Учаскелік дәрігерге тіркелу |
Қабылдауға тіркелу |
Өтініш беру |
Менің емханамды iздеу |
Ауруханалар және емханалар |
Алғыс білдіру |
Жаңалықтар |
Шаралар |
Көрсетілген ұсыныстардың сапасын бағалау |
«Шығыс Қазақстан Облыстық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» ММ
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Шығыс Қазақстан Облыстық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы Сізді Дүниежүзілік иммундау апталығына орайластырылған «Вакциналау – елдің эпидемиологиялық саулығының негізі!» конференциясына қатысуға шақырады.
Жыл сайын вакциналаудың көмегімен алдын алуға болатын індеттерден жүздеген мың адамдар жан береді немесе мүгедекке айналады.
Вакциналау балаларды және бүкіл халықты полиомиелит, қызылша, сіреспе, көкжөтел, туберкулездің ауыр түрлері, «В» гепатиті, қызамық, туа біткен қызамық синдромы, эпидемиологиялық паротит, «гемофильді» жұқпа сияқты және басқа бірқатар індеттерден қорғаудың ең сенімді тәсілі.
Вакциналаудың көмегімен көптеген жұқпа ауруларға шалдығудың және өлімдердің санын айтарлықтай азайтуға, ал кейбіреулерін (қара шешек, полиомиелит) толық жоюға болады.
Конференцияның мақсаты – өмір ұзақтығын жоғарлату, халық пен медициналық қызметкерлердің хабардарлығының сапасын жоғарлату, қоғам назарын вакциналаудан бас тартумен байланысты тәуекелдер мен салдарға аудару мақсатында вакциналау арқылы басқарылатын жұқпалы аурулардың алдын алу.
Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру, ШҚО Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті, Өскемен Қалалық денсаулық сақтау басқармасы, ШҚО Дін істері басқармасы мамандары, бала дәрігерлері, аллерголог дәрігері - иммунолог пен ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының иммунопрофилактика ұйымдастыру сұрақтарын қадағалайтын мамандар қатысады.
Конференция Клиникалық – Диагностикалық орталықтың мәжіліс залында, келесі мекенжай бойынша өткізіледі: Өскемен қ., Әуезов даңғ,. 26, 2 қабат.
Науқанның өткізілу уақыты 26 сәуірде 11.00-ден 12.30 сағатқа дейін.
Анықтамалар үшін телефон: 25-48-57, Валентина Федоровна Гусева