Учаскелік дәрігерге тіркелу |
Қабылдауға тіркелу |
Өтініш беру |
Менің емханамды iздеу |
Ауруханалар және емханалар |
Алғыс білдіру |
Жаңалықтар |
Шаралар |
Көрсетілген ұсыныстардың сапасын бағалау |
«Шығыс Қазақстан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» ММ
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Шығыс Қазақстан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы Сізді келесі тақырыпта өтетін дөңгелек үстелге шақырады: «Мектептегі тамақтандырудың сапасы: оқушылардың денсаулығын қалай сақтаға болады»
Бүгінгі күнге балалар мен жасөспірімдердің зиянды тамақтануы мен артық салмақтарының мәселесі жоғары маңыздылыққа ие болып келе жатыр және Қазақстан ұлтының денсаулығына қауіп төндіреді. ДДСҰ Еуропалық бюросының деректеріне сәйкес, Қазақстанда әр бесінші бала артық салмақ пен үйлестірілмеген және қате тамақтанумен байланысты мәпелерден азап шегіп жүр. Сондықтан тұрақты дамуға ведомствоаралық өзара әрекеттесудің көмегімен жетудің шегінде балалар мен жасөспірімдердің дұрыс тамақтануын қалыптастыру бойынша міндеттерді шешу қажет.
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – балалардың денсаулығын сақтау, қоғамның назарын балалардың (оқушылардың, жасөспірімдердің) тамақтануының жаһандық мәселесіне аудару, балаларда аурулардың дамуының бір ықпалы ретінде тиімді, үлестірілген тамақтану мәселелері бойынша хабардар болудың деңгейін жоғарлату.
Дөңгелек үстелді «Шығыс Қазақстан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» ММ ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы қолдауымен ШҚО Білім басқармасымен бірлесіп ұйымдастырылды. Дөңгелеу үстелге «ШҚОСӨСҚО» ММ, ШҚО Білім басқармасы, РГУ «ҚР ДСМ ҚДСК ШҚО Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті», РГУ «Өскемен Қалалық ҚДС қалалық басқармасы» РМК мамандары, ШҚО кәсіпкерлер палатасының уәкілі қатысады.
Дөңгелек үстелдің өткізілетін орны және уақыты: 2019 жылғы 17 мамырда 15.00 сағатта Абай даңғ. 21 мекенжайда ШҚО ББ «Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығының» конференц-залында.
№6, 43, 8 автобустармен «1-ші қалалық аурухана» аялдамасына дейін; №1, 2, 3 трамвайлармен 1-ші қалалық аурухана» аялдамасына дейін жетуге болады.
Анықтамалар үшін телефон: 25-48-57, Валентина Федоровна Гусева