Жыбырлақ аритмиямен қалай өмір суруге болады?09.09.2015ж.
Жыбырлақ аритмия – бүкіл жүрек циклы бойында жүрекшенің бұлшық еттері талшықтары тобының жиі-жиі, тәртіпсіз қозуы мен ширығуынан болатын жүрек ырғағының бұзылуы. Содан барып адам жүрек тіні «жыбырлап» тұрғандай сезімдеболады. Бұл жүрек ырғағының ең жиі бұзылуларының бірі болып табылады. Егер жыбырлақ аритмияны (ырғақсыздықты) емдемесе – миға қан құйылу тәуекелі тым жоғары болады.
Жүрек қалыпты жұмыс істеп тұрғанда өте ырғақты жиырылады. Алдымен электрлі қозу жүрекшелерді қамтиды, олар жиырылады да қанды қарыншаларға айдайды, содан кейін жүрекшелер жиырылады да қанды ағзаға айдайды. Жыбырлақ аритмия кезінде бұл механизм бұзылады.
Жыбырлақ аритмияның пайда болу себебі – сол жақ жүрекшедегі тынымсыз жасушалардың әрекеті. Олар өте жоғары жиілікпен тәртіпсіз электр серпіндерін шығарады да соларқылы жүректің қалыпты жұмысын бұзады. Соның салдарынан жүрекше дұрыс жиырылмайды, оларда қантығындар пайда болады да ақыр соңында ол қантығындар мидың қан тамырларына түсіп, миға қан құйылуға апарып соғуы мүмкін.
Жүрек ырғағының бұзылуының негізгі белгілері мыналар болып табылады:
• Жүрек жұмысындағы шалыстықтар, кеуде тұсында «сырылдың» сезілуі,
• демікпе, тершеңдік, әлсіздік,
• дірілдеу, қорқыныш,
• шыжыңдық (несептің шамадан тыс жиналуы),
• көздің қарауытуы, талып қалатындай хал-күй, талып қалулар.
Кейде жыбырлақ аритмияның сырқат белгілерінің білінбеуі мүмкін.
Дәрігер тексергеннен кейін синусты ырғақты қайтадан қалпына келтіру керек болуы мүмкін. Егер қайтадан қалпына келтіру мүмкін болмаса, миға қан құйылуға, тромбофлебитке және басқа да өмірге қауіпті сырқаттарға апарып соғуы мүмкін қантығындарды болдырмау үшін арнайы ем-дом жүргізіледі.
Жыбырлақ аритмияны емдеуді алдын алудың бірнеше амал-әдістері бар:
1. Жүректің соғу ырғағын қалпына келтіретін және қантығындардың құралуын болдырмайтын дәрі-дәрмектер қабылдау. Жыбырлақ аритмия ұстамаларын тарқатуға арналған дәрі-дәрмектер түрі жетерлік. Олар жүректің қалыпты жұмысын бұзатын жасушаларды басып тастап отырады.
2. Ота жасау арқылыемдеу:
• өкпе қан тамырларын радиожиілікпен оқшаулау. Бұл емдеу әдісінің көмегімен эктопикалық қозу ошағы жүрекшеден толықтай оқшауланады. Ота тиімділігі 60 % шамасында;
• радиожиілікті абляция. Жиі қайталанатын немесе үнемі болып тұратын ырғақсыздық ұстамалары кезінде пайдаланылады. Радиожиілікті абляция дегеніміз – атриовентрикулярлық торапты электродпен күйдіру, ондай кезде толықтай AV-бөгеуі жасалады. Аталған ота жасау арқылы емдеу кезінде жүрекширықтырғышты ауыстырып салу қолданылуы мүмкін.
Жүрек соғуы ырғақсыздығын емдеу әдісін таңдау ауру түрі мен сырқаттанған адамның жеке ерекшелігіне байланысты болады.
«Амбулаториялық Орталық» мекемесі Ультрадыбыстық және функционалдық диагностика бөлімі ЭКЖ кабинетінің медбикесі Ю.И. Широкова
Шығыс Қазақстан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы