Полная версия сайта Каз

Портал управления здравоохранения Восточно-Казахстанской области

8(7232) 701-131

г.Усть-Каменогорск, пр.Ауэзова 26

БАЛАЛАРДА ӨҢЕШТІҢ ХИМИЯЛЫҚ КҮЙІГІ16.07.2019ж.

Өңештің химиялық күйігі балалардың өңеш аурулары арасында бірінші орынды иеленеді. Себебі: балалардың табиғи қызығушылығы, олардың барлық заттардың «дәмін татуға» ұмтылуы және қоршаған ортада сырты жарқыраған қораптардағы әртүрлі химикаттардың болуы. Қажетті дәрі-дәрмектер саны және емдеу әдістерінің көбеуіне қарамастан өңеш күйігінен кейін туындайтын асқынулар саны 30%-ды құрайды. Тұрмыстық химияның жаңа түрлері пайда болған сайын өңеш жарақаттарының  түрлері де ұлғаюда.  Бұл аурудың аса қарқынды өсе түсуі байқалады.

2007ж.  және 2018 ж. мерзімі аралығында Өскемен қаласының Ана мен бала орталығында  өңештің химиялық күйігіне шалдыққан 235 бала емделді. 

Жарақаттаушы агенттер түрлерін біз қауіптілігіне қарай 3 топқа бөлеміз:

А) «Жоғары»- қауіп деңгейі. 

Коррозивтер : « Адриель», «Крот» , «Золотой казан», сілтілер, дихроматтар.

Ағзаны сусыздандыратын заттар: «Санитарный», «Силит», «Утенок», Күкірт қышқылы, қымыздық қышқылы.

Б) «Орта»- қауіп деңгейі.

Тұз түзуші заттар: «Адрилан», «Мистер Мускул», Сірке қышқылы, Құмырсқа қышқылы, Аммиак.

В) «Төмен»- қауіп деңгейі.  

Тотықтырғыш заттар: «Доместос», «Белизна», «Комет», «Ваниш», «Мистер Прокс», Калий перманганаты, Натрий гипохлориді.  

Жаралаушы заттар: «Уайт -спирит», « Суперчистотел», «Супермомент-желімі», «Тырнақ бояуын сүрту ерітіндісі»,Бензин, Ацетон.

Химиялық агенттер ықпал ету тетігі бойынша екіге бөлінеді:

1. Сілтілер-колликвационды некроз.

2. Қышқылдар-коагуляционды некроз.

Өңештің химиялық күйігі кезінде патологиялық үрдіс 4 деңгейден өтеді.

1 деңгей – Шырышты қабаттың некрозы және десквамациясы – химиялық агентті қолданғаннан кейін 1-2-ші апта.

2 деңгей –жараның туындауы – күйіп қалғаннан кейін 2 аптадан соң пайда болады.

3 деңгей – грануляциялардың туындауы- 3-ші аптада басталады.

4 деңгей- қотырлану - күйіп қалғаннан кейін 1-2 айдан соң.

Өңештің жарақаттану деңгейі  фиброэзофагоскопия арқылы анықталады және 3 сатыға бөлінеді:  

I саты – жеңіл -десквамативті эзофагит.

II саты – орта фибринозды-эрозиялық эзофагит.

III саты - ауыр -жара-некрозды  эзофагит.

Ауруханаға түсу мерзімі 1 сағаттан 7 тәулікке дейін.

Жас құрылымы: балалар 1-3 жаста 140 (шамамен 60% ), 3-7 жас 70 ( 30% ), 7-15 жас 25 (10%). Жыныстық тобы: ұлдар 39%, қыздар 61%.

Ауруханаға түскен кездегі клиникалық көрінісі:

Іш ауыру -10% Жүрек айну -49,8% Ауыз қуысы ауру -42,2% Дисфагия-31,1% Сілекей ағу 51% Дисфония -6%

Ауруханаға түскен кезде қабылдау бөлімінде барлық балаларға кешенді алғашқы көмек көрсетіледі. Оның ішінде мыналар кіреді:

-Зонд арқылы асқазанды жуу (1л/ 1 жасқа, 10 литрге дейін).

-Спазмолитиктер егу ( «Атропин» ерітіндісі 0,1% 0,1 мг/кг дене салмағына қарай).

-Анальгетиктер егу.

-Кортикостероидтер егу («Дексометазон» ерітіндісі  0,5-1мг/кг дене салмағына қарай).

Химиялық агентті жою:

Қышқыл арқылы күйген кезде - натрий бикорбанатының әлсіз ерітіндісі 4%.

Сілтілер арқылы күйген кезде - қышқылдың әлсіз ерітіндісі.

Күкірт қышқылы арқылы күйген кезде – тек асқазанды белсенді тазалау.

Артынан өңештің ауыр химиялық күйіктерінен кейін өңештің қотырланған стриктуралары пайда болады.

Өңештің қотырланған стриктуралары бар балаларға гастростома арқылы өткізілген жіп арқылы өңешке ұзақ уақыт сүмбілеу жасалады.

Осылайша, балалардың өңештің химиялық күйігіне шалдығуының негізгі себебі ол ата-аналардың тұрмыстық химияның қауіпті заттарын сақтауға немқұрайдылық танытуы болып табылады. Өкінішке орай, бұл жиі кезде баланың мүгедек болып қалуына, кейде мерт болуына соқтырады.

 

Ана мен бала орталығының хирург дәрігері Жұманова Динара Кұдайбергенқызы.

тел. 87014422744

 

 

Артқа