Полная версия сайта Каз

Портал управления здравоохранения Восточно-Казахстанской области

8(7232) 701-131

г.Усть-Каменогорск, пр.Ауэзова 26

Тік ішектің обыры20.03.2019ж.

Тік ішектің обыры

 

Тік ішектің обыры барлық қатерлі ісіктердің ішінде жиі кездесетін ауру, төртінші орында болады, еркектер мен әйел адамдар бірдей ауырады.

Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жылына бүкіл әлемде осы тік-тоқ ішек рагымен 500 000-дай адамдар ауырады. Ал Америкада тік ішек рагына жылына 145 000 диагноз қойылады, оның 93 пайызы 50 жастан асқан адамдар.

Ресейде тік ішек обырының өсуі 1995-2015 жж 30,6%, ал Қазақстанда 1994-2012жж 12,3% көбейіп отыр.

Тік, тоқ ішектерінің қатерлі ісігінің пайда болуына, қоршаған орта факторлары,тамақтың құрамының әсері бар. Бұл ауырудың көбеюіне әсіресе белогі, майы көп тамақтар,аз клетчаткалы тағамдар әсер етеді екен.Тоқ ішектің рагымен  ауырып қалуына әсер ететін фактор – алкогольді сулар, соның ішінде – сыра Бірақта, көбінесе, ішектің обыры пайда болып,оның қатерлі ісікке айналуына, ішектің полипы мен полипоздар көп әсер етеді. Бұл аурулар 10-50 пайызға дейін ракқа ауысып кетуі мүмкін. Ішектің созылмалы аурулары, жаралары, Крона ауруы, тағы басқалары қатерлі ісікке айналып кетуі мүмкін. Сол себепті осындай аурулармен ауыратын адамдар өте сақ жүруі керек, тексерілуі қажет.

Бас кезінде тік ішегінің обыры бірден білінбей пайда болып, өсуі мүмкін. Ол 15 айға дейін созылуы мүмкін. Бұл кезде адамдар үлкен дәретке барғанда, дәреттің толығымен шықпайтынынан жаман әсер алып жүреді. Бұл ауыруға тән әр -түрлі симптомдар кездеседі.

Олар мынандай:

Ауырулар жиі-жиі үлкен дәретке барады, бірақ дәрет шықпайды, аз-маз болуы, не болмаса жалқақ шығады., кейде сұйық дәрет шығады.

Тік ішегінің обыры әрқашан сыздап ауырады,ауру құйымшақ, сегізкөз жаққа берілуі мүмкін, кейде іштің төмен жағына беріледі. Науқас адамдар бара-бара әлсіреп, басы айналып, жүдейді, қаны азаяды.

Осындай белгілері бойынша бұл ауыруға да диагноз қоюға болады.

Ал дер кезінде тік ішектің қатерлі ісігі анықталса, оны емдеу де оңай, нәтижесі де жақсы болады.

Бұл ауыруларға диагноз қоюға, әр- түрлі медициналық тексеретін жолдар бар. Олар ректоромоноскопия арқылы ісікті көзбен көріп анализ алу. Бұған фиброколоноскопия да жатады.Бұл одан да жоғары,өте күрделі тексеру. Ол арқылы 100% дейін диагноз қойылады.

Онымен қатар рентгенмен-ирригоскопия-тік-тоқ ішекті тексеруі бар. УЗИ, КТ (компьютер.томографиясы) осыларды толықтырады.

Қорытындылап айтқанда, осындай ауырудың алғашқы белгілері пайда болса, жоғарғы дәрежелі дәрігерге хирург-онколог, проктологқа көрініп,толық тексеру өткен жөн. Бұл, ауруға дер кезінде анықтап диагноз қойып, дұрыс ем қолданып, жақсы нәтижелерге жетістіктерге жетуіне көп әсер етеді

 

Шығыс Қазахстан облыстық онкология диспансері хирург-онколог Құсайынов Е.Т.

Артқа