Учаскелік дәрігерге тіркелу |
Қабылдауға тіркелу |
Өтініш беру |
Менің емханамды iздеу |
Ауруханалар және емханалар |
Алғыс білдіру |
Жаңалықтар |
Шаралар |
Көрсетілген ұсыныстардың сапасын бағалау |
Салауатты тамақтану қағидалары
Барлық ересек адамдар ұзақ уақыт бойы салауатты өмір салтын ұстанып, қартайған шағына дейін өмір белсенділігін сақтағысы келеді. Қазір көпшілігіміз спортпен айналысуға ден қойып жатыр – бұл әрине құптарлық жағдай. Алайда, спортпен шектелу аздық етеді. Бұған қоса, тамақтануымызға да мән беруіміз қажет. Қайсысын таңдау керек? Әркімнің өз еркінде. Салауатты өмір салтын ұстанғысы келетін әрбір адам төмендегі ережелерді ұстану қажет:
Тамақтану кезінде ұстанатын басты қағида: тағам түрлері жеңіл болған сайын, олардың қорытылуы да жеңіл, әрі тиімді жүреді. Желінген ас толық қорылып, ағзада жиналмау керек. Әдетте біздің қолданатын тағамдарымыз нан, ет, картофель, көже. Бұдан кейін тәтті тағамдар, балмұздақ, консервідегі тағамдар, және де тамаққа қосып жейтін әртүрлі тұздықтар, шай, кофе. Бір реттен осыншама тағам түрлерін бірден ағзаға сіңіру ас қорыту жүйесіне ауыр келеді.
Дұрыс тамақтану үлгісі қандай? Тамаққа деген күнделікті дағдыңызды қалпыстатырыңыз. Жеген асыңыз оңай сіңетін, қарапайым тағамдардан болу керек. Негізгі ереже – әр жеген сайын түрлі тағамдарды аз мөлшерде, әр кезеңде қабылдаған жөн. Бір жеген кезде, асқазанды бірден толтырып ас қабылдау, ағзаға ауырлық етеді, ас қорыту жұмысын да бәсеңдетеді.
Бас маман Жумажанова Ляззат Сериккановна