Кіру
You can authorize on site with:
Google Vkontakte Mailru

Гипертония – белгілері жоқ ауру09.09.2015ж.

Қан қысымының көтерілгенін сіз оны өлшегенде білесіз. Қалыпты қан қысымы 120/80мм сынап бағанасында, ал жоғары қысым 140/90 мм сынап бағанасы.
Қалыпты жағдайда біздің қан тамырымыз иілімді. Олар тез кеңееді және жиырылады, осылайша олар ағзадағы қанның айналуын қамтамасыз етеді. Жоғары қан қысымы қан тамырларының қабырғасын бүлдіреді, қан құрамына холестирин өтеді, атеросклеротикалық түйіндік пайда болады, қан тамырларын бітейді және оларды әлсіздендіреді. Жоғары артериялық қан қысымынан ми, жүрек, бүйрек зардап шегеді. 
Артық салмақ-жоғары артериялық қан қысымының басты себебі. Артық салмақта қан тамырлары ағзаны қанмен қамтамасыз етуге шамасы келмейді, эндокриндік жүйе белсеніп, осыдан келіп артериялық қан қысымының көтерілуіне әкеліп соғады. Қалыпты жағдайда әйелдердің белінің жіңішкелігі 88 см-дан аспауы керек,ал ерлердің белі 94 см-ден аспауы керек. Егер бұл сандар көтерілсе, артық салмақ болғаны. Құрамында магний, калий, кальцийі бар тағамдарды аз мөлшерде пайдалану да жоғары артериялық қан қысымының басты себептері болып табылады.
Артериялық қан қысымын қалай төмендетуге болады:
1.    Тұздан бас тартыңыз. Тұз ағзадағы суды ұстайды, осыдан келіп қан тамырларын су көлемі кеңейтіп, бұл артериялық қан қысымына әкеледі.Тұздан тек дәмдеуіш ретінде ғана бас тарту емес, тұздалған өнімдерден бас тартуға (тұздалған қияр, қызанақ, шұжықтар т.б.) осыдан келіп артериялық қан қысымы сынап бағанасында 5-7 мм төмендейді. Сондай-ақ, күнде тамақтанудан тұздан алғанда, ай көлемінде 6-12 кг салмаққа арықтауға мүмкіндік болады.
2.    Артық салмақтан арылыңыз. Дәлелденген: Салмақтың төмендеуі артериялық қысымның сынап бағанасында 20 мм-ға төмендеуіне әкеліп соғады. Егер де сіз дәл осы уақытта аз қозғалысты түрде өмір дағдысын жүргіссеңіз жүйелі түрде қозғалмалы жаттығулар жасаңыз. Белсенді түрдегі бұл жаттығулар қалыпты салмақты ұстап тұруға көмектеседі және арықтаусыз ақ қан қысымын төмендетеді.
3.    Дұрыс тамақтану. Калий көздері: шампиньондар, банандар, мускус асқабаға, апельсиндер және апельсин шырындары, шикі және піскен шпинат, ірі бұршақтар, кабачкилер, брокколилер, әбіздер, гүлді қырыққабат, бөрікгүл, пісірілген картоп, қайнатылған ас бұршақ және ірі бұршақ, жасымық, жаңғақтар және дәндер.
Кальций көздері: майлылығы төмен сүт өнімдері (йогурт, майлылығы төмен сүт, ірімшік).
Магний көздері: бұршақ тұқымдастары, дәндер мен жаңғақтар, палтус, сүт және йогурт, қоңыр күріш және картоп, қызанақтар, бананадар мен қарбыздар, жасыл жапырақты жемістер, балдыркөк.
4.    Ішімдік пайдалануды шектеңіз. Ішімдік қан қысымын көтереді, сондықтан гипертонияны емдеген кезде, пайдалануды шектеңіз немесе мүлде пайдаланбаңыз. 
5.    Шылым шегуді тастаңыз.  Шылым шегу жүрек ауруларының, инсульт, обыр және көптеген аурулардың қаупін көтереді, сондай-ақ, көктамырдың қысылуын туғызады және жүрек соғысын жиілетеді, бұл өз кезегінде артериялық қан қысымын ұлғайтады. Әйелдерде жүктілікті болдырмауға қарсы дәрілерді қолдану және шылым шегу қан ұюы қаупін көтереді, инсульт, обыр және көптеген ауруларды, сондай-ақ көктамырдың қысылуын, жүрек соғуын жиілетеді, артериялық қан қысмын ұлғайтады.
6.    Күйзеліспен күресіңіз. Эмоционалдық және қозғалыс жағдайында болғанда сіздің артериялық қан қысымыңыз жоғарылайды. Алайда күйзеліс- қазіргі өмірдің бір бөлігі, өз өміріңіздегі күнделікті дағдыңыздан түпкілікті арылмасаңыз, күйзелістің барлығын кейде бақылау ауыр болады.
Өмір салтын және дағдыларын өзгерту қан қысымын бақылауға көмектеседі. Алайда есте сақтаңыз: гипертония кезінде дұрыс тамақтанумен қатар, дәрігердің белгілеген дәрілерін жүйелі түрде қабылдау керек! Өзіңізді, жүрегіңізді, тамырларыңызды күтіңіз!

«Амбулаториялық Орталық» мекемесі Ультрадыбыстық және функционалдық диагностика бөлімі ЭКЖ кабинетінің медбикесі Ю.И. Широкова
Шығыс Қазақстан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы

Артқа
Яндекс.Метрика