Өскемен және Семей қалаларында ашық есік күндері03.02.2016ж.
Барлық қалайтын қала тұрғындары үшін 2016 жылғы 6 ақпанында сағат 09.00-ден 14.00-ге дейін Серікбаев көшесі, 1 мекенжайында орналасқан «Облыс онкологиялық диспансері» ШЖҚ КМК емханасының 1 қабатында «Ашық есік күні» өткізіледі. Осында қала тұрғындары учаскелік терапевттен жолдама қағазын алмай, келесі мамандардың тегін консультациясына келе алады: онкохирург, онколог-маммолог, онкодерматолог, онкоуролог.
2016 жылғы 5 ақпанында сағат 09.00-ден 14.00-ге дейін «Семей қ. Аймақтық онкологиялық диспансері» ШЖҚ КММ ғимаратында Семей қаласының тұрғындары үшін ашық есік күні өткізіледі.
Ерте өткізілген диагностика және уақытылы басталған емделу - денсаулық сақтау кепілі!