Балалар жарақатының алдын алу маңызды медициналық-әлеуметтік мәселе болып табылады. Баланың жарақат алуы күрделі салдарларға, кейде өлімге әкеледі. Бала кезінде алған жарақат, ағзаның тұрақты функциялық бұзылуының себептері болып қалады. Осылайша, сынықтар аяқтардың қисаюы мен қысқарып кетуіне әкеліп соғады. Күйіктен қалған тыртықтар, буындарды тартып, олардың қозғалғыштығын шектейді. Білезіктің жаралануы салдарынан саусақтардың жеткіліксіз қозғалғыш белсендігі кәсіп таңдау салдарынан шектеледі. Ми шайқалғаннан кейін зақымданушылар көптеген жылдар бойы бас ауруы, ұйқысыздық, жадының нашарлығы, жинақталудың мүмкін еместігіне шағымданады.
Балаларда кішкентай кезінде негізінен тұрмыстық жарақаттар байқалады: құлау, жаралану, күю, улану, өткір, кесетін заттармен жарақаттану, тыныс алу жолдарына құсықтың, әртүрлі ұсақ заттардың түсуі.
Адамдардың тұрмыстағы қылықтары, адамның ойланбастан автоматты түрде әрекет етуімен анықталады. Алайда, үйде сәби пайда болғанда, өзінің қылықтарын түзету керек болады. Кейбір қырағылықты жоғалтып алғанда трагедиялық салдарларға, ашық қалған терезе мен балконның есіктері, түрлі-түсті таблеткалар мен ашық түсті жапсырмалар балалардың назарын тартады, жиналмаған дәрілер сәбидің улануына әкеледі. Кішкентай балалар үлкендердің кінәсінан жиі жарақат алып жатады.
Мысалы, 1 жасқа дейін арбадан, төсектен, диваннан, үстелден құлаудан болған жарақаттар. Одан үлкенірек жаста балалар жоғарыдан – таудан, баспалдақтан т.б құлайды. Нәтижесінде мұндай құлаулардан тек жаралап алудан басқа, одан да күрделі зақымданулар - сүйектердің сынуы, мидың шайқалуы, тіндердің, ішкі мүшелердің жыртылуы т.б пайда болады.
Баланың күю себептері: ересектердің пеш, үстел немесе еденнің шетіне қойып кеткен сұйықтардан болуы мүмкін. Су температурасын тексермей, баланы суға, былауға түсіргенде немесе шүмектен жуындыра бастағанда болуы мүмкін. Кішкентай бала егер су температурасы 40-60оС аспайтын грелканы пайдаланғанда күйіп қалуы мүмкін.
Үлкендердің қарамауынан, сәби от (пеш, жылытқыш, сіріңке); электр аспаптары, сілтілер, қышқылдар, қолөнер заттарымен (қайшы, біз, ине, жарқырауық түйме, түйреуіш т.б) байланыста болғанда жарақат алуы мүмкін.
Сәби электр розеткаларына темір шпилькасын тығып, электр тогынан жарақат алады.
Серуендеу кезінде кішкентай баланы дұрыс қарамағандықтан әйнекпен, шығып тұрған таяқ, шегемен қолын жарақаттап алудан басқа, қандай да бір улы өсімдікті, жидекті, саңырауқұлақты жеп қоюы мүмкін.
Кіші жастағы балалар көше (көлік) жарақатымен аз зақымданады. Бірақ мұнда да бақытсыздық жағдайының негізгі себептері ересектердің жол жүру ережелерін сақтамауы, олардың тәртіпсіздігі, баланы жеткіліксіз бақылауы болып табылады.
Балалар жарақатының профилактикасында ересектер ерте жастан баланың мінез-құлқы мен даму ерекшелігін үнемі ескеріп отыруы тиіс.
1 жастан 3 жасқа дейінгі сәбилердің ерекшелігі қоршаған шындықтарды өзі танып білуге тырысуы, оның көп қозғалғыштығы. Сонымен бірге осы жаста (жүріс, жүгіру, жалау) негізгі қимыл дағдылары әлі де қалыптасу үстінде болады. Сондықтан балаларда болатын зақымдану мен жарақаттар, қарапайым қимыл дағдыларының жеткіліксіз дамуымен байланысты, қоршаған жағдайды бағдарлай алмауынан пайда болады.
Балалар өте ерте ересектердің көмегінсіз өзінің тұтынымдарын, өз бетімен қанағаттандыруға тырысады. Алайда, қоршаған жағдай туралы білімнің жоқтығы, оларға әлі де өте қиын, жарақатқа әкеліп соғатын, жеке тәжірибені әлі де толық игере алмаған әрекеттерді орындай бастайды.
Ата-аналар балаларында қауіпсіз қылық дағдылары, травматологиялық сақтық дағдыларын ертерек қалыптастыра бастауы керек. Осындай тәрбиенің ең жақсы түрі ойынмен, қажетті дағдыларды жақсы меңгереді. Ойын және сабақ кездерінде 2 жастан бастап баланы өткір және кесетін заттарды, ыстық сұйық, тамақ, ыдыстарды пайдалану ережелерін пайдалану дағдысына үйретуге болады. Көшеде серуендеу кезінде қала көшелерінде жүру ережелерін приктика жүзінде балаға үйретуді қолданады. Осы мақсатта сурет, кітап, диафильмдер пайдалануға болады.
Балалардағы жарақаттардың алдын алуда баланың физикалық даму деңгейінің маңызы зор. Физикалық жағынан жақсы дамыған балалар епті келеді де, қимылды жақсы бағдарлап, жарақатты аз алады. Дене жаттығуларымен айналысу, қозғалмалы ойындар, спорттық көңіл көтерулер бала денсаулығын нығайтудың құралы ғана емес, жарақаттың алдын алудың бірден бір шарасы болып табылады.
Ересектер баланың жарақатын аяқ астынан болған бақытсыздық жағдай, ешкім кінәлі емес дегенге саяды. Бұл пікір ыңғайлы, олар қалай да ересектерді ақтайды, сөйтіп өздерінен балаға дұрыс қарамау жауапкершілігін алып тастайды. Балалар жарақаты, әсіресе ерте жастағы, көп жағдайда ата-аналардың дұрыс қарамауынан, олардың ұлы немесе қызының физикалық және психофизиологиялық ерекшеліктерін нашар білгендіктерінен болады.
Жарақаттар мен бақытсыздық жағдайлардың себептерін біле тұра, ата-аналар балаларға жарақаттан қауіпсіз орта жасай білуі тиіс. Мысалы, үйде жиһаздардың ыбырсыуын жойып, люстралар, кітап сөрелерін, суреттерді бекітіп, жылыту батареясын қоршап, баланың электр розеткаларымен, жалаңаш сымдармен байланысын жою қажет. Балалар серуендейтін алаңда сынық әйнектер, шеге, тақтай, жәшіктер болмауы тиіс. Жаз айларында суда болатын бақытсыздық жағдайынан, улы өсімдік, жидек және саңырауқұлақтармен уланудан сақтану керек. Көшеде, көлікте және үйдегі ата-аналардың жеке қылықтары өте маңызды.
Орындаған: хирург дәрігер Щербакова Светлана Владимировна
Келісілді: №2 КДБ меңгерушісі А.С. Осколков