Высокая распространенность сердечно - сосудистой патологии является тревожной и многозначимой медико-социальной проблемой и бременем для общества. Многочисленные исследования последних десятилетий прошлого века и начала нынешнего столетия показали причинно-следственную связь развития сердечно-сосудистых заболеваний с метаболическим синдромом.
Метаболический синдром характеризуется увеличенной окружностью талии (у мужчин более 94 см, у женщин более 80 см), повышением артериального давления (140/90 мм.рт.ст. и выше), высоким уровнем глюкозы в плазме крови натощак и дислипидемией(повышение уровня триглицеридов и ЛПНП; снижение уровня ЛПВП ), что приводит к быстрому прогрессированию атеросклероза и его осложнений. Именно больные с метаболическим синдромом входят в группу риска быстрого развития сахарного диабета и различных форм ишемической болезни сердца.
Распространенность метаболического синдрома прогрессивно растет. Так, по данным Международной федерации сахарного диабета, в 2001 г. в мире насчитывалось 314 млн. человек, страдающих метаболическим синдромом, в 2006 г. – 400 млн., а в 2025 г. прогнозируемое число больных достигнет уровня в 500 млн.Всемирная организация здравоохранения характеризуют метаболический синдром, как «пандемию XXI века». Распространенность его достигает 20-40% у взрослого населения. В Азии, распространенность метаболического синдрома, несмотря на более низкую встречаемость ожирения в азиатских странах по сравнению с Европой и США, так же достаточно высока.
Метаболический синдром длительное время протекает без явной клинической симптоматики. Зачастую уже развитие осложнений заставляет больных обратиться за медицинской помощью. Очень важно диагностировать метаболический сидром на ранних этапах его развития. В этих случаях лечебные мероприятия могут способствовать приостановлению прогрессирования, а возможно, и обратному развитию его основных симптомов. Лечение метаболического синдрома может намного улучшить прогноз жизни пациентов и является первичной профилактикой сахарного диабета, атеросклероза, ишемической болезни сердца и ишемии головного мозга.
Основными этиологическими факторами метаболического синдрома являются: генетическая предрасположенность, избыточное потребление жиров и малоподвижный образ жизни.
Лечение метаболического синдромапредполагает комплексную терапию, направленную на нормализацию веса, параметров АД, лабораторных показателей и гормонального фона.
При своевременной диагностике и лечении метаболического синдрома прогноз благоприятный.
Профилактика синдрома включает рациональное питание, отказ от вредных привычек и регулярные занятия спортом.
Следите за своим здоровьем и будьте активны! Благодарю за внимание!
М.А.Буртебаева, врач – кардиолог Учреждения «Амбулаторный центр»
Метаболикалық синдром
Жүрек - қан тамырлары патологиясының кең таралуы үрей туғызады және маңызды әлеуметтік - медициналық мәселе болып табылады. Өткен ғасырдың соңғы онжылдықтарындағы және осы жүзжылдықтың басындағы көптеген зерттеулер жүрек - қан тамырлары ауруларының метаболикалық синдромның дамуымен себеп - салдарлық байланысын көрсетті. Метаболикалық синдром белдің көлемінің үлкеюімен (ерлерде 94 см - ден, әйелдерде 80 см - ден астам), қан қысымының көтерілуімен (с.б.б. 140/90 мм. және одан да жоғары), атеросклероз және оның асқынуына әкелетін аш қарынға қан плазмасындағы глюкозаның жоғары көрсеткішімен сипатталады. Метаболикалық синдромы бар науқастар қант диабетінің және жүректің ишемиялық ауруының әртүрлі формаларының жылдам дамитын қауіп тобына кіреді.
Метаболикалық синдромның таралуы күн санап өсуде. Халықаралық Диабет Федерациясының мәліметтері бойынша 2001 жылы әлемде метаболикалық синдроммен ауыратын 314 млн адам, 2006 жылы - 400 млн. адам, ал 2025 жылы 500 млн. адамға жетуі мүмкін деп болжайды. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы (ДДСҰ) метаболикалық синдромды «XXI ғасырдың індеті» ретінде сипаттайды. Оның таралуы ересек адамдардың 20 - 40 % - ын құрайды. Еуропа мен АҚШ елдерімен салыстырғанда Азияда семіздіктің төмен болуына қарамастан, метаболикалық синдромның таралуы айтарлықтай жоғары.
Метаболикалық синдром ұзақ уақыт бойы айқын клиникалық симптоматикасыз өтеді. Жиі жағдайда ауру асқынған кезде бірақ науқастар медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр болады. Метаболикалық синдромды даму сатысының ерте кезеңдерінде анықтау өте маңызды. Метаболикалық синдромды емдеу арқылы қант диабетін, атеросклероз, жүректің ишемиялық ауруы және ми ишемиясының алдын алуға болады.
Метаболикалық синдромның негізгі факторлары: генетикалық бейімділік, майларды шектен тыс тұтыну және жүріс – тұрысы аз өмір салты болып табылады.
Метаболикалық синдромды емдеу салмақты, қан қысымының, зертханалық көрсеткіштерді қалпына келтіруге бағытталған кешенді емдеуді талап етеді.
Ас ішу тәртібі. Емделушілерге жеңіл сіңірілетін көмірсуларды (пісірілген ұн өнімдері, кәмпиттер, тәтті сусындар), фаст-фуд, консервіленген өнімдерді және тұтынатын тұздың мөлшерін шектеу қажет. Күнделікті тамақтану рационына жаңа піскен көкөністер, маусымдық жемістер, астық тұқымдастар, балықтың және еттің майсыз сұрыптары кіруі тиіс. Тағамды 5-6 рет азғантай порциямен ішу керек.
Физикалық белсенділік. Денеге түсетін ауырлық тұрақты болуы тиіс. Таңғы жаттығуларды жасап, күн сайын 60 минуттай (5-6 км жуық) серуендеу пайдалы.
Дәрі - дәрмекті терапияны терапевт, эндокринолог және кардиолог тағайындайды. Дәрі - дәрмектер семіздікті емдеу, қан қысымын түсіру, майлар мен көмірсулардың алмасуын қалпына келтіру мақсатында қолданылады.
Метаболикалық синдромды уақтылы анықтау және емдеу өте маңызды. Синдромның алдын алу тиімді тамақтануды, зиянды әдеттерден бас тартуды және жүйелі түрде спортпен шұғылдануды қамтиды.
Назарларыңызға рахмет!
Кардиолог-дәрігер: Буртебаева М.А.