Тек жай ғана бақыт сыйлаңыз!
2013 жылдың 30 сәуірінен бастап, 6 жыл бойы көмекке мұқтаж адамдардың өмірін сақтау үшін Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық – атқару жүйесі департаментінің (бұдан әрі-ШҚО бойынша ҚАЖД) қызметкерлері өз бастамасымен донорлық қан тапсырып келеді. Осындай игі істің алғашқы бастамашысы ШҚО бойынша ҚАЖД бастығы әділет полковнигі Молдажанов Талғат Александрович болды.
«Донор болу-бұл үлкен іс. Әрбір адам донор бола алмайды. Біз бір-бірімізге ойланбастан көмектесуіміз керек. Донор болу-әр адамның міндеті. Донор болу-бұл игі. Адам өмірін құтқару әрбір азамат үшін абырой»,- деп атап өтті Талғат Молдажанов қан орталығының қызметкерлерімен кездесу кезінде және департамент пен пробация қызметінің барлық қызметкерлерін қан тапсырудың тұрақты акцияларына белсенді қатысуға шақырды.
Қазіргі уақытта Талғат Александрович Павлодар облысы бойынша ҚАЖД бастығы болып тағайындалды. Ал ШҚО бойынша ҚАЖД бастығы болып әділет полковнигі, басталған игі істі жалғастырушы Ерсайын Мұхамедиярұлы Нұртазинов тағайындалды.
2019 жылдың 9 сәуірінде барлық еріктілерге үлгі көрсетіп, Ерсайын Мухамедиярұлы алғашқылардың бірі болып қан тапсырды. Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД және пробация қызметінің қызметкерлері қатарынан барлығы 35 адам қатысты, жоғары жауапкершілік танытып және өз борышын адал орындап, өзінің ықыластылығы мен мықты денсаулығын көрсетті.
«Облыстық қан орталығымен қан тапсыру бойынша осындай қайырымдылық акциялары жалғастырылады, бұл өз кезегінде біздің қызметкерлердің денсаулығына оң әсерін тигізеді және мұқтаж адамдардың үлкен көмегі болып табылады. Біз әрқашан адам өмірін құтқару сияқты игі істі қолдауға дайынбыз» - деп атап өтті ШҚО бойынша ҚАЖД бастығы әділет полковнигі Ерсайын Нұртазинов.
Өз кезегінде ШҚ ОҚО-ы ШҚО бойынша ҚАЖД бастығы әділет полковнигі Ерсайын Мұхамедиярұлы Нұртазиновке және сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысы жөніндегі бөлімнің бас маманы, әділет капитаны Арман Мұратбекұлы Қатановқа ерікті өтеусіз қан донорлығын дамыту бойынша бірлескен жұмыстың маңыздылығына түсіністікпен қарағаны үшін алғыс білдіреді.
Барлық акция қатысушыларының қайырымдылығы мен мейірімділігіне рахмет!
Авторы: Мустафина М.А.