Учаскелік дәрігерге тіркелу |
Қабылдауға тіркелу |
Өтініш беру |
Менің емханамды iздеу |
Ауруханалар және емханалар |
Алғыс білдіру |
Жаңалықтар |
Шаралар |
Көрсетілген ұсыныстардың сапасын бағалау |
Кене энцефалиті және оның алдын алу
Кене энцефалиті аурушаңдығына шалдыққан кезде орталық нерв жүйесі бұзылады. Аурушаңдықтың ауыр түрі өлімге дейін апарады немесе қолда, мойында паралич болғандықтан мүгедектікке әкеліп соғуы мүмкін.
2017 жылдың іспеттес кезеңімен салыстырғанда 4 жағдайға қарсы 2018 жылы аспаптық-зертханалық түрде ересектер арасында 4 жағдайға кене энцефалиті расталған. Сонымен қатар 14 жасқа дейінгі балалар арасында 2 жағдай тіркелген. Кене энцефалитін келесі аумақтарда тіркелген: Катон-Қарағай ауданы -1жғ., Өскемен қ.-1 жғ., Зырян ауданы -2жғд.
Аурушаңдықтың жұқтырып алу қауіпі қай жерлерде?
Аурушаңдықтың берілетін негізгі жолы – иоксидты кенелер адамның денесін шағу арқылы кене энцефалиті вирусын таратады. Жидектерді, саңырауқұлақты теру кезінде, шөпті шабу, малды бағу кезінде, балық аулау, саяжай учаскелерінде, омартада жұмыс жасау кезінде кенелер шағып алуы мүмкін. Алайда кене энцефалиті аурушаңдығын жұқтырып алу қауіпі орманға барған жағдайда ғана емес жануарлар, гүл шоқтары, киген киім арқылы уйге кіруі мүмкін. Қылқан жапырақты ағаш, өлі ағаш, жануарлар жүретін жол, жол бойындағы орман жолдары – кенелердің көптеп кездесетін жерлері. Әр бір кене кене энцефалиті вирусына жұқтырып алмайды, жұқтырғандар саны 3-5% құрайды, кене энцефалитін жұқтырып алу ушін бір кененің өзі жеткілікті. Адам денесінде кене шағып алған күйде уақыты ұзай берген сайын вирустың қанға енетін дозасы да күшейе түседі де аурушаңдыққа тез шалдығады, сондықтан да кененің шағып алуын болдырмауға тырысу қажет.
Кене вирусты жұқтырса өмірінің соңына дейін аурушаңдық көзі болып қала береді, сонысымен «бағалы», инфекцияның табиғи резервуары. Кене энцефалитімен барлық жастағы адамдар ауырады. Орманда және көктемгі мезгілде аурушаңдыққа шалдығу мүмкіндігі бар екен дейтіндер қателеседі. Аурушаңдықты жұқтырып алудың қауіпті кезеңі әрине көктем, жаз мезгілінің басы болғанмен жаз соңында кене шағып алуы да қауіпі да бар.
Клиникалық белгілер: 1 тәуліктен 30 күнге дейін ауытқулармен бірге орташа есеппен 7-14 күнге дейін инкубациялық кезеңді құрайды. Аурушаңдықтың жасырын кезең уақыты адамның иммунитетіне және ағзаға түскен вирустың дозасына байланысты. Ең біріншіден науқаста әлсіздік, мазасыздық, қалжырау байқалады. Кейін аурушаңдық күшейе түскенде қатты бас ауырып, дене қызуы 38-39° ке дейін көтеріліп, жүрек айнуы, лоқсу мазалап, жарыққа және қатты дыбысқа сезімтал болып келеді сондықтан да науқастың өзі-ақ аурушаңдықтың қай күні басталып, аяқталғаны туралы айтып беретіндігі де содан.
Бұлшық еттер ауырсынып, мойын, жұлын бел және жоғарғы қолдар ең қатты ауырсынатын жерлер болып табылады. Медициналық көмекке кеш жүгінген жағдайда парез және жоғарғы қолдардың параличі дамуы мүмкін.
Ауыр аурушаңдықтан өзіңді қалай сақтауға болады?
Денеге қадалған кенені өте мұқият алу керек, өйткені тұмсығы үзіліп, адамның денесінде қалуы мүмкін, қандай жағдай болмасын кенені қолмен сығуға болмайды.
Кененің тұмсығынан пинцетпен қысып немесе жақындатып жіпті байлап, ақырындап бұрап, кене жұлып алу қажет.Кененің шаққан орнын йод ерітіндісімен немесе іспіртпен зарарсыздандыру керек. Кенені алып тастағаннан соң, қолды сабындап жуу қажет. Кене шаққаннан бастап 3 күннен кешіктірмей жергілікті медициналық мекемеге міндетті түрде көмекке жүгіну қажет.
Кәсіби қызметі осы кене энцефалитінің табиғи ощақтарына тікелей байланысы бар мекеме жұмысшыларына жоғарыда аталған іс-шараларды қатаң қадағалау қажеттілігі ерекше маңызды.
Есте сақтаңыз ! Кез келген аурушаңдықты, аурушаңдыққа шалдығып ем іздегенше, аурушаңдықтың алдын-алу қажет.
М.Л.Дерябин, руководитель РГУ «Усть-Каменогорское ГУ охраны общественного здоровья ДООЗ ВКО КООЗ МЗ РК»