Кіру
You can authorize on site with:
Google Vkontakte Mailru

Сарып жайында біраз айтар болсақ29.03.2019ж.

Сарып  жайында біраз айтар болсақ

 

Біздің облыс үшін сарып (адам мен жануарлардың ауыр ауруы) сияқты жұқпалы ауру өзекті болып табылады. 2018 жылдың қорытындысы бойынша жүргізілген аурушаңдықты талдау:

- Абай, Аягөз, Глубокое, Жарма, Зайсан, Катон-Қарағай, Көкпекті, Күршім, Тарбағатай, Ұлан, Үржар аудандары, Семей және Өскемен қалалары аумағында адамдардың ауру жағдайлары анықталды;

- Бруцеллезбен ауырғандар – 84,1%, бұл ауру малдармен тікелей байланыста болатын ауылдық жердің тұрғындары, ал қалғандары (15,9%) - қала тұрғындары, олардың жұғуы негізінен термиялық өңделмеген ет-сүт өнімдерін пайдаланғанда, белгісіз адамдардан сатып алынған, ұйымдастырылмаған көшедегі сауда нүктелерінде пайда болады.;

- ауырғандардың - 62,1% еңбекке қабілетті жастағы адамдар (20-49 жас);

- аурудың - 68,3% - ы жануарларға күтім жасайтын,  төлдерін емізетін, төлдеу кезінде көмек көрсететін ер адамдардың үлесіне келеді (олар жеке гигиена ережелерін жиі сақтамайды);

- облыс бойынша аурушаңдық мал күтімі қызметіне байланысты( сырқаттанғандардың жалпы санынан-79,2% - ы жеке мал иелері, қалғандары-туыстарына/көршілеріне мал күтуге көмектесетін, немесе ауыл бойынша жалдау тәртібімен тұрақты жұмыс орны жоқ адамдар).

- адамдарға сарып ауруын жұқтырудың көзі: ұсақ мал – 38,4% жағдай, ірі қара мал – 50,6% жағдай, басқа жануарлар - 3,7% жағдай, 7,3% жағдай.

- сарыппен ауырған адамдардың 50% - ы ауру жануарлармен қарым-қатынас ретінде анықталды.

Осыған байланысты халықтың арасында сарып ауруын жұқтырып, таралуына жол бермеу мақсатында және оның алдын алу бойынша ШҚО қоғамдық денсаулық сақтау Департаменті және ШҚО облыстық денсаулық сақтау Басқармасының бірлескен бұйрығымен 2019 жылдың 25 наурыз және 25 сәуір аралығында айлық өткізілуде.

Бұл ауру туралы не білу керек?

1. Сарып-тірек-қимыл, жүйке, жүрек-қантамыр жүйелерін зақымдайтын, жиі мүгедектікке әкелетін ауыр, қиын  емделетін жұқпалы ауру.

2. Адамдардың жұқтыру көзі тек ауру жануарлар (қой, ешкі, ірі қара мал, шошқа және т.б.) болып табылады. Дені сау жануарларға ауырған малдармен бірге ұстау кезінде жұғады. Малдарда сарыптың ең жиі белгісі-түсік (аборт), өлі ұрықтың тууы және бедеулік.

3.Адамды жұқтыру ауру жануарларға күтім жасау кезінде сақтық шараларын сақтамағанда, инфекция жұқтырмаған сүтті, сүт және ет өнімдерін тамаққа пайдаланған кезде орын алады. Сондықтан, жануарларды күту кезінде резеңке етік, қолғаптар, арнайы халаттар, алжапқыштар/орамалдар кию қажет, оларды қалған киімнен бөлек жуып-шаю қажет, жануарларды күту бойынша жұмыстар жүргізілгеннен кейін қолды мұқият жуу қажет. Мал ауласын қидан тазарту, өйткені қоздырғыш қида жарты жыл бойы сақталады, Қазақстан Республикасында рұқсат етілген құралдармен алдын ала дезинфекциялау жүргізу. Көшеде сүт, қаймақ, кәуап және ет сатып алмау керек, бұл азық-түліктерді малдәрігерлік бақылаудан өтетін базардан сатып алуға болады.

4. Сарыппен ауырған кезде науқас дене қызуының жоғарылауын (5 күн және одан да көп уақыт 37,5°С – тан жоғары-), жалпы әлсіздік, тез шаршағыштық, бас ауруы, ұйқының бұзылуы, қалтырау, тершеңдік байқайды, науқастарда буындардың, бұлшық еттердің және белдің ауыруы байқалады. Көрсетілген симптомдар пайда болған жағдайда, уақытылы білікті көмек алу үшін медициналық мекемеге жүгіну қажет. Емнің болмауы бала туу қызметінің бұзылуы (әйелдерде де, еркектерде де), жүйке, тірек-қимыл және жүрек-қантамыр жүйелерінің зақымдануы сияқты асқынуларға және нәтижесінде мүгедектікке әкеп соғады.

5. Ауыл шаруашылығы малдарының иелері малдарды, әсіресе сүтті мал басын ветеринариялық және зертханалық тексеруге шындап қарайды. Бруцеллез ауру малдан жұқтырылатынын ескере отырып, Ауру жануарларды анықтау және жою, микробтарды сыртқы ортада дезинфекциялау арқылы жою, ет-сүт өнімдерін термиялық өңдеу (сүт - қайнағаннан кейін, ет - 3 сағат бойы бөлшектеп қайнату (етті бөлшектеген кезде қолғапты пайдалану) қажет.

 

 

 

 

Артқа
Яндекс.Метрика