Қазіргі таңда туберкулез көптеген елдерде ең жиі таралған жұқпалы аурулардың бірі болып саналады. Туберкулез – өкпе, сүйек, буын, лимфа бездері, қуық-жыныс жүйесі және тері органдарын зақымдайтын ауыр инфекциялық аурушаңдық. Туберкулез сыртқы ортадағы төзімділігі жоғары микобактериядан (Кох таяқшасынан) пайда болады. Туберкулез таяқшалары ауада бірнеше сағат бойы сақталады. Туберкулез инфекциясын өкпе туберкулезімен науқастанған адам жұқтырады. Зақымдану әдетте, ауа-тамшы жолымен таралады, яғни адам түшкіргенде, жөтелгенде сыртқы ортаға шығады.
Туберкулездің негізгі белгілері:
- ұзаққа созылған жөтел
- сілекейлі және қан аралас жөтел
- түнгі уақытта адамның көп терлеуі
- тез шаршау
- ыстығы көтерілу
Ағзаның қорғаныс күшін әлсірететін факторлардан бас тартсаңыз, өзіңізді және басқаларды туберкулезден сақтай аласыз:
- шылым шегу;
- алкогольді сусындарды қолдану;
- тыныс алу жолдарының, басқа да органдардың созылмалы аурулары болған жағдайда;
- ескірткі қолдану;
- дұрыс тамақтанбау;
- депрессиялық жағдай;
- қолайсыз әлеуметтік-тұрмыстық жағдай.
Туберкулездің алдын алу шаралары:
- Материальдық жағдайды көтеру;
- Денсаулықты нығайту;
- Тамақтануды және тұрмыстық жағдайды жақсарту;
- Салауатты өмір салтын ұстану, денені шынықтыру, зиянды әдеттерден аулақ болу;
- Вакцинация жасау.
Туберкулезге қарсы вакцинация 200 жуық елде жасалады. 150 елде екпе адам туылғанда алғашқы күндерінде жасалады. Туберкулезге қарсы егілген балалар екпе алмаған балаларға қарағанда 15 есе аз ауырады. Вакцинация балалар арасында туберкулезбен зақымдану мен оған шалдығу көрсеткішін төмендетеді. БЦЖ дан кейін адамның туберкулезге қарсы иммунитеті бес жылға сақталады. Сондықтан, ревакцинация 6-7 жаста жасалады.
Химиопрофилактика туберкулездің микобактериясы бар науқаспен тығыз байланыста болған балаларға, жасөспірімдерге жүргізіледі.
Ересек адамдарда туберкулезді ерте диагностикалау жылына бір рет флюорографиядан өту болып табылады.
Естеріңізге саламыз, уақытында жасалған екпе, туберкулин пробасы, профилактикалық ем алу, мерзімді медициналық қаралудан өту – туберкулезден сақтанудың сенімді жолы.