«Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне арналып жүргізілген іс-шаралар туралы»
ШҚО Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінде 2019 жылдың 1 наурызында Департамент басшысы Г.К.Сүлейменовтың төрағалығымен "балаларды вакцинациялауға: келісу және оған қарсы" тақырыбында өткізілген дөңгелек үстел отырысында: Ұлттық бағдарламаның «Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне (24 ақпан мен 24 наурыз аралығында) арналған «өзіңді туберкулезден қорға» концепциясының мәселелері қозғалды..
"Өзіңді туберкулезден Қорға!" Ұлттық бағдарламасының негізгі міндеті халықты туберкулездің жеке және қоғамдық алдын алу шаралары, туберкулездің алғашқы белгілері және туберкулезді жұқтырудың қауіптілігі мен ауыр зардаптары туралы хабардар ету, денсаулық үшін ортақ жауапкершілікті тәрбиелеу; өзін-өзі сақтау дағдысын қалыптастыру, профилактикалық тексеруден міндетті түрде өту қажеттілігін сезіну болып табылады.
Дөңгелек үстелде сөз алған карантиндік аса қауіпті инфекцияларды және туберкулезбен эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Х.Ж.Илюбаев облыстағы туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайға: 2018 жылы туберкулезбен ауыру 2,4% - ға, жасөспірімдер 30,7% - ға төмендеді; туберкулезден өлім-жітім 32% - ға төмендегенін, туберкулезбен ауыратындарға әлеуметтік көмек көрсетуге қаржыландыру 31,2% - ға өскендігін атап, қысқаша тоқталып өтті .
Баяндамашы, 2018 жылдың 26 қыркүйегінде Мемлекет және үкімет басшылары Біріккен Ұлттар Ұйымының туберкулезбен күрес жөніндегі декларациясын 2022 жылға дейін қабылдағандығын. Декларация туберкулезді жою үшін жаһандық инвестициялардың көлемін 13 миллиард долларға дейін жеткізуді, туберкулезден 40 миллион адамды, балаларды-3,5 миллион, туберкулездің дәрі-дәрмектерге тұрақты түрімен ауыратындардан -1,5 миллион адамды сауықтыруды көздейтіндігін айтты.
Қазіргі уақытта қоғамдық денсаулық сақтау департаменті, облыстық туберкулезге қарсы диспансер, БМСКО, СӨСҚО мамандары, аудандар мен қалаларда Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне арналған айлық аясында мектепке дейінгі балалар мекемелерінде, мектептерде, түрлі нысандарда, әлеуметтік желілерде туберкулездің алдын алу шаралары туралы белсенді санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізуде.
Дөңгелек үстел отырысы соңында "Өзіңді туберкулезден қорға"атты акция ұйымдастырылды.
ШҚО ҚДБД басшысының орынбасары Г. Ж. Тағаева