Кіру
You can authorize on site with:
Google Vkontakte Mailru

Өскемен және Семей қалаларында ашық есік күндері03.02.2016ж.

Барлық қалайтын қала тұрғындары үшін  2016 жылғы 6 ақпанында сағат 09.00-ден 14.00-ге дейін Серікбаев көшесі, 1 мекенжайында орналасқан «Облыс онкологиялық диспансері» ШЖҚ КМК емханасының 1 қабатында «Ашық есік күні» өткізіледі. Осында қала тұрғындары учаскелік терапевттен жолдама қағазын алмай, келесі мамандардың тегін консультациясына келе алады: онкохирург, онколог-маммолог, онкодерматолог, онкоуролог.

2016 жылғы 5 ақпанында  сағат 09.00-ден 14.00-ге дейін «Семей қ. Аймақтық онкологиялық диспансері» ШЖҚ КММ ғимаратында Семей қаласының тұрғындары үшін ашық есік күні өткізіледі.

Ерте өткізілген диагностика және уақытылы басталған емделу - денсаулық сақтау кепілі!

Артқа
Яндекс.Метрика