Кіру
You can authorize on site with:
Google Vkontakte Mailru

Жыл сайын 14-інші маусымда бүкіл әлемнің елдері Бүкіләлемдік Қан Доноры Күнін атап өтеді.07.06.2017ж.

Құрметті Өскемен қаласының және облыстың тұрғындары!

Жыл сайын 14-інші маусымда бүкіл әлемнің елдері Бүкіләлемдік Қан Доноры Күнін атап өтеді.

Донорлық қан төтенше жағдайларда мыңдаған өмірді құтқарады. Ол күрделі хирургиялық ота жасау кезінде, ауыр босанулар кезінде, өмірге қауіпті патологиялар кезінде қажет. Сондықтан, ақысыз донор болып, мұқтаж және зардап шеккендерге көмектесу - әрбір азаматтың парызы.

Биылғы жылы Бүкіләлемдік Қан Доноры Күні «Сіз қалай көмектесе аласыз? Қан тапсырыңыз. Оны қазір тапсырыңыз. Оны жиі тапсырыңыз!» ұранымен өтеді.

2017 жылдың 14-інші маусымында барлық азаматтарды Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығына қан тапсыруға және бүкіләлемдік донорлық қозғалыстың бір бөлшегі болуына шақырамыз.

Барлық донорларды мерекелік бағдарлама және сыйлықтар күтеді!

Сіздерді мына мекен-жай бойынша күтеміз:

Көкжал Барақ көшесі, 11 үй, №43, 17а, 26 автобустарымен жол жүру.

Анықтамалар үшін телефондар: 8(7232) 70-08-08, 70-38-38.

 

 

Артқа
Яндекс.Метрика