қадағалаңыз.
  4. Тамақ өнімдерін пайдаланар кезінде оның сақталу мерзімін қараңыз.
  5. Жемістер мен көкеністерді мұқият жуыңыз, әсіресе шикі күйінде пайдаланатын дарды, оның ішінде салаттар дайындағанда.
  6. Табиғатқа демалуға шыққанда, саяжайларда азық түлік пен суды кеміргіштер кіре алмайтын жерде сақтаған жөн;
  7. Жануарларды күту кезінде резеңке етік, қолғап, арнайы халаттар, ал шалғыштар тағу керек, кейін оларды басқа киімдерден бөлек жуу керек, жүргізілген жұмыстардан соң қолды міндетті түрде сабынмен жуу керек.
  8. Қазақстан Республикасында рұқсат етілген алдын алу дезинфекция жасау өнімдерімен жасау керек, мал қораны жануарлар нәжісінен тазалау керек, өйткені қоздырғыш қида көп уақытқа дейін сақталады.
  9. Көшеде сүт, клегей, кәуәп және ет сатып алмаңыз, өйткені бұл өнімдерді базардан алуға болады, онда бұл өнімдер ветеринарлық бақылаудан өтеді.

10.Үй-жайларда кеміргіштер болған жағдайда, оларды жою шаралары қолданылуы тиіс.

Артқа
Яндекс.Метрика