Кіру
You can authorize on site with:
Google Vkontakte Mailru

ЖРВИ, тұмау мен пневмококктық инфекциялардың алдын алу жөнінде айлық өткізіледі08.10.2015ж.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарының шеңберінде СӨСҚПҰО-ның ұйымдастыру-әдістемелік жетекшілігімен республика өңірлерінде 2015 жылғы 28 қыркүйек пен 28 қазан аралығында ЖРВИ, тұмау мен пневмококктық инфекциялардың алдын алу жөнінде айлық өткізіледі.
Айлықтың мақсаты: халықтың, әсіресе ауыру қаупі жоғары тұлғалар, ұжымдар, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің арасында жеке және қоғамдық қорғану шаралары, асқынудың алдын алу үшін медициналық көмекке дер кезінде қажеттілігі жөнінде хабарлылық деңгейін арттыру. 
Тұмау мен ЖРВИ індет пен өлім-жітімге әкеле отырып, қоғамдық денсаулық сақтау саласына қауіпті мәселе тудырады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметінше дүниежүзінде тұмаудың салдарынан әлемде 3-5 млн. ауыр оқиға  тіркеледі. 
Тұмау көбінесе мұрынның, тамақтың, бронхтың және кейде өкпенің қабынуына әкеп соғаты вирустық инфекция болып табылады. Әдетте, ауру бір аптаға созылады. Оған тән белгілерге дене қызуының бірден көтерілуі, бұлшық ет пен бастың ауруы, қатты ауыру (өзі-өзі нашар сезіну), құрғақ жөтел, тамақтың ауыруы және ринит жатады. 
Вакцинация - тұмаудың алдын алудың ең тиімді жолы. Вакцинация тұрғындардың барлық топтарына ұсынылады.
ЖРВИ-дің алдын алу жалпы сауығудан, шынығу, таза ауада дене шынықтырумен айналысу, шаңғы, коньки тебу, жүзу, құнарлы, дәруменге бай тағамды тұтыну, ал қыстың соңы мен көктемнің басында дәруменді, ең жақсысы табиғи дәрі-дәрмектер арқылы иммунитетті көтеруден тұрады. 
Айлық аясында семинар, тренингтер, тұмау мен ЖРВИ-дің алдын алу бойынша ақпараттық-білім беру материалдарын тарату, аудио-бейнероликтер көрсету, бұқаралық –ақпараттық құралдарында жариялау жоспарлануда.

Шығыс Қазақстан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы

Артқа
Яндекс.Метрика